Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 орта мектебі
Әзірлеген: Зия Нуршаш
Ашық тәрбие сағаты Ана-өмірдің гүлі
Өткізілу барысы:
(Мұғалімнің құттықтау сөзі.)
«Қамажай» биі
І жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
ІІ жүргізуші:
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз,
Бірге: Құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
І жүргізуші:
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі, Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
І жүргізуші:
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі.
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең.
ІІ жүргізуші:
— Оқушылар өздерінің сіздерге арнаған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.
(Тақпақтар)
Хор «Ананың тілі.»
І жүргізуші:
-Темирлан, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
І жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
ІІ жүргізуші:
— Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
«Аялы алақан» ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.
ІІ жүргізуші: Зада, біздің аналарымыз қандай мықты, біздерді еш қиындықсыз қолымыздан ұстап ақ тауып алды.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың Темирлан, біздің аналарымыз бізді түпкіл төрт дүниенің ішіненде тауып алатыныма күмәнім жоқ.
ІІ жүргізуші:
Сіздердің қошеметтеріңізбен ортада «Лезгинка» биі.Қабыл алыңыздар.
3-оқушы: Гульзат
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
І жүргізуші:
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.
-Біздің жігіттеріміздің орындауында «Аяулы Анашым»әні.Қошеметпен қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші:
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
І жүргізуші:
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
ІІ жүргізуші: -Сынап көрелік.
«Гүл» құрастыру.
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру.
І жүргізуші:
— Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да бір тамаша биді қабыл алыңыздар!
«Алға Қазақстан» биі
ІІ жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
— Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
І жүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?
ІІ жүргізуші:
— Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
І жүргізуші:
-Ол бақытты жан кім екен ?
ІІ жүргізуші:
— Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.
І жүргізуші:
-Иа әйел адамзатына яғни біздің аналарымызға жетер бұл дүниеде адам барма десейші.
ІІ жүргізуші:
-Дұрыс айтасың.Олай болса аналарымызға, әжелерімізге арналған тамаша әнді тамашалайық!
«Асыл әже»әні
І жүргізуші:
-Тек аналар үшін бұл шумақ арналады.
«Мейірімін төккен ана»
ІІ жүргізуші:
— Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!
І жүргізуші:
— Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?
ІІ жүргізуші:
-Олардың шешендігін сынап көрелік.
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
Аналарды ортаға шақырамыз
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді.
І жүргізуші:
— Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Түрік» биін ұсынамыз.
4-оқушы: (Амина)
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
«Мама» әні:
ІІ жүргізуші:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
І жүргізуші:
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
«Көк дөнен»күйін қабыл алыңыздар!
Ортада тамаша «Валсь»биі
Сынып оқушыларының орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін
қабыл алыңыздар!
Хор: Мерекелеріңіз құтты болсын!
[bws_related_posts]