Басы » Тарих » ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
Бозаанбай ауылы
Нұршат Сағидолла қызы
тарих пәнінің мұғалімі

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

    I.Ұйымдастыру

оқушыларды түгендеу, сабақа дайындықтарын тексеру.

    II. Үй тапсырмасы

Тақырып: Әл – Фараби шығыстың ғұлама ғалымы.

 Ой –ашар.

1) Шығыстың ортағасырлық қандай ойшыл ғалымдарын білесіңдер?                                                                                              2)Өткен сабақта осы ғалымдардың ішіндегі қай ғалыммен таныс болып едік?

1.Әл-Фараби кім?

2. Әл-Фарабидің толық аты.

3. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?

4. Әл-Фараби қандай тілдерді меңгерген?

5. Әл-Фараби ғылымның қай салаларына қандай жаңалық қосты?

6. Әл-Фараби өмірінің соңғы сәттерін қай аймақта өткізді?

7. Неліктен Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?

8. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?

9.Әл-Фарабидің әкесі кім болған?

10.Әл-Фарабимен қатар шыққан қандай ғалымдарды білесің?

11.Әл-Фараби қай елдерде білім алған?

 2.Үй жұмысын қорытындалау.                                                                       

Үй тапсырмасын бекіту тест тапсырмасы                                                   

1. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген ?

А) Отырар

Ә) Испиджаб

Б)Тараз

В) Йасы

2. Әл-Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?

А) Парсы

Ә) Латын

Б) Қытай

В) Көне грек

3. Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан қанша іргелі еңбектер жазып қалдырды?

А) 100-ге жуық

Ә) 120-ге жуық

Б) 50 –ге жуық

В) 150-ге жуық

4. Әл-Фарабидің әкесінің аты.

А) Ұзлағ

Ә) Қорқыт

Б) Махмуд

В) Мұхамед

5. « Құт негізі – білік» (« Құтадғу білік») атты еңбегін қай ғұлама жазған ?

А) Махмуд Қашқари

Ә) Әл-Фараби

Б) Жүсіп Баласағұн

В) Қожа Ахмет Йасауи

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақырып: Ортағасырлық Қазақстандағы қалалар.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

А)білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

    Б)дамытушылық: Оқушыларды жаңа сабаққа жан-жақты қатыстыра отырып, логикалық ой-өрісін дамыту.

   С) тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін, қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Мәдени мұраларымызды қорғауға тәрбиелеу.

                            Жоспары:

1. Қалалардың пайда болуы

2. Қала бөліктері мен олардың қызметі

3. Қазақстан қалаларының орналасуы

Ауызша баяндау: Археологиялық зерттеулер ХІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып, өркендегенін көрсетеді Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты. Бұл қалалар басында кіші елді мекен ретінде салынып, кейіннен ұлғайды. Қазақстан аумағында қалалар осыдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен. Ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөліктен тұрған.

1.Цитадель 2. Шахристан 3. Рабаттан тұрған.

Цитадельде – патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орналасқан.

Шахристанды – қызметкерлер мекендеді, яғни кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері мекендеді. Қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатты.

Рабатта – екінші халық, қала дуалының сыртында орналасты.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашоқы, Қойлық, Екіоғыз, Сауран, Тараз, т.б Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде болып, оның өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалада сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың табыс көзі еді. Мысалы: Отырарды көпшілікке арналған монша болған. Моншаның едені кірпіш тақталармен төселген, моншаны жылыту үшін еденнің астынан жылу өткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген. Иассы- қазіргі Түркістан қаласы.

Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан.

Түркістан –«түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі орналасқан.

Сығанақ- Сырдария өзенінің бойында орналасқан қала.

Ежелгі Тараз – Ұлы Жібек жолын жалғап жататын тұрақты дипломатиялық және сауда-саттық қарым-қатынас жасалатын күре тамыры болып табылады. Ол алуан түрлі мәдениеттер мен халықтарды бір-бірімен байланыстырып, сонау ежелгі заманнан бері идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретінде қызмет етіп келеді. Тараз – Қазақстанның ортағасырлық қалаларының ішіндегі ең белгілісі, ең көнесі. ҮІІ ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалаға айналып, осы кезден бастап ол кеңінен мәлім болады. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның елшісі Земархтың түркі қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейін, бір ғасыр өткен соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань Цзянь  юаньның батысында (Долос) қаласы орналасқан, қаланың аумағы 8-9 шаршы шақырым онда әр елдің саудагерлері мен соғдылар тұрады», деп жазады. ІХ-Х ғасырда Тараз қаласының сауда жолы бойына, егіншілікке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күміс кеңдеріне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне өз септігін тигізді. Х ғасырдың жазба деректерінде  Әл – Макдиси  Тараз қаласын былайша суреттейді: «Тараз – бекіністі үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Қақпа алдынан өзен ағып жатады, ар жағында қаланың бір бөлігі орналасқан, оған өтетін жол бар. Ал, базардың нақ ортасындағы мешіті көрініп тұрады» Тараз – Түргеш, Қарлық онан кейін Қарахан мемлекеттерінің орталығы болып, өзінің  ақшаларын  шығарған. Қарахан әулеті билеген тұста, ол осы алпауыт мемлеккеттің астанасы болған. Тап сол кезеңде Тараз түрленіп, гүлденіп, қаланың құрымдылық жүйесі, көше жолдары қала стиліндегі бедерлі, сән-сәулетке ие болды. Тараз қаласының орнын тұңғыш рет ғалым Ә.Х.Марғұлан француз ғалымдары А.Ромоди, Шааванье Де Грата, академик В.В Бартольд еңбектеріне сүйене отырып, көне қала екенін дәлелдейді. Қала 1856 жылы – Әулие ата, 1936 жылы – Мирзоян, 1938 – Жамбыл есімін иеленген. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен ежелгі аты қайтарылып «Тараз» аталады.

Сауран  – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.Биіктігі 6м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500м мәдени қабатының биіктігі 2м. ауран. туралы алғашқы деректер 10 ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде  Сауран  Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында « Сауран  жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда  Сауран  туралы деректер кездеспейді. 13 ғасырдың орта шенінде  Сауран  Ақ Орданың астанасы болды. 14 ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16 ғасырда  Сауран  мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған.  Сауран  17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында әлсіреп, 19 ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде  Сауран  қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.

Бектөбе қалашығы қазіргі Тараз қаласының батысында 12км жерде, қазіргі Бектөбе ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. 1936 жылы А.Н.Бернштам  Тараз қаласынан14 кмбатыста орналасқан «Бектепе» атауымен аталатын қалашықта бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл төбенін, «Джувикет» қалажұртының орны екендігіне тоқталады. Бұл туралы А.Н.Бернштамның «Памятники старины Таласской долины» атты еңбегінде баяндалған. Бектөбе қалашығын 1938 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі мен ММТИ-дің Жетісу археологиялық экспедициясы ашып зерттеген 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1989 жылы Тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (К.М.Байпақов), 2000 жылы ҚР ҒА Археология институтының тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы зерттеген (К.М.Байпақов, Д.А.Лобас)

№ тапсырма.  Орта ғасырлық қалалар туралы білгем және білгім келеді кестесін толтыру

 

Білгем Білгім келеді

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы:  параграф 25 оқу, сұрақтар мен тапсырмасны қарастыру, кескін картаға түсіру.

 

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *