№3 мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі
Зейдалиева Сабира Ермағанбетқызы
1.Сабақтың тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйренеді.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс. 4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен параметрлері туралы біледі.
Түсіну: Жер қозғалыстарының қалай жүретінін және ол қозғалыстардың ғаламшар табиғатына қалай әсер ететінін түсінеді. Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен сағаттық белдеулер арасындағы байланысын және жергілікті уақыт пен белдеулік уақыт арасында қандай айырма бар екенін анықтай алады. Талдау: Жер шарындағы жылу белдеулерін қандай белгілеріне қарап ажыратылатынын карта бойынша талдай алады. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек. 6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт |
Бөлім |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушылар іс-әрекеті |
5 мин |
Кіріспе |
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі |
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
|
10 мин |
Тұсаукеср | 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, Жердің өлшемдерін дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі. | 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады. |
25 мин |
Негізгі бөлім
|
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң Топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні, қозғалыстары, сағаттық және жылу белдеулері тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды.
2. Номенклатура: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды |
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды. Мысалы: Сфероид, Геоид Магнит-тік полюс, Афелий, Перигелий Кориолис күші т.б. |
5 мин |
Қорытынды |
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі. 1) А деңгей:§1 оқу 2) В деңгей: Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау. 3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын және де Астана, Мәскеу, Лондон, Владивосток қалаларымен уақыт айырмашылығын анықтау. |
1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар кері байланыс жасайды Не ұнады:…………………………………….. Не қиын болды: ………………………….. Тілегім: ……………………………..………… |