Басы » Cыныптан тыс » Мектеп-білім мекені

Мектеп-білім мекені

1-091Ұйымдастырушы:

А.Ыбраева

Мектеп-білім мекені
(1-қыркүйек білім күнінен орай ұйымдастырылған шара)
Жүргізуші:
Шақырады мектепке
Сыңғыр-сыңғыр қоңырау
Сол қоңырау үнімен
Гүлге толған омырау

Әр сабаққа тұп – тура
Кіргізеді қоңырау
Біткендігін сабақтың
Білгізеді қоңырау

Сыңғырымен тәртіпке
Бағындырар қоңырау
Демалыстап кеткенде
Сағындырар қоңырау
Құлағыңнан кетпейді
Ең алғашқы қоңырау!

Қайырлы күн, құрметті  тұрғындар, ұстаздар , қонақтар және тәуелсіз елімнің ұрпақтары ! «Мектеп-білім мекені» алғашқы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер, бүгінгі мереке баршамызға құтты болсын !
(ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Барша қазақ жұртының қамын ойлап , алғаш білім ордасын ашқан Ыбырай атамыз  жастарды оқуға  шақырған :
«Кел,балалар ,оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық», деген екен, ендеше «Ұстаз келбеті» ұраны ұлағатты,салмақты , танымал да ардақты ,зиялы  қауымға арналады (Әділет, көркемсөз оқиды, «Мектебім» әні ойнап тұрады,оқушылар ҰСТАЗ сөзін ұстап,ортаны айналып өтеді)

Талдырмай жүріп қанатын ,
Жүрекке жол табатын,
Санаға қағаз салатын
Ұстаздар керек біздерге

Қиындыққа жасымай
Жетістікке тасымай
Ілтипатты қалпы бар
Ұстаздар керек біздерге

Қиялын ұштап самғайтын
Ұрпақ ілімін жалғайтын
Қиянатқа бармайтын
Ұстаздар керек біздерге

Жүргізуші: Жиынымыздың алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Кәдіржан Нұрбаулыұлы мен  оқу ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Рамазанқызына береміз

(Аудандық білім бөлімінің әдіскеріне сөз кезегін береміз )

(Ән немесе би орындалады)
 
Жүргізуші: 
Мектебім жылы ұя,бесігім,
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағын мол сепкен
Ұстазым қымбат қой есімің! деп мектеп төріне  4 бүлдіршінімізді ұстазымен  бірге  шақырамыз ,олар 1 класс оқушылары :
1. Әділов Аңсар
2.Құсайын Алмат
3.Ибрагимов Ислам
4.Ибрагимов Бислан

Құрметті көрермендер, бүгінгі үлкен мерекеміздің  кішкентай қонақтарын баршамыз қошеметпен қарсы алайық!
(орналасып болған соң К.Ш.Нұрышева  оқушыларымен бірге сөз кезегін алады,)
Ұстазы:
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Келіп бүгін мектепке
Бір белестен өттіңдер
Бөбектерім оқы,ойна
Оқу , білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Өсті, міне, бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

1-оқушы :
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары
Мұғалімдей абзал адам жоқ әлі
Мектеп көрген,әдеп білген жан болсаң
Ұстазыңнан шығып кетпе жоғары
2-оқушы:
Қашан көрсең алдан күтіп ақ таңы
Қашан көрсең  күліп бара жатқаны
Күлгені оның –қуанышы бақыты
Ал байлығы-шәкірттердің  хаттары

3-оқушы :
Білімнің  кәусар бұлағын
Жүресің  құйып санама
Біз үшін сенсің мұғалім
Ұстаз да,ғалым да, дана да
4-оқушы :
Жақсылықты жақтаймыз
Бәрін біліп бастаймыз
Кітаппенен дос болып,
Сенімдерді ақтаймыз!

Хор «Біріншіге барамын»  әні
Биыл күзе мектепке,
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым

Мынау есеп  кітабым,
Мынау менің әліппем
Бәрін жинап сықадым
Тұрмын түгел танып мен

Жүргізуші:  Баласы 1 класқа келіп тұрған оқушының ата-анасы қандай сезімде екенін білсек деген ниетпен өздеріңізбен   аз-кем әңгіме өрбітсек.
1-ата-анаға: Аңсар, бүгін қандай күн екенін біле ме,сіз қалай түсіндірдіңіз?
2-ата-анаға: Алматты сыныптастарының алды болатынына  көз жеткізе аласыз ба,ол үшін қандай күш жұмсаудасыз?
3-ата анаға: Ислам мен Бисламның бойындағы қасиеттер  бір-біріне ұқсай ма, оқуға деген ынтасы мен ықыласын  қалай  бақылап жүрсіз?

Жүргізуші:  Рахмет,орындарыңызға жайғаса беріңіздер!
Баланың бас ұстазы-ата-анасы дегенді ескерсек, бүлдіршіндеріміздің  анасы өз ойларымен бөлісті,балаларының алдағы уақытта үлкен азамат болып өсіп шығуына  үлес қосары айдан анық , әкелеріміздің  де біз үшін аянбай тер төгері де сөзсіз,олай болса келесі шырқалар ән әкелерімізге арналсын ( «Әкеге анау» әні орындалады)

Жүргізуші:  2013-2014 оқу жылының алғашқы қоңырау  сыңғырының да үнін еститін уақыт та келіп жеткен секілді. Ендеше, қоңырау соғу рәсімі  биылғы  оқу жылының 1класс оқушылары  Ислам мен Бислан Ибрагимовтерге табыс етіледі, куә болыңыздар!
Жүргізуші:  Балалар біздер енді 9 ай бойы ұстаздармен бірге боламыз,бірге оқимыз,әр күніміздің жартысын бірге өткіземіз!

Ұстаздың көзінде жылылық бар,сөзінде ұлылық бар
Мінезін осы бастан ұғынып қал
Жәй ғана күлгені,ойлана біл дегені
Сыйламай,ренжітіп жүрме оны!
Сені ұстазың ұялтып терлеткенде
Бетіне жел боп келме
Өйткені ұстазыңды ,сағына еске аларсың
Ер жеткенде!
Қаншама шәкірт қолына қалам ұстатқан ұстаздарымызға ыстық лебізіміз бен құрметіміздің белгісі ретінде гүл шоқтарын  ұсынамыз және  жиынымызды аяқтаймыз!

Биыл күзде мектепке,біріншіге барамын

 

МАД класы  тәрбиешісі С.Куловамен бірге

 

 

Жас маман Ж.Қазтаева 1класс оқушыларын қабылдау сәті

5 класс оқушысы Д.Сайынова мерекелік сәлем жолдауда

Биші қыздар ортада 5 класс оқушылары : Сағыныш,Раушан,Орынгүл,Аяжан

 

Біздер  үздік  оқушы боламыз

Білім күніндегі алғашқы сабақ

Тақырыбы: Қазақстан – 2050 сратегиясы: бір – ел, бір – халық,  бір — тағдыр

 

Әліппені  қолға  алып…

 

Оқу жылын көңілді  бастаймыз!

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

8 класс оқушысы А.Бахыткереев және

1 класс оқушысы Н.Жоламан

 

Ата-ананың мектеп оқушыларын , ұстаздарын алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтауы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *