Басы » Бастауыш сыныптар » «Не тәтті?»

«Не тәтті?»

Абдрахманова Гульшат Дөкеновна

Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»
Сабақ мақсаты: Оқушылардың шешендер, шешендік сөздер туралы білімдерін жетілдіріп, ойлау, өздерінше пайымдауға баулу
, сөздік қорын байыту. Ананы қастерлеуге баулу
Көрнекіліктер суреттер,кима кағаздар,окулык
Әдісі әңгімелеу,салыстыру,ізденушілік.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру. Ынталандыру
1. Сәлеметсіздер ме, балалар. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер? (Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады
-Мен саған сабақта сәттілік тілеймін.)
II. Үй жұмысын тексеру.
Сұрақтарға-жауап

Сөзжұмбақ
Мақал-мәтел айтып ана туралы өз ойларын ортаға салу.

-Шешен деген сөзді естігенде кімдерді елестетесіңдер?
Тақтада үш бидің ескерткіші шығады.
3.Би-шешендер ел арасындағы дауларды шешіп, халық қамын ойлағандықтан ел есінде сақталған.
Сергіту сәті
III . Жаңа сабақ.
1.Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздеудің бір көрінісі ретінде аңыз болып қалған әңгіме «Не тәтті?» деп аталады.
— Балалар, сендердің ойларыңша
А) Дүниеде не тәтті?
Ә) Не қатты?
Б) Не жұмсақ?
Әр топқа тапсырма беріледі, ақ қағаздар таратылады, олар ойларын жазады.
— Жақсы, бәрің дұрыс айттыңдар. «Не тәтті?» аңызын тыңдап, таныс емес сөздерді түртіп отырыңдар.
2.Жаңа сөздермен жұмыс: Не тәтті?» аңызында кездесетін таныс емес сөздермен танысайық.
Жаңа сөздермен танысу
Қарсы кездескен, жұмсақ, мамық, өтіну, риза болу.
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрғызу. .
4. Рөлдерге бөліп мәтінді оқыту.
5.Әр топ келесі топқа аңыз бойынша сұрақтар құрады.
43-ЖАТТЫҒУ Мәнерлеп оқып көшіріп жазу.
6. «Кім жылдам, кім тапқыр?» Кестені толтыру.
Топтык тапсырмалар
Ата-ананың қадірі. Ой тоғау.
— Дұрыс, Жиренше осындай адамдарды жанына жинап, халыққа еңбек етуге, халық қамқоры болуға тәрбиеледі.
Ендеше, Дүниеде не тәтті, не қатты, не жұмсақ деген сауалдарға халық даналығының жауабы мынадай
Не тәтті-ананың сүті (ана сүті бала бойына қуат береді, өсіреді)
Не қатты-атаның жүрегі (әке шыдамды, отбасы ауыртпалығын көтеретін нағыз нар)
Не жұмсақ- ананың қолы (адам баласына ананың алақанынан бар жылулық дариды).
Қорытындылау.Мақал-мәтел арқылы
Бағалау
IV. Үй жұмысы: Жиренше туралы қосымша аңыздар оқып келу, мәтінді мазмұндау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *