Жомарт күз

kuzШайым Бағыбергенова

1 бастаушы: Армысыздар балалар және қонақтар!

Міне, көңілді жаз бітіп, қоңыр күз де келіп жетті.

2 бастаушы: Бүкіл адамзат, бүкіл жан-жануар, тіпті табиғат бұл мезгілде

әрекетсіз тыныш жатпайды. Бүгінгі әніміз де биімізде осы  жомарт күзге арналады.

Ән: «Жомарт күз»

Күз ханшайымы келеді:  Сәлем,Сәлем балалар!

Сіздер мен жайлы әдемі ән салып жатыр

екенсіңдер. Күз айын қарсы алуға

дайынсыңдарма? Күз айында күн суытып, жаңбыр

жиі жауып, күн бұзылады, бірақ менің адамзатқа

берер сыйым өте көп.Ендеше күз мерекесін  тойлайық.

    1бала:    Күзде, жауын, бұлт тұман.     

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқан

Сыпырады ауаны

   2бала:           Топталады табанға

                       Судыр-судыр жапырақ

Енді сары бояуға

Малынғандай атырап

 3бала:              Қамба толы астыққа

                         Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз!

4бала:            Жемісі көп не деген

                         Жеп тауыса алмайсын

Өрік шие, балы бар.

Қарбыз, қауын көбейді

Жегің келсе бәрін ал

Неге аласың демейді

5бала:              Жемісті мол теретін

                          Күз дос екекн бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

6 бала:            Самал қозғап қалғанда

Үзіледі сары алма

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап сары

7бала:             Сары жапырақ төгілген

                        Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен

 

 

Күз ханшайымы: Балалар сіздерге менің жасыратын жұмбақ сыйым бар,

соның шешуін таба аласыздар ма екен? Ендеше мұқият

тыңдайық.

Жұмбақ: Өз қалпағы жасыннан, тастамйды басынан. (Саңырауқұлақ)

Саңырауқұлақ қыз кіреді: Саламатсыздар ма, балалар! Менің достарым

қайда? Күз мезгілінде алқапты саңырауқұлақ қаптап кетуші еді, кәне ортаға    шығыңдар әдемі биімізді билейік.

Би: «Саңырауқұлақтар биі»

Саңырауқұлақ қыз: Мен мынадай ойын ала келдім. Күз мезгілінде жауын  

жиі жауады, біз су етік киеміз.

Ойын: «Етікпен секіру»

Күз ханшайымы: Рахмет саған Саңырауқұлақ, сенің ойының ұнады бізге.

Сәндетіп келер киімін

Бері кел ақ тиінім

Аю келсін қорбаңдап

Кірпі келсін жорғалап

Ақ, сұр, қара қояндар

Бірің қалып қоймаңдар!

(Аталған аңдар бір-бірлеп ортаға шығады)

Аю:               Күз ханшайымы, армысыз

Аман есен бармысыз

Ызғарлы қыс жақын деп

Әбігер боп жатыр ек.

Күз ханшайымы: Суық қыстан аңдарым

Қалалар ма екен жандарың?

Білемісің аямас

Қыстың қатал заңдарын.

Аю:                   Алаңдама күз ханша

Қатал дейсің қыс қанша?

Үйім дайын ұйықтаймын

Келер көктем шыққанша

Кірпі:               Суық күннен жиреніп

Мен де жылы үйге ендім

Жан сақтаудың амалын

Мен аюдан үйрендім

Тиін:                Бос өткізбей жаз күнің

Жидым небір ас түрін

Қоян жүрді секеңдеп

Қыс болмайды екен деп

Тиін:                Қыста сылқым төреміз

Қайтер екен көреміз!

Қоян:               Бай емеспін қалтам тоқ

Азық жинап алғам жоқ

Сұрын шешіп, тек қана

Ақ тон кисем арман жоқ!

Қоян:              Іздеп жүрмін жоғымды

Көрдің бе ақ тонымды?

Қыста жүрсем сұп сұры боп

Қасқыр тілер жонымды.

Күз ханша:    Тауып берем қорықпа

Қасқырға тек жолықпа

Еңбекпенен алайда

Дос болып жүр жарай ма?

Ән: «Күз келгенде»

Мирас:                                                    Думан:

Сарғайды тоғай                         Алтын, Сары, Қызыл көк

Сап сары маңай                         Алуан алуан жапырақ

Соңғы әнін айтып                     Күзгі бақта күлімдеп

Құс кетті қайтып                       Көз тартады атырап

К Әлихан:                                            Ернұр:

Күз болғанда                              Алақай! Алақай!

Алма, алмұрт піседі                  Шаттанды балақай

Жапырақтар сарғайып              Күз түсті

Сылдыр сылдыр түседі.            Береке салты күз

Мереке алтын күз

А Абылай:                                         Мәди:

Дәнге толы қызыл қырман       Қалмасын деп суыққа

Қырман басы қызыл думан      Егін жинап жүр ауыл

Мөлдіретіп жүзімдерін             Білім жианп бақшады

Келді алтын күзім менің           Біз отырмыз топтала

Қуаныш:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Ән: «Күз келгенде»

Ажар: Тазартайық тиіннің

Ұясының жан-жағын

Жинап теріп берейік

Саңырауқұлақ, жаңғағын

Ойын: «Жаңғақ теру»

Диас: Қайда Аю, Кірпілер? Мұнда келсін

Дөңгеленіп билеген биді көрсін

Ұйықтағанда түсінде сап-сары боп

Сағынышқа айналған күзді көрсін!

Күз ханшайымы:  Ылғал етіп ауасын

Жаңбыр жиі жауады

Алда алыс жол жатыр

Таратайын қол шатыр!

Би: «Қолшатыр биі»

Ән: «Көңілді жаңбыр»

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *