Басы » Бастауыш сыныптар » Мәдіхат Төреханов «Бұлбұлдың әні»

Мәдіхат Төреханов «Бұлбұлдың әні»

gulsimБайгужина Гульсим Алпысбаевна

Атырау қаласы

үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған

№ 30 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мәдіхат Төреханов:  «Бұлбұлдың әні»

 

Жалпы мақсаты Білімділігі:Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдету.

Дамытушылығы: Тіл байлығын, сөздік қорын, көркем, сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

 

Сабақ әдісі топтастыру, сұрақ-жауап әңгімелеу, жұппен жұмыс, «Ортада қаламсап» cтратегиясы, бір айналым әңгіме стратегиясы.

 

Сабақ көрнекілігі: суреттер, портреттер, үнтаспа, слайд  ,интерактивті тақта, стикерлер

 

Сабақ түрі: аралас

 

Жаттығулар  

  1. 1.     Ұйымдастыру
  2. 2.     Қызығушылығын ояту
  3. 3.     Мағынаны тану
  4. 4.     Өткен сабақты қайталау
  5. 5.      Топтастыру
  6. 6.     Сәйкестендіру.
  7. 7.      Жаңа сабақ
  8. 8.     Сергіту сәті
  9. 9.     Топпен жұмыс
  10. «Ортада қаламсап» cтратегиясы
  11. Ой қозғау. Қорытынды
  12. Үй тапсырмасы
  13. Бағалау

 

Ұйымдастыру

 

Оқушылармен сәлемдесіп,

түгендеу.

Оқушылар сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.

 

Оқулық, қалам

 

Қызығушылығын ояту

 

— Жер дүниеге күш қуат беретін не нәрсе?

— Күннің көзі.

— Олай болса. Күнмен амандасайық!

Мағынаны тану

 

Масатыдай құлпырып, бақыт пен қуанышын қатар арқалап, көптен күткен көктем де келіп жетті. Өлкенің кең байтақ, төсі жасыл желек шөптерге, хош иісі аңқыған гүлдерге толыпты. Күн Жерге мейірлене қарайды. Алыстан қаңқыл қаздардың даусы естіледі.

—                     Қай жыл  мезгілі туралы айтылған?

—                     Көктем

—                     Көктеммен бірге жағаласып шығатын қандай гүлдер бар.

Қызғалдақ, жауқазын, бәйшешек (топқа бөлу)

Үш топқа сұрақ:  

Көктемде болатын өзгерістер

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Көктем туралы кімнің қандай өлеңдерімен таныстық?

І. А.Құнанбаев «Жазғытұры»

ІІ. І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
ІІІ. Қ. Мұқышев «Көктем»

 

Өткен сабақты қайталау
  1. 1.     Б. Майлин туралы айту.
  2. 2.     Өлеңді жатқа айту
  3. 3.     «Бір айналым әңгіме» стратегиясы

І топ. Жаңбырдын қандай түрлері бар? Жаңбыр қандай бұлттардан жауады?

ІІ топ. Жаңбырдан бізді не қорғайды? Жаңбырдың пайдасы.

ІІІ топ. Жаңбыр жауған кездегі гүлдің, шөптің сезімін бейнелеп бер. Суретін сал.

Жаңбыр жауғаннан кейін нелердің даусы шығады?

Құстар нешеге бөлінеді?

 

Топтастыру

     Үй құстары

 

 

Дала құстары

 

 

Жыртқыш   құстар

 

 

Сәйкестендіру Қаз                          шырылдайды

Бозторғай               қаңқылдайды

Сауысқан               шақырады

Әтеш                      саңқылдайды

Қарға                     тыраулайды

Тырна                    сайрайды

Бұлбұл                  қарқылдайды

 

  Үнтаспадан бұлбұлдың үніні тыңдату.

 

Жаңа сабақ
  1. Автор туралы
  2. Бұлбұл құс туралы
  3. Оқулықпен жұмыс

а) Түсіндіру

ә) Іштей оқу

б) Рөлге бөліп оқыту

в) Сұрақ – жауап

г) Жоспар құру

 

Сергіту сәті Саз ырғағымен  би қимылдарын жасау

 

Топпен жұмыс І топ. Досы бұлбұлды неге танымады?

ІІ топ. Әбдешке мінездеме бер.

ІІІ топ. Бұлбұлға сипаттама бер.

 

«Ортада қаламсап» cтратегиясы

 

Сөз тікестері арқылы эссе жазу. Арайлап атқан таң, айдын көп, көркем тоғай, әсем табиғат, гүлдердің хош иісі, самал жел, сайраған құстар.
Ой қозғау Қорытынды

 

—         Табиғатты аялау деген не?

—         Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?

Үй тапсырмасы Бұлбұл туралы дерек жинау,мәтінді әңгімелеу

 

Бағалау «5» бағасы —  12 оқушы ,  «4» бағасы    -6 оқушы
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *