Г.Қ.Утебердиева
«Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийіндегі
тәрбие-оқыту бөлімінің меңгерушісі
«Дені сау бала- мемлекеттің мықты іргесі» атты ұранмен Алматы қаласының Медеу ауданында Іле Алатау тауының жағалауында орналасқан «Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийі жұмыс жасағанына 20 жылдан асты. Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген тыныс алу жолдары ауруымен ауыратын балалар 21 күн бойы жан-жақты ем алып, дем алады. Санаторийдің негізгі мақсаты; Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген кесте бойынша тегін жолдама жіберіп, балалардың денсаулығы барынша нығайту. Өз денсаулығына сын көзбен қарауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын негізгі мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылатыны есімізде. Жыл бойына санаторийде 16 ауысым болады, әр ауысымда Қазақстан Республикасының түкпір-түкпіренен, барлығы 100 бала келіп ем алады және дем алады. Берілген талапқа сай санаторийде, 7 жастан 13 жас аралығындағы мектеп жасындағы балалар дем алады. Әрине, бұл медициналық салаға жатқанмен, балаларға тікелей ұстаздар ұжымы жауап береді. Медицина қызметкерлері балалардың денсаулығына толық жауап берсе, ал ұстаздар ұжымы – балалардың көпшілік орында өзін-өзі басқаруына, өз-өзіне қызмет көрсетуіне және бос уақыттарын тиімді де, сапалы пайдалану мақсатында, әр түрлі мәдени іс –шаралар ұйымдастырады.
«Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийінде, тәрбие-оқыту бөлімі бар, бұл бөлімнің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген балаларды бөтен ортаға тез бейімдеу, көпшілік орында өзін-өзі басқаруға үйрету, балалар арасында ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту, балаларды ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Бала санаторийге келген бірінші күннен бастап, әр педагогикалық қызметкерлер балалармен жетене жұмыс жасайды, тәрбиешілер бөтен ортаға келген әр баланы үйрету, көрсету мен тәрбиеле жұмыстарын жүргізсе, мұғалімдер стандартты бағдарламаға сай оқытып, психолог әр балаға мінездеме жасап, жан-жақты тәрбиелеп, психологиялық жәрдем көрсетеді, ал музыкалық жетекші – музыка арқылы әр балаға дұрыс дем алу жолдарын көрсете отырып, емдеуді бастайды.
Ауысымының алғашқы күні балаларды бір-бірімен жақын таныстыру мақсатында «Танысу кеші» ұйымдастырылады. Кеште барлық балалар өзі туралы шағын әңгіме құрастырып айтады. Екінші күні бала бойындағы талантты байқау мақсатында «Біз, өнерлі балаларды іздейміз» тақырыбында байқау ұйымдастырылады. Байқауда бір бала ән айтса, екіншісі мың құбыла билейді және басқалары белгілі аспапта ойнап, тақпақ та оқып береді. Бойындағы бар таланттын көрсете алмайтын балалармен жеке жұмыс жүргізіліп, ұялшақтық пен қысылатын мінезді жоюға тырысамыз. Одан басқа күндері де балаларды бір-бірімен достық, сыйласымдық қарым –қатынас нығайту мақсатында, әр түрлі қимылды ойын түрлері өткізіледі. Ойын барысында балаларды бөтен ортаға тез бейімдеуге, өзін еркін сезінуге ықпал жасалады.
Кейінгі кезде балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әр ауысым сайын «Жол жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында екі тілде ашық сабақ ұйымдастырылып жүр. Сабақтың негізгі мақсаты: Балаларды жолда жүру беглілерімен толық таныстыру, жаяу жүргіншілердің дұрыс жолдан өту жолдарын көрсете отырып, дамыту. Жолда жүру ережесін қатаң сақтауға баулу және жан-жақтылыққа, абай болуға тәрбиелеу.
Сонымен «Бала-біздің болашағымыз» демекші балаға жан-жақты тәрбие беріп, денсаулығын нығайтып, Өз Отанына, еліне, жеріне деген мақтаныш сүйіспеншілігін арттыру біздің парызымыз.
Сауығу барысында медициналық қызметкерлермен бірге педагогикалық қызметкерлердің де алатын орны ерекше және медицина мен педагогика ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты екеніне анық көз жеткіздік.