Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы:
Жетпісбаева Арман Тасболатқызы
Өңірлік сабақ
Топ деңгейі: қарапайым
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салтын ұстанамыз.
Грамматикалық тақырып: Табыс септігі.
Мақсаты: Тыңдаушылардың сөздік қорларын молайту, салауатты өмір салтына байланысты жаңа сөздер үйрету. Табыс септігінің жасалу жолын түсіндіру, төл дыбыстарының айтылуын, жазылуын білу. Тыңдаушылардың диалог құру және грамматикалық білімдерін дұрыс қолдануын жетілдіру. Оларды салауатты өмір салтын қолдауға шақыру.
Сабақтың барысы: .I. Ұйымдастыру кезеңі (Амандасу)
Біз әдепті адамбыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме!-деп
Сәлемдесіп аламыз.
Танысу сәті (Оқытушы өзін, содан кейін 1-2 сөйлеммен тыңдаушылар өздерін таныстырады)
(жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен танысу)
II. Оқылым тапсырмаларын орындау.
III. Жаңа тақырып.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
V. Тыңдалым тапсырмалары.
VI. Сөйлесім тапсырмалары.
VII. Жазылым тапсырмалары.
1-тапсырма. Дыбыстарды ішіңізден қайталаңыз. Повторите звуки про себя.
Ә | І | Ы | Ұ | Һ | Ң |
Мысалы: әже, ілгіш, ыдыс, … .
Грамматика:
Қазақ тілінің төл дыбыстарын еске түсіру. Табыс септігі туралы түсіндіру.
2-тапсырма. Сөздерді оқыңыз, төл дыбыстарды табыңыз.
Жүгіру – бегать
Таңғы ауа – утренний воздух
Гүл егу – сажать цветы
Бақша өнімдерін өсіру – выращивать садовые культуры
Дене қимылы – физическое движение
Адам ағзасына – человеческому организму
Пайдалы – полезно
Аз ұйықтау – спать мало
Көп қимылдау – много двигаться
Тыңдалым:
3-тапсырма. № 40 тыңдалым. Сөздерді жеке-жеке тыңдатып, сөйлем не сөз тіркестерін құраңыз.(қарапайым деңгей). Прослушайте слова по отдельности и составьте словосочетания или же предложения.
Оқылым
4-тапсырма. Оқыңыз. Бірінші қатардағы тыңдаушылар төл дыбыстарды табыңыздар. Екінші қатардағы тыңдаушылар жаңа сөздерді табыңыздар. Прочитайте. Слушатели первого ряда находите специфические звуки, а второго ряда новые слова.
Мен бос уақытымда спортпен айналысқанды ұнатамын. Таңертең ерте тұрып, жүгіремін. Таңғы ауа адам ағзасына пайдалы. Көктемде гүл егу немесе бақша өнімдерін өсірумен айналысам, қыста тауда шаңғы тебемін. Мұндай дене қимылы адамды шаршамауға тәрбиелейді. Кітап оқимын,музыка тыңдаймын. Аз ұйықтап, көп қимылдаймын.
Сөйлесім
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы.
- Сіз салауатты өмір салтын қолдайсыз ба?
- Қандай спорт түрімен айналысасыз?
- Денің сау болу үшін не істеу керек?
Сергіту сәті:
(Ортаға тыңдаушыларды бірінің артынан бірін тұрғызып, бой жазып аламыз. Тақтаға орамжапырақтың, сәбіздің, пияздың суреттері ілінеді. Ойынның шарты бойынша тыңдаушылар айтқанды орындап отыру керек. Бірінші орамжапырақты алып, тураймыз. Содан кейін сәбізді де тураймыз. Соңында пиязды да тураймыз. Тыңдаушы алдында тұрған адамның арқасына турағандай болып, оң қолының қырымен ұрғылайды. Содан кейін барлығын араластырамыз, тұз, бұрыш қосып, тағы да араластырамыз. Осылайша денсаулыққа пайдалы салат жасалады. Дұрыс тамақтану да салауатты өмір салтын ұстануға жатады).
6-тапсырма. Жұптық жұмыс. Тірек сөздерді қолданып, сөйлесіңіздер. (Тақтаға 2 адам шығарып, сөйлестіру). Работа в паре. Поговорите друг с другом, используя опроные слова.
Тауға шығу, теледиар көру, музыка тыңдау, шаңғы тебу, коньки тебу, кітап оқу, кинотеатрға бару, ән салу, билеу.
Үлгі: — Сәлем, Айнұр!
— Сәлем, Жандос!
— Демалыста қайда боласың?
— Демалыс күні достарыммен тауға шығамын.
Жазылым:
7-тапсырма. Түсіп қалған төл дыбыстарды табыңыз. Найдите недостоющий специфический звук.
Мысалы: Мен спортпен ш…ғылданамын – (ұ).
- Адамдар д…рыс тамақтану керек.
- Денсаулы… – зор байлы… .
- Тазалы… – денсаулы… кеп…л… .