Басы » Жаңалықтар » Мектептерде ата-аналар комитетін құруға тыйым салу ұсынылды

Мектептерде ата-аналар комитетін құруға тыйым салу ұсынылды

Қазақстандағы мектептерде ата-аналар комитеттерінің орнына қамқорлық кеңестерін құрған тиімдірек. Бұл туралы еліміздің Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова мәлім етті.

«Жалпы, мектептерде оқушылардың ата-аналарынан құрылған ата-аналар комитеттеріне тыйым салып, оның орнына қамқорлық кеңестерін құру қажет», — деді ол бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы білім жәнен ғылым мәселелері жөніндегі сараптама тобының отырысында.

З.Байсақованың айтуынша, «қамқорлық кеңесіне мектепке де, ата-аналарға да қатысы жоқ адамдар қабылдануы тиіс».«Олар сырттан қаражат тартып, аталған оқу орнын дамытуға мүмкіндік жасайды, сол білім беру мекемелерінің қаражатты қалай пайдаланып жатқанын бақылап отырады», — деді ол. Сонымен қатар, З.Байсақова мектептер бюджетінің ашық еместігін атап өтті. Бүгінде мектептер «қаржылық сараптау тұрғысынан алғанда жабық мекеме» болып табылады, деді ол. Сайт ашу қажет. Онда мектептер бюджттен бөлінген қаражат пен қосымша қаражаттары туралы, олардың қайда жұмсалып жатқаны жайлы мәліметтерді жариялап отырар еді. Сонда біз ол қаражаттың қаншалықты қажеттігін біліп отырамыз», — деді З. Байсақова.

«Бүгінде мемлекет мектептерге орасан зор көлемде қаражат бөліп отыр. Мектептер тендерге бағынышты. Онда баға саясатына басымдық беріледі. Шынында, балаларға қатысты нәрсенің бәрін тендер жүйесінен шығаруымыз керек», — дейді Одақ жетекшісі.  Қазақстандық оқушылардың ата-аналары мектептердегі алым-салықтарға көп кезігеді. Ақша негізінен сыныптың ішін реттеуге, мерекелерді өткізуге және мұғалімдерге сыйлық жасауға жұмсалады, дейді мәжіліс депутаты Камал Бұрханов.

«Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 29%-ы мектептің қажетіне арнап тұрақты түрде ақша өткізіп отырады екен. 47 пайызы алым-салық проблемасына бірнеше рет жолыққан. Сонымен, ата-аналардың 76 пайызы жылына кем дегенде бір рет мектепке ақша өткізген», — деді ол бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы білім жәнен ғылым мәселелері жөніндегі сараптама тобының отырысында.

Депутаттың айтуынша, «ақша негізінен мектеп қорына, сыныпты әрлеуге, мерекелерді атап өтуге, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен мұғалімдерге сыйлық алуға жұмсалады». «Кейбіреулер тіпті, күзетшінің жалақысына деп ақша өткізген көрінеді», — деп қосты ол.Сонымен қатар, ата-аналар көп жағдайда «оқулықтарды мемлекет беретініне қарамастан, өз қаражатына сатып алады» дейді депутат.

Алым-салық мұғалімдер арасында да жоқ емес көрінеді. Мәселен, партияға мектеп басшыларының мұғалімдерді газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлейтіні жөнінде шағымдар келіп түскен.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *