Басы » Tәрбие сағаттары » Қарттарым-асыл қазынам

Қарттарым-асыл қазынам

qartӨткізгендер:  Ж.Т.Қазтаева , Г.Е.Нұғманова
Тақырыбы:  Қарттарым-асыл  қазынам
(2 қазан – қарттар мерекесіне орай ұйымдастырыл
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір- қасиеттерін сіңіруі,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және  салт-дәстүрден нәр алып , өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке жаман мен  жақсыны ажырата білуге аталы сөзден  ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар,нақыл сөздер, шарлар
Барысы :Қазақ биі  орындалады
Жүргізуші:
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін  арқалаған аталар
Алдарыңда  жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қымбатты, ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар,кешіміздің қадірменді қонақтары ! Қариялар күнінен орай ұйымдастырылған «Қарттарым – асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.Мерекені көңілді өткізіңіздер!
Шоңғар Әлішер «Бабалар жыры»
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау  сөз кезегін Талдысай ауылдық округінің әкімі Қарабатыров Мырзалы Қайырханұлына береміз
Жүргізуші:
Біздің халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әже өнегесімен ата ақылымен беріледі.Өзіндік қасиеттерімізді қалыптастыру көзделген.
Ендеше, «Мен ата мен әженің жалғасымын» бөліміне құлақ түрейік .
Орындайтындар:
Аяулым Бақыткереева:  
Атам менің әманда
Әдепті  жан бо деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Әзиза Әділова:
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Атам менің әманда
Әділетті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен

Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге,желекке
Отбасында болсын,ырыс береке
Құттықтаймыз, шын жүректен сіздерді
Өмір думан бақ әкелсін мереке
«Қара жорға» биін  2-3  класс оқушылары орындайды
«Ақсақал мен жігіттің сәлемдесуі» көрінісі көрсетіледі
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілді түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
«Асыл әжем» Құсайынов Бағдат
Жүргізуші:
Өнерге ұмтыл ,өнерлі бол замандас
Қамдан жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта салсаң білім туын қолға алсам,
Теңдік тиер ешкім күйе жаға алмас
«Он баласы бар ана» Сағадатов Әділет көркемсөз оқиды
Шамшатова Ырысты мерекелік сәлем жолдайды
Жүргізуші:
Ата ардақты  тұлға
«Әкеден ұл тусайшы
Ата жолын қусайшы»  деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды
Ата ұрпағының қайырымды ,мейірімді,ақылды ,іскер болуын  тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамытады.Өнеге көрсетеді өсиет айтады.
Ізбасқанова Айдана:
Ақ сүт берген аналардың анасы-Әже.Әже әрқашанда балалық бал дәуреннің басы қасында болып, асыраушы ,аялаушы , тәрбиелеуші кісі .Өмір өрнектеріне тіршілікке  көбірек араласқан ана  перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады . «Жан жүрегім жарығым» деп әже немересін , шөбересін жүрегіне теңейді. Ата жолын қууға еңбекке адамгершілікке ,қайырымдылыққа , имандалыққа баулиды.

Жүргізуші:
Адамның сәні-өнері ,білімі, ақылы
Жердің сәні-жеміс,өнім, дақылы
Сөзің сәні-өнегелі, өткір , нақылы
Пікірдің сәні-ең пайдалы, мақұлы
Шоңғар Нұрдәулет «Қариялар азайып бара жатыр»
 
Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жәйлап қана ақылмен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат

Жүргізуші:  Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Кәдіржан Нұрбаулыұлы Нұрғалиевке береміз

Жүргізуші:
Қарттық деген қасиетті ұғым бір
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр
 Жүргізуші:
Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе ?!Сіздер сияқты қарияларымыз аман болсын ,өсіп келе жатқан ұрпаққа берер үлгі — өнегелеріңіз толастамасын,сіздердің дендеріңізсге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз.Бүгінгі сіздерге арналған  мерекелік концертіміз тәмамдалды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сіздерді мерекеге  арнап  мектеп асханасындағы жайылған дастархан басына шақырамыз

Мектеп  директоры К.Нұрғалиев ауыл қарттарын мерекемен құттықтады

Қартым үлгі-өнегем

Ақкүміс әжей көңілді

Райхан әжей ойынға қатысқанына өте  қуанышты



Несіп  әже   «Бөбегім» әнін   шырқады

Сайын атаның  қарттарды мерекемен құттықтау сәті


 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *