Сабақтың тақырыбы: ”Тәуелсіздік – тәу етер кием”
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, көгершіндер.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Сынып ұжымы сап түзеп қатарға тұрады.
Жүргізуші: — Ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, құрметті балалар! «Тәуелсіздік — тәу етер кием» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
II.Негізгі кезең 1-оқушы: Мереке, бүгін ұлы күн Бабалар рухы көксеген. Азатты елдің ұлымын Теңескен төбем көкпенен.
2-оқушы: Ел болдық, шүкір, не керек, Әлемге аты танылған. Жасасын, жаса, Азат күн, Жасасын бейбіт ел, су, жер! Бостандық алған қазақтың Мәртебесін көрсін ел.
3-оқушы: Мерейім – нұрлана бер, азат Күнім, Көрейін бақытымның азаттығын. Таңымды тамылжытқан бостандықтан Танылды бар әлемге қазақ бүгін. Құттысың тәуелсіздік – киелі күн! Құт күшім – егемендік иелігім, Уақыттың биігінен шуақ төгіп, Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.
Ән: «Қазақ елі»
4- оқушы: Шарықта, шарлап көкті көк Байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа, Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
5 – оқушы: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
6 – оқушы: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді, Аспандат Атам қазақ Аруағын.
7 – оқушы: Кең далам, көл – дариям, сеңгір тауым, Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. Байрағым желбіреп тұр биіктерде, Байладым тәуелсіздік – өмір бауын!
8 – оқушы: Тәуелсіздік бағымыз Жарқырады таңымыз. Елбасының арқасы Теңселмей тұр тағымыз.
9 – оқушы: Ойлаған ел теңдігін Танытқан жүрек кеңдігін. Желтоқсандық ерлердің Ұмытпаймыз ерлігін.
10–оқушы: Шетке жұртым танылды Ерлер шығып жалынды. Сарыарқаның төрінде Астанамыз салынды.
11-оқушы: Көзбен көріп табысты Біз бастайық жаңа істі. Үлес қосар Отанға Өрендерміз намысты.
12-оқушы: Сәйгүліктің құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы қараңдар. Қазақ осы- күй шығарып, ән салып Көкпар тартып, қыз қууға жаоалған. Қазақ осы- айтатұғын жерге сыр. Қазақ осы аңғал- саңғал, жабусыз Қазақ осы ағыл – тегіл, көл- көсір!
13-оқушы: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, Болашақтың қасиетті көзіміз. Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, Ақ – қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Ән: «Жаса, Қазақстан»
III.Қорытынды кезең
Жүргізуші: — Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен ата- бабаларымыз сияқты қадірлеуге, қастерлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық! Елімізде бейбітшілік, тыныштық болып, егемендігіміз ұзағынан болсын деп тілейік.
Құттықтау, алғыс сөздер айтылады.