Басы » Бастауыш сыныптар » «Көңілді күн» 1-сыныпты аяқтау

«Көңілді күн» 1-сыныпты аяқтау

janar1Абиева Жанар Себенгалиевна

Ақтау қаласындағы  «№13 орта мектеп гимназиясы»ММ-нің

жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімі

Сыныбы: 1″В»

Күні: 17.05.2014 ж.

Ертеңгілік тақырыбы:

«Көңілді күн»  1-сыныпты аяқтау

Жалпы мақсаты:

 Сыныптан тыс тәрбиелік шараларды топтық жұмыс түрінде өткізе отырып оқушылардың өз ойларын  сыныптастарымен бөлісіп, бірлесе ақылдасып,еркін,ашық жеткізе білуге бағыттау.Ата аналармен бірлесе отырып топта жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, пайдасын және жемістілігіне көз жеткізу.

Күтілетін нәтижелер:

Сабақ соңында қатысушылар:Оқу жылында қол жеткен жетістіктер мен білім сапасының қорытындысын көреді.

Ресурстар

/Керекті жабдықтар/

АКТ, әдістемелік құралдар, кестелер, суреттер,флипчарт,маркерлер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Қатысушының белсенді әрекеті

І.Ұйымдас-

   тыру

Оқушыларды  өздерінің аттары қандай түстермен жазылса, сонша   топқа бөлу.

Топ ережесін қайталау

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.Өз-өздерін реттейді.

Төрт топқа бөлініп тиісті түстерге байланысты парталарға жайғасып отырады.

II.Қызықты

кіріспе

Сыныпқа Мыстан әже келеді.

-Бұл не шу? Ығы жығы, басым айналып кетті ғой.(ұсынылған орындыққа отырады да мұғалімге қарап)

— Мына айқай шудың ортасында неғып жүрсің?Мыналардың бәріне басыңды қатырып,алтын уақытыңды босқа өткізіп жүргенің не? Бұлар ертеңгі күні сені танымай кетеді.Өздері оқып,біліп алғандай болады.Өзіңнің балаларың бар ма?

Мұғалім: Иә, бар.

Мыстан:Бұлармен жағаласқанша өз балаларыңа уақыт бөлсең қайтеді?

Мұғалім: Бұлар да менің балаларым, менің шәкірттерім ғой.

Мыстан: Шынымен ақ басың айналған екен қарағым.Өзіңнің балаң сені үлкейгенде бағады, тамағыңды пісіріп, ауырып қалсаң дәрісін беріп қасыңда жүреді.Ал мыналар сені ол кезде естеріне де алмайды,өздерінің әке шешелері тұрғанда.

Мұғалім:Менің шәкірттерім өз ата аналарын алақандарына салып ,әлпештеп бағып отыруға жараса, бұл менің де еңбегімнің жемісі ғой.Менің үйреткен тәлім тәрбиемнің, оқыған дәрісімнің зая кетпегені деп білемін.

Мыстан:Мұғалім 45 минут сөйлейді деген рас екен, басыңның пайдасын айтып едім не деп кеттің құдайым ау.

Мен мұнда неге келіп едім, иә иә менің Жезтырнақ деген қызымды көрдіңдер ме?

Барлығы:  Жоқ.

(Мыстан шығып кетеді.Кетіп бара жатып:Мына 700-800-баланың арасынан қызымды қалай табамын.

А-у-у Жезтырнақ деп айқайлайды)

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140608-WA0026.jpg

Сергіту сәті

Білімділер

бекеті.

1)

«Ана тілі аялдамасы»

Үзіліс туралы үзінділер

2)

«Математика аялдамасы»

Әуенді аялдама

«Ата аналар»

Тыңдаңыздар

Мұғалім: Жарайды ,балалар.Үлкен кісі шаршаған болар қызын тапқан соң көңілі жайланып үйлеріне қайтады.Ал біз билейміз.

(Биден соң Мыстан әжей қайтып келеді.Тамағы қарлығып, даусы шықпай қалған)

Мыстан:Әй мұғалім айқайлай айқайлай тамағым бітіп қалды.

Мұғалім:Сонша неге қатты айғайладыңыз?

Мыстан:Мына балаларды тынышталдырамын деп, араларынан қызымды таба алмай ақыры міне даусым шықпай қалды.Мына дәріні ішейін жақсы болып кетермін.(кішкене құтыдағы дәріні түгелдей ішіп қояды)

Мұғалім:Әже неге барлығын ішіп қойдыңыз, дәрігерден сұрадыңыз ба, қалай,қашан ішетінін?

Мыстан: Қалай оқимын дәрігердің жазғанын ,сауатым жоқ, әріп танымаймын.

Мұғалім:Қане, кім оқып көмектеседі әжейге?

Оқушы:Күніне  1шай қасықпен, тамақтан соң ішу керек.Ішу мерзімі 10 күн.

Мұғалім: Көрдіңіз бе, сауатсыздықтың соңы неге апаратынын.Балалар  әжейді медбикеге апаруға көмектесіңіз.(шығып кетеді)

Міне, балалар сауатсыздықтың, білімсіздіктің нәтижесін көрдіңіздер ғой

Ал біз сауаттанып 1-сыныпты аяқтап жатырмыз.Бүгін біз қаншалықты білімді,қаншалықты ақылды, сауатты екенімізді көрсетеміз.Бұған ата аналарымыз куә болсын.

Төрт топқа төрт түрлі тақырып бойынша тапсырма беремін.

«Менің сүйікті ақыным»

«Менің сүйікті кейіпкерім»

«Менің сүйікті жануарым»

«Жаныма жақын жыл мезгілі»

Әр топқа қосымша тапсырма сұрақтар беріледі:

1.Заттың атын, қимылын,іс әрекетін білдіретін сөздерге байланысты ережелер.Мысал келтір.

2.Фонетика туралы.Әріп,дыбыс,сөз, буын,тасымал ережелері.

3.Сөйлем туралы ережелер.Мысал келтіру.

4.Алфавит.Дауысты, дауыссыз дыбыстар.Жуан, жіңішке,қосарлы дауыстылар;қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар

2014-05-15-1860.jpg

Блиц сұрақтар:

  1. 17-14-тің айырмасын қол шапалақтарыңмен көрсетіңдер.

  2. 7 мысықта неше құйрық бар?

  3. 3 баланың қолында неше саусақ бар?

  4. Үш әжейде неше құлақ бар?

4 топқа  математикадан түрлі  тапсырмалар беріледі.

Үлестірмелерге жазылған тапсырмаларды таратамын.

1-топ тапсырмасы.

Есепті теңдеу құру арқылы шығар:

Ағашта 14 торғай отыр еді, бірнеше торғай ұшып кеткеннен кейін ағаш бұтағында 9 торғай қалды.Ағаштан неше торғай ұшып кетті?

2-топ тапсырмасы.

Ақанда-12

Думанда-9

Есепті толықтырып, шешуін тап.

(Сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін)

3-топ тапсырмасы.

Есепті шығар және кері есеп құрастыр.

Алма-8

Алмұрт-? 7-еуі артық

4-топ тапсырмасы

25 санының құрамын жазыңдар.

Геометриялық фигураларды атаңдар.

«Мектебімде үйретеді» әні

Ойын «Танып біл»

Қатысушы ата аналарға бірнеше сұрақтар қойылады?

Сыныпта неше оқушы бар?Неше ұл,неше қыз бар?

Жұма күнгі сабақ кестесін айтып беріңіз?

Мұғалімнен не күтесіз?

Сөздің жуан немесе жіңішке айтылуы неліктен?

Қандай бүтін ыдысқа су құюға болмайды?

Балаңызға қоятын ең басты талабыңыз?

Дайындайсың,дайындайсың бірақ жемейсің?

Басында шәпкесі бар ,бірақ аяқ киімі жоқ?

Ашуланғанда қолданатын ең қатал жазаңыз қандай?

Аптасына дене шынықтыру сабағы неше рет болады?C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140607-WA0020.jpg

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140608-WA0017.jpg

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият тыңдайды.

Әр топ постер қорғайды

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140602-WA0011.jpg

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140608-WA0009.jpg

Спикерлер жауап береді.

1-топ

Қоңырауды күтеміз асыға

Сыныптан шыға сап далаға

Алысып, жұлысып ойнаймыз

Жылаймыз, күлеміз тағы да.

2-топ

Терлейміз жүгіре- жүгіре

Шомылып шыққандай боламыз

Сыныпқа кіргенде мұғалім

Тып- тыныш отыра қаламыз.

3-топ

Жұлысып жатырған кім білмейсің? Тақтаны кім сызған білмейсің?

Шашынан тартатын қыздардың,

Жылатып қойған кім, білмейсің?

4-топ

Шіркін -ай ұзағырақ болмады ма?

Қараңдар «апай» келіп қалмады ма

Тағы да ойнай берсек қайтер еді

Үзілісті бес- он емес,15минут қылмады ма?

Үлестірмедегі есептерді топ ақылдаса отырып, талдап, шығарады.

1-топ

14-х=9

Х=5

2-топ

12-9=3

12+9=21

8+7=15 алмұрт

15-7=8 алма

Нүкте,сәуле,тік бұрыш,доғал бұрыш,сүйір,қисық сызық, бұрыш,түзу,кесінді,үшбұрыш,шаршы,тікбұрыш,дөңгелек,конус,цилиндр т.б.

25=20+5  25=19+6   25=18+7 т.с.с

Барлық топ мүшелері әнді орындайды.

Ойынға ата аналар , балалар қатыстырылады.

Ата аналар сауалнама толтырады.Сауалнама сұрақтары:

1.Топпен жұмыс жасау балаларға тиімді деп ойлайсыз ба?

2.Сыныптың белсенділігіне қандай баға берер едіңіз?

3.Бүгінгі сабақ бойынша мұғалімге айтар ұсыныс, пікіріңіз…

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140607-WA0018.jpg

(Бұл кезде оқушылар өздерінің аналарының суретін салып отырады,салған суреттерінің артына өздерінің есімдерін жазып,немесе басқаша бір белгімен көрсетіп қояды.Мұғалім жинап алып тақтаға іледі.)

Ата аналар балаларының салған,яғни өздерінің суреттерін тауып алу керек.

«Табиғат»

аялдамасы

(7-минут)

Соңғы

аялдама

«Сөзжұмбақ» шешу. Әрбір топқа дүниетану пәні бойынша тапсырмалар беріліп,сөзжұмбақты шешеді.

Сұрақтар негізі:табиғат, көлік,қоғам, сезім мүшелері,жыл мезгілдері,аңдар,құстар,жорғалаушылар, жәндіктер, өсімдіктер т.с.с

Ән. Көңілді күн

C:\Users\SAMSUNG\Desktop\СУРЕТ ЖУРНАЛ\IMG-20140607-WA0022.jpg

Әр топ бірлесе отырып тапсырманы орындайды.Қорытындысын, кілтін тауып айтады.

Рефлексия. Пікір ағашы.

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *