Қызылорда облысы Қызылорда қаласы №11 орта мектебінің
ІІ деңгей мұғалімі Ахметова Нұргүл
Коучинг жүргізу саласында алған білімім туралы рефлексивтік есеп
Бүгінгі таңдағы оқушылардың оқуы мен оларды оқытуда анағұрлым танымал әдіс-тәсілдердің бірі-сындарлы оқыту теориясы. Осы теория бойынша оқушыларға негіздей білім беруде мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру үшін олармен коучинг жүргізуді жоспарлаған болатынмын. Жұмыс барысында коуч сөзінің аудармасы тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін, тарихи шолу және мектептегі коучинг пен тәлімгерліктің жеті ұстанымдарды айтуды ескердім. Жалпы алғанда,мектептегі тәжірибе жинақтаудың алғашқы күндері мұғалімдермен өткізілген әңгіме нәтижесінде олардың арасында оқу мен оқытудағы соңғы жаңалықтарға қызығушылығы басым,жаңалыққа жаны құмар мұғалімдердің бар екендігін байқадым. Осы мұғалімдердің қатарынан оқыту тәжірибелерін дамытуға ынталы ұстаздар сұраныс білдірген болатын. Жүргізілген коучинг сабақтардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген оқыту әдістемесінен жинақтаған тәжірибелерін бірлесе отырып ортаға салып, бір-бірімізбен пікір алмасып,оларды диалогқа тарту негізінде оқытудағы жұмыстарын дамыту, кәсіби білімін, игерген дағдыларын қалыптастыруды, жетілдіруді ойластырсам дедім. Коучинг жүргізу барысында әріптестер бірлесе отырып оқыту мен оқуды зерттеулер туралы пікір алмасуға, болашақта бағалау нәтижелерін негізге ала отырып оқыту мен оқу қызметін жетілдіру үшін олардың тиімді деңгейі бағалау керектігі, мектептегі барлық оқушыларды оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы іс-әрекеттерді зерттеу жүргізуді сөз еттік. Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер — тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен танысып кеттік. Коуч сөзіне де түсіндірме жүргізілді. Әңгіме сұхбаттың қызу талқылауға түскені сонша мұғалімдердің көздерінен тағы да біле түссек деген ойды оқуға болатыны сөзсіз еді. Мұны бірлесе отырып пікірлескенде олардың қойған сұрақтарынан да анық аңғарар едің, осы себептен өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде болдым. Бірақ қобалжуым басылмады. Өйткені оқушыларға өткізген сабағымда өзімді жайлы, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, сабақ төңірегінде берілген тапсырманы ғана түсіндірсем болды, сабақ мақсатына жетіп отырады деген пікірде болатынмын. Ал мұғалімдермен өткізген коучингімдегі іс-әрекет мүлде басқаша. Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін өзімді сенімді ұстадым, бағдарлама идеясын түсіндіруге тырыстым.
Коучинг өтер алдында мұғалімдермен сұхбаттасу барысында бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Қалай оқу керектігін үйрену», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» жеті модулі, оларды сабақта кіріктіру туралы мағлұматтармен таныстырдым. Модуль идеяларына түсініктеме бердім.
Бұған дейінгі уақытта мұғалім ретінде оқушыларды оқыту,оларға тиянақты білім беру ісімен айналыстым деп білдім.Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін курстан үйреніп, коучинг жүргізу барысында өзімнің үйренгенімді (кері байланыс алуды, талдауды, зерттеушілікті, бағалауды) әріптестеріме үйрету, оны тәжірибеде қолдану дағдыландыруды жоспарладым. Сонымен қатар ізденушілік, өз тәжірибемде Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын ықпалдастырған өзгерістерді енгізіп отыру, мұғалімдерге көмек беру, әрбір сабақ үшін оқытудың мақсаттарын белгілеп отыру да күнделікті іс-әрекетіме айналды.
Осы жұмыстарды жүргізу барысында мұғалімдерді оқушыларды оқу мен оқытуда жаңа әдіс –тәсілдерді қолдана білуге дағдыландырып, теориялық білімін көтеруге көмектестім сол арқылы өз мүмкіндіктерін ашуға, кәсіби деңгейін бұрынғыдан көтеруге ықпал жасадым деп ойлаймын.
Коучинг сабағымды өткізе отырып мен өз бойымда терең ойлану, зейін салып тыңдау, мәселені анықтау, оны шешуге апаратын сұрақтар дайындау,
ізденушілік, нәтижені анықтау қасиеттерін дамыттым. Осы сабақтарды өткізуде сұрақ қою, сыни ойлау, бағыт –бағдар беру, өзара бағалату дағдыларым дамыды. Өз бойымнан әріптестерімнің коучинг сабағынан кейін берген кері байланыс алу барысында ұйымдастырушылық қабілетімнің, көшбасшылық дағдының қалыптасқанын байқадым. Коучинг сабағын жүргізу сәтін бейнежазбадан көріп отырып өзімнің кемшіліктерімді көрдім. Сұрақты өзім бағыттап өз сұрағыма көбіне өзімнің жауап беруім, ойлануға уақыт бермеуім, дерек жинауда жұмыстың аздығы болды. Алдағы уақытта осы жіберілген кемшіліктерімді ескере отырып келесі әріптестеріммен кездесуімде жұмыс барысын нақты белгілеп мұқият зерделеуімді көздеймін.
Коучинг өткізгеннен соң мұғалімдермен болған пікір алмасу кезінде олар бұрын оқушылармен сабақ өткізу барысында зерттеушілік жұмыс жүргізбейтіндіктерін айтты.Шындығында зерттеушілік жұмыс жүргізу мұғалімдер арасында қызығушылық тудырды. Оқушыларды деңгейлерге бөлу болғанымен олармен топтық, жұптық жұмыстардың жүргізілмейтіндігі айтылды. Ашық немесе жабық, түрткі сұрақтарын бір-бірінен ажыратылмайтындықтары, мұғалімдер өз жұмыстарына талдау жасағанымен атүсті жүргізілетіндігін, өз- өздерін бағалау жасамайтындықтарын мойындай отырып, алдағы уақытта осы жұмыстарды жүргізуге кірісетіндіктерін білдірді. Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жүргізу жақсы нәтижеге жеткізетіндігіне көздері жеткендей болды. Себебі топта оқушылар бір-біріне түсінген, естіген, көрген жағдайларды жасқанбай толық айта алады, қазір айтқандарым дұрыс болмай қалса деген үрейден арылады. Бірлескен топ жұмысына ұйымшылдықпен кіріседі, топ алда болуға ықпал жасайды деген ойларын білдірді, мен бұған қуандым.
Мұғалім- көшбасшы ретінде алдымен топ мұғалімдерге, содан соң мектеп мұғалімдеріне белсенді оқыту әдістерін пайдалануды үйрете отырып мұны оқушыларды оқытуда қолдануға дағдыландырамын. Бұл әдіс-тәсілдерді дұрыс игерген мұғалім өз жұмысында, оқушыларды оқытуда қолдана білсе, олардың оқуға деген қызығушылықтарының артатыны сөзсіз. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау,олармен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру нәтижесінде оқушылар ғылыми зерттеулермен айналысады, тереңдетілген бағдарламалармен жұмыс жасайды. Мұғалімдердің басқаруымен оқушылар шығармашылық ізденіспен шұғылданады, сыныптан тыс қосымша оқу материалдарымен жұмыс жасайды.Қабілеті төмен оқушылардың өзі сабақтағы тапсырмаларды толық орындай отырып, стандарт деңгейіндегі білімді игереді.
Мектепті дамытуда оқытудың белсенді әдістерін пайдаланған кезде мұғалімдердің оқыту сапасы жақсарады. Талапқа сай келмейтін сабақтар болмайды, осы әдіс-тәсілдермен оқыту барысында оқушылардың сабақты оқу белсенділігі артады. Ашық сұрақтарға жауап беруге үйренеді.Топтасып ынтымақтастықта жұмыс жасауға қалыптасады, кез келген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға, қиындықтар мен проблемаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай біледі. Оқушылардың оқу үлгерімі арта отырып олардың оқуға деген қызығушылықтары ұлғаяды. Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде олардың әр түрлі сайыстарға қатысудағы көрсеткіштері жоғарылайтын болады. Алдағы уақытта мектеп мұғалімдерінің курстан өтпеген бөлігімен жеке -жеке коучингтер жүргізіп алғаннан соң олардың оқытудың белсенді әдіс тәсілдерін сабақ үдерісінде қолдану туралы мағлұматтары болады және оларды өз жұмысымда қолдансам деген ой қалыптасады.Осы үдерісті екінші рет қайталап жүргізу арқылы коучингті жүргізу сапасын жақсартуға болады деп түйдім.Себебі бірінші рет коучинг жүргізген кезде ескерілмеген кейбір нәрселерді екінші рет қайталап өткізу кезінде жоспарға енгізуге болады. Сонымен қоса Жапонияда негізі қаланған Lesson Study тәсілін енгізуге күш жігерімді жұмсап, оны жоспарлауға, оқыту мен оқуды талдауға өз тұжырымдамаларын қорытындылап бірлесіп мұғалімдер тобын құрарым
сөзсіз.Топ мұғалімдердің педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп отыруды, таныстырылым сәттерін өткізіп баспа беттеріне жұмыс
қарқынын жариялап отыру арқылы әріптестеріме таратуды негіздеймін. Соның арқасында оқу әдістемесін жетілдіріп, оқушылардың бастауыш пәндері бойынша білім көрсеткіштерін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында әлем елдеріндегі жұмыстарды айта отырып өзімнің бастамама салыстырулар арқылы қарқынды күш жұмсарым сөзсіз. Осылайша мектептің дамуындағы өзімнің үлесімді көз алдыма елестете аламын.
Сәләматсізба!Өте жақсы жазылған. Сізге шығармашылық табыс тілеймі