Басы » Cыныптан тыс » ЖҮЙРІК БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР

ЖҮЙРІК БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР

zh«Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийі, тәрбие-оқыту бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Қасымқызы Утебердиеваның мемлекеттік тілдің деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын

«ЖҮЙРІК БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» сайысы

        Мақсаты: Жоғарғы сынып балаларымен сайысты ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдің деңгейін одан ары  арттыру. Балалардың сөздік қорын кеңейте дамыту, еске түсіру, ойлау қабілеттерін арттыру. Мемлекеттік тілге, еліне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

I – КЕЗЕҢ «БӘЙГЕ»

  1. Қазақтың тұңғыш педагог –жазушысы (Ыбырай Алтынсарин)
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Аубакиров)
  3. Қазақтың атақты балуаны (Хаджымұқан)
  4. «Ғылым таппай мақтанба» (Абай Құнанбаев)
  5. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті (Н.Ә.Назарбаев 1991 жылдан)
  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
  7. Қазақтың салт – дәстүрлері (балаға ат қою, шілдехана, бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар, сүндет той)
  8. Қазақтың ұлттық ойындары (алтыбақан, ақсүйек, бестас, тоғызқұмалақ)
  9. Қазақтың ұлттық тағамдары
  10.  Қазақтың үй жиһаздары (сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал, төсек, жастық ағаш, қолсандық, шайсандық, қобдишалар, кілем, текемет, алаша, сырмақ, құрақ көрпе, жержастық, қоржын және т.б.)
  11. Қазақтың зергерлік бұйымдары (алқа, сырға, шолпы, білезік, жүзік, сақина)
  12.  Қазақтың жеті қазынасы (қазан, ат, ит, бүркіт, мылтық, диірмен, кітап)
  13. Қазақтың үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
  14. Қазақстанның таулары (Алатау, Алтай, Ұлытау, Қаратау, Тарбағатай)
  15. Қазақстан табиғат ғажайыптары немесе керемет жерлері (Әнші құм, Шарын, Жұмбақтас, Оқжетпес, Маңғыстау)
  16. Қазақстанның өзен –көлдері (Бурабай көлдері, Есіл, Іле, Балқаш, Ертіс, Зайсан, Жайық, Сырдария, Теңіз көлі, Алакөл)
  17. Қазақстанның өсімдіктері (қамыс, таушешекүштүсті шегіргүл, ақ тұңғиық, дүңгіршек, атпақияр, қырыққұмалақ, күймесгүл, тораңғы, арша)
  18. Қазақстан құстары (шырша қайшыауызы, самыркеш, қоқиқаз, аққу, үкі, құр,ұлар,  балықшы тұйғын)
  19. Қазақстан жануарлары (Барыс, қоңыр аю, бұлан, ақбөкен, борсық, құндыз, қарақұйрық, құдыр,аққалақ, құлақты бат-бат)
  20. Қазақстанның танымал спортшылары (Әмин Тұяқов-жеңіл атлетика, Александр Парыгин-бессайыс, Владимир Смирнов-шаңғы тебу, Владимир Вохмянин-тапаншамен ату, Дәулет Тұрлыханов –грек, римдік күрес, Анатолий Храпатый-ауыр атлетика, Владимир Тихоненко-баскетбол, Нелли Ким–спорттық гимнастика, Серік Қонақбаев –бокс, Борис Александров –шайбалы хоккей)
  21. Қазақтың билері: (Майқы би, Төле би – ұлы жүз, Қазыбек би -орта жүз, Әйтеке би –кіші жүз)
  22. Ұлттық ою-өрнектер (космогондық, зооморфтық, өсімдікті, геометриялық) Оюлар- қошқар мүйіз, арқар мүйіз, Өрнектер-айшық гүл, шыққан күн, үшкіл.
  23. Қазақтың күйшілері (Қорқыт-IX ғасыр, Тәттімбет-1815-1860, Ықылас Дүкенұлы-1843-1916, Құрманғазы Сағырбайұлы-1818-1889, Дина Нұрпейісова -1861-1955, Кенен Әзірбаев -1884-1976, Ахмет Жұбанов 1906-1968, Әбікен Хасенов -1895-1958, Нұрғиса Тілендиев- 1925-1998, Темірбек Ахметов-1919-1952)
  24. Тарихи ғажайыптар (Алтын адам 1969-70 жылдары Есік қорғанынан табылған, Қарғалы кеніші -1939жылы Қарғалы сайынан, Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы, Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы елді мекеннен)
  25. Қазақстанның төл мерекелері (1995ж 30.08-Конституция күні, Наурыз,Халықаралық әйелдер күні, 1961ж12.04 –Бүкіл әлемдік ғарышкерлер күні, Халықаралық ынтымақтастық күні, Тәуелсіздік күні1991ж,

 

Барлық дұрыс жауап берген балаларға 5 баға беріліп, соңында жинаған ұпайларын санайды, жауап бермеген балалар сайыстан шығады.

 

II – КЕЗЕҢ «ШЕШЕНДІК»

Қазақтың мақал- мәтелдерінің бас жағын оқылады, қатысушылар аяқ жағын аяқтау керек.

  1. Ержігіт елі үшін туады, (елі үшін өледі)
  2. Күш білімде, (білім кітапта)
  3. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)
  4. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)
  5. Батыр туса ел ырысы, (жаңбыр жауса, жер ырысы)
  6. Не ексең, (соны орасың)
  7. Адам досымен мықты, (ағаш тамырымен мықты)
  8. Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)
  9. Жеті рет пішіп, (бір рет кеседі)
  10. Көз қорқақ, (қол батыр)
  11. Біреуге ор қазба, (өзің түсесің)
  12. Отан – (оттан да ыстық)

 

Мақал- мәтелді дұрыс аяқтағандарға 10 ұпай беріледі және мүлдем жауап бермеген қатысушылар шығады.

 

 

III –КЕЗЕҢ «СИҚЫРЛЫ САНДАР»

10,20,30,40,50 сандары екі түрлі түспен қойылады, санның артына әр мәннен сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берсе сол санды ұпайға ие болады.

1-ҚАТАР

10 – Қазақ тілінде зат есімнің неше жалғауы бар? Қандай?

(4 жалғауы бар)

20- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата.

30- Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.

40- Тіл туралы заң қашан шықты? (1997 жылы 11 шілде)

Тіл туралы бап-нешінші бап? (7 –бап)

50– Қазақстан Республикасында Тұңғыш президент күні мейрамы қай    күні аталып өтеді, және қай жылдан бері? (1-желтоқсан  2012жыл)

2 – қатар

10- Қазақ тілінде неше шақ, неше жақ бар?

20- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің авторларын ата. (ту: суретші –Шәкен Ниязбеков

елтаңба: сәулетшілер Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков

гимн: әні Шәмші Қалдаяқов, сөзі-Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев)

30- Алматы қаласы қай жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды? (1929-1998 жылдар аралығында)

40 – Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (7 – атау, ілік, барыс,      табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

50 — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мейрамы қай күні аталып өтеді және қай жылдан бері.  (4- маусым, 2011ж)

 

Өздері таңдап алынған сиқырлы  санға жауап беруі арқылы  қойылады, соңғы кезеңге ең көп ұпай жинаған екі қатысушы қалып, қалғандары шығады.

 

IV –КЕЗЕҢ «ЖОРҒА»

1 минутта берілген сұрақтарға жауап алу, әрбір дұрыс жауап 1 ұпай

1-    қатысушыға

  1. Бір жылда неше ай бар? (он екі)
  2. Киіз үйдің төбесі ( шаңырақ)
  3. Жұмсақта не жұмсақ (ананың алақаны)
  4. Үш арсыз (күлкі, ұйқы, тамақ)
  5. Абайдың шын аты (Ибрахим)
  6. «Бес арыс» деген кімдер? (Шәкәрім Құдайбергенов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ж. Айтмауытұлы, Мағжан Жұмабаев)
  7. Негізгі заң (Конституция)
  8. Табиғаттағы құбылыс (қар, жаңбыр, жауын және т.б.)
  9. Жылқының сүті (қымыз)
  10. Мектепте сабақ қай кезде аяқталады (25 мамырда)
  11. Құрманғазының шәкірті (Дина Нұрпейсова)
  12. Қазақтардың қасиетті айы  (Рамазан)
  13. «Абай жолы» роман эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
  14. Қазақ тіліне тән әріп бар? (ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ,ң,һ – 9)
  15. «Алтыбақан» деген не?

2- қатысушыға

  1. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
  2. Киіздің үйдің қабырғасы (кереге)
  3. Дүниеде не тәтті (ананың сүті тәтті)
  4. Үш ұлы би (
  5. Шоқанның шын аты (
  6. «Үш бәйтерек» деген кімдер? (Сәкен Сейфуллин, Ильяс Жансүгіров, Бейімбет Майлин)
  7. Басты заң (конституция)
  8. Зілзала (тасқын жер сілкінісі және т.б.)
  9. Түйені сүті (
  10. Мектепте сабақ қай кезде басталады? (1 қыркүйек)
  11. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
  12. Қазақтардың қасиетті күні (жұма)
  13. Мұхтар Әуезовтың роман эпопеясы (Абай жолы)
  14. Қазақ тілі қандай топқа жатады? (түркі)
  15. «Бәйге» деген не?

Ұпайлары бірдей болған жағдайда келесі сұрақтарды қоя отырып, жеңімпазды анықтау.

  Екі қатысушыға

  1. Дүниеде ең асыл (ана)
  2. Адамның қызығы (бала)
  3. Адамның қазынасы (ақыл)
  4. «Наурыз» сөзінің мағынасы (жаңа күн)
  5. Ұлыс күні пісірілетін тағам (наурыз көже)
  6.  Қазақ киностудиясы кімнің атында? (Шәкен Айманов)
  7.  Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
  8. Қазақтың батыр қыздары (Әлия, Мәншүк)
  9.  Дүниеде не өлмейді? (жақсының аты, ақынның хаты)
  10. Үстінде екі тауы бар жануар (түйе)
  11. Жиренше кім? (шешен)
  12. Әйтеке қай жүздің биі? (кіші)
  13. Қазақ қызының тойда киетін бас киімі (саукеле)
  14. Ғасырлар бойы ұстап келе жатқан зат (бесік)
  15. Төрт түлік малға не жатады? (
  16. Домбыраға сәндік үшін не тағады? (үкі)
  17. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
  18.  «Гәкку» кімнің жақсы көретін әні (Қыз Жібектің Бибігүл Төлегенова)
  19. Құрт неден жасалады? (қатықтан)
  20. Дүниенің төрт бұрышы (Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
  21. Қазақстанның атақты биік мұз айдыны (Медеу мұз айдыны)
  22. Киелі сан (жеті)
  23. Сүйекті пайдаланып ойналатын қазақтың ұлттық ойыны (Ақсүйек)
  24. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
  25. Оқушы мектепті бітіргенде не алып шығады?(куәлік)
  26. Қазақстанның өндірістік қалалары (Өскемен, Атырау, Қарағанды, Шымкент)
  27. Эпостық батырлары (Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Ер Қосай)
  28. Ұлы шайқастар (Сақтардың Кир патшасымен соғысы, Ғұндар мен Қытай арасындағы шайқас, Атлах-Талас шайқасы,Аңырақай шайқасы)
  29. Шығыстың ұлы қолбасшылары (Мөде қаған,Үстемі қаған, Шыңғыс хан, Бейбарыс сұлтан,Әмір Темір)
  30. «Асыл сөз» аталары (Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Сұлманмахмұт Торайғыров, Махамбет Өтемісұлы)
  31. Ер қанаты болған бес тұлпар (Қара ат, Керкекіл, Көкдөнен, Тайбурыл, Ардакүрең)

 

Жеңімпазды марапаттау

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *