Шайым Бағыбергенова
Білім беру саласы: Шығармашылық
ҰОІӘ барысы: Жапсыру
Тақырыбы: «Моншактар тізбегі»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.. Геометриялық пішіндер арқылы моншақтар тізбегін жасап, жапсыруға деген қызығушылықтарын арттыру.Таза, ұқыпты жапсыруға үйрету.
Көрнекі құралдар: Зергерлік әшекей бұйымдар: Сырғалар, сақиналар, білезіктер және моншақтар түрлі түсті.
Ұоіә барысы: Кәне балалар сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.
Б: дөңгелене тұрып шаттық шеңберін айтады.
Т: Ендеше кәне орнымызға отырайық.
— Кәзір қандай мезгіл?Табиғатта айналамызда қандай өзгерістер болып жатыр?
— Күз мезгілінің неше айы бар?
Б: — Күз мезгіл
— Ағаштардың жапырақтары түсіп жатыр. Құстар жылы жаққа қарай ұшып кетті. Адамдар жылы киімдерін киеді
— Күз мезгілінің үш айы бар Қыркүйек,Қазан,Қараша.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар өте жақсы. Балалар қараңдаршы мен сендерге әшекей бұйымдардан көрме жасап қойдым. Мұнда сырға, сақина, білезіктер мен моншақтар бар. Бұл әшекей бұйымдарды мамаларымыз бен әпкелеріміз, қыздарымыз әдемілік үшін, сәндік үшін тағады. Мына моншаққа қараңдаршы балалар түстері әр түрлі пішіндерден жасалынған. Айта қойыңдаршы қандай пішіннен жасалынған? Түстері қандай?
Балалар:Моншақтың пішіндері үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш, дөңгелек. Түстері:Қызыл,Жасыл,Көк,Сары.
Тәрбиеші:Өте жақсы.Мына моншақ сендерге ұнадыма? Ендеше осы моншақты біз де жасай аламыз балалар ол үшін біз бірнеше ойындардан құралған тапсырмаларды орындауымыз керек. Сол ойындарды жақсы орындасаңдар мен сердерді мына тізбек жіпке пішіндерді жапсырып бағалап отырамын жарайды ма.
Балалар: Моншақ ұнады.
Тәрбиеші: Ендеше ойын тапсырмаларды мұқият тыңдаңдар!
1) ойын: «Сиқырлы дорба»
2) ойын: «Ұя жасау»
3) ойын: «Төлдерін тап»
Балалар: 1) ойында Асылайым, Алижан, Айзада сиқырлы дорға қолдарын салып ішінен ойыншықта алады да сол алынған ойыншықты сипаттайды. Түсін, пішінін, көлемін толық айтып береді.
2) ойында Аружан, Жарқынай, Нұрбек геометриялық пішіндерден құстың ұясын құрастырып жасайды.
3) ойында Ерсұлтан, Олжас, Жанель үй жануарларының төлдерін тауып атын атап орналастырады.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар! Қараңдаршы мен сендерді әр пішіндер арқылы бағалап бір тізбекке жинадым енді не шықты?
Балалар: Түрлі түсті моншақ шықты.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар моншақ шықты сендер де осындай пішіндерден әдемі моншақ жасағыларың келе ме?
Балалар: Я жасағымыз келеді.
Тәрбиеші: Моншақ жасамас бұрын біз денемізді сергітіп алайық.
Балалар: Сергіту жасайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әдемі моншақ жапсыру үшін барлығымыз партамызға жақындап отырайық.
Балалар: Парталарына жақындап отырып, Тәрбиеші айтып, көрсеткен үлгі бойынша соған қарап моншақты жапсырады.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар жарайсыңдар! Ұқыпты әдемі жапсырдыңдар кәне бәріміз достарымызға және келген қонақтарымызға көрсетейік.
Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып қоштасайық. Сауболыңыздар!
[bws_related_posts]