<Баймуханова Алия Атырау қалалық білім бөлімі, жоғарғы санатты химия- биология пәнінің мұғалімі, жас натуралистер стансасы,әдіскер Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы тарапынан эксперт-методист Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік құрал, Авторлық куәлік иегері (№69) Халықаралық деңгейде маңызға ие сулы – батпақты жерлердің табиғатын қорғау жұмыстары Ғаламдық Экологиялық Қор, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы демеушілігімен облыс мектептеріне арналған экологиядан 6-8 сынып оқушыларына факультатив сабақтарының жоспары мен бағдарламасын жасақтады. Жалпы білім беретін мектептің 6-8 сынып оқушылары үшін сыныптан тыс сабақтар жүргізу “Экология” әдістемелік құралы облыс мектептеріне таратылды Пилоттық мектептерде “Экология” бағдарламасына сай факультативті сабақтар енгізілді.
Үйірме сабақтарында оқушылардың бейімділіктеріне
қарай кәсіптік бағдар беру
(баяндама)
Жоспар
Кіріспе
1 . Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық негіздері.
2. Жұмыстық кәсіпті таңдаудың әлеуметтік -психологиялық ерекшеліктері.
3. Жұмыстық кәсіп негіздерін кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы
қалыптастыруға арналған электрондық жинақ.
Негізгі бөлім
- Үйірме мүшелеріне бейімділіктеріне қарай кәсіптік бағдар беру
жұмысының әдістері.
2. Кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған сараптау-эксперименттік
жұмыстың түрлері.
3. Кәсіби бағдар беру арқылы жұмыстық кәсіп негіздерін қалыптастыру .
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Бәсекелік механизміне негізделген нарық, еңбек адамынан ерекше іскерлік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Бүгінгі таңда кәсіптік бағыт беру әлеуметтік сұранысқа айналып отыр. Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты кезең ,сондықтан дұрыс қадам жасау үшін жастарға кәсіби бағдар берудің маңызы зор .Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. «Кәсіби бағдар беру» дегеніміз өзге мемлекеттердегі жастарға кәсіби бағдар беру жүйесін қарау; кәсіби бағдар берудің қалыптасу механизмін меңгеру; кәсіби бағдар берудің мазмұны мен қазіргі кәсіби бағдар берудің әдістерін талдау; кәсіби бағдар беру жүйесіндегі мәселелер, кәсіби бағдар беру әрекеті деп білуіміз керек.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық негіздері: Кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт-бағдары әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты: -балалардың бойындағы ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттеу; -түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу; -кәсіпті өз бетінше, саналы түрде таңдауға бағдарлау;
Міндеттері: білім, білік, дағдыға негізделген әрекет, шебер жұмыс,еңбек функциясын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру арқылы жұмыстық кәсіп негіздерін қалыптастыру.
Кәсіби бағдар берудің принциптері :Танымдық , cайкелушілік, белсенділік, даму деп бөлінеді.
Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
Сай келушілік принципі.Қызығушылығы,икемділігі,ынтасы, таңдаған мамандығына сай болуы.
Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін-өзі тануы.
Даму баланың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет болып есептеледі.
Негізгі бөлім
Еліміздің бүгіні мен ертеңі жастардардың қолында. Қоғамдағы қайта дайындау, міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясы, республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкерлік мамандықтардың көбеюі мамандық таңдауды қиындатып отыр. «Мамандық» профессия – деген латын сөзінен шыққан.
Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық дегеніміз қоғамдық пайдалы іс-әрекет, жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі; өзінің өмірлік позициясын қорғай білуі; қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алуы; құқықтық мәдениетті дамытуы.
Кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары. Кәсіптік бағдар берудің мағынасы — оқушының ерекшеліктерін ашу. Кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары:
— тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену;
— икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу;
— белгілі бір практика кезінде кәсіптік қызығушылығын анықтау;
— оқушыларды республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлерімен
таныстыру;
— белгілі бір кәсіп және мамандыққа қоятын талаптармен бірге білім, іскерлік,
қиындықтарды игерту;
— еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастармен таныстыру;
— қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты мамандық таңдау
жөнінде консультациялар беру;
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:
— кәсіптік бағдар жұмыстарын бастауыш сыныптардан бастау;
— кәсіптік бағдар барлық балаға қажет және ол түлғаның дамуына жағдай жасауы
керек;
— кәсіптік бағдар барлық оқу-тәрбие жұмыстарының интегралдық бөлімі;
Мамандықты еркін әрі саналы таңдау үшін, болашақ буынның барлық оқу-тәрбие процесі кезінде кәсіптік қызығулықтары, икемділіктері, мотивтері,
оқу барысы кезінде тәрбие және өнімді еңбек жан-жақты болғанда ғана іске асады;
Мамандық таңдау — жауапты да күрделі іс-әрекет. Таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие ме? Мамандықтың қоятын талаптарын, яғни еңбекке даярлығын анықтау, мамандыққа оқыта отырып қаблеттілігін білу. Бала мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады.
Кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, әңгіме, демонстрациялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл — кеңестің алатын рөлі зор . Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастарға айтарлықтай қамқорлық жасалынып жатыр. Кәсіби таңдауға дайындық мәдениеті оқушыны еңбек етуге баулиды. Үйірме сабақтарында бейімділіктеріне қарай кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Зерттеу үшін зертханалық және табиғи эксперимент қолданылады. Арнайы зерттеуде әр-түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады.
Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөлуге болады:
a) өндірістік практика; б)сабақтан тыс жұмыстар барысы.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл — кеңестің алатын рөлі зор.
Балаларды мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда
кәсіп түрлерімен таныстыруға арналған ұжымдық іс-шараларын өткізу қажет. Атап айтқанда , тәрбие сағаттары : «Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» тақырыбы бойынша әкемнің (немесе анасының , қалауы бойынша) мамандығы; оның мазмұны туралы айтылады. Бұған әрбір бала мамандықтар жайлы ақпарат және хабар дайындайды. «Өмірдің мақсаты» мен «Өмір жолын саналы таңдап алу» , «Менің болашақ мамандығым»,«Кәсіптік еңбекте шеберлікке жету үшін не қажет»? Мамандық таңдағанда өз жеке басыңның талап-талғамын ғана есепке алу керек пе? мәселелерін талқылау кезінде белгілі ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мамандық таңдауы туралы айту;
Үйірме мүшелері мынадай құндылықтардың бар екенін білуі керек :
1. еңбек ұжымындағы беделі;
2.жақындарының, достарының, таныстарының құптауы;
3.өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі көрсетуі;
4.білімін, қабілетін пайдалану;
5.еңбектің шығармашылық сипаты;
6.өз ісінің шебері болу;
7.жеке адамды қанағаттандыратын лауазым мен болашақтың болуы.
Құндылықты таңдағанда мотив үлкен роль атқарады. Ал оның өзі
1 – жалпы мотивтер;
2 – мамандықтың романтикасы;
3 – танымдық сипаттағы мотивтер;
4 – мамандықтың қоғамдық мәнділігі басым мотивтер;
5 – мысалға сілтеу;
6 – мотивін көрсетпеген таңдау.
Мотивтердің сипатына қарай 4 топқа бөлуге болады:
мамандықты таңдаудың себебін анық және дәлелді қылатын мотивтер;
анық емес, жеткіліксіз мотивтер;
дәлелсіз, нақты емес мотивтер;
ешбір дәлелі жоқ мотивтер.
Балалардың жауаптары мұғалімдердің, ата-аналардың осы бағытта жұмыс жүргізу қажеттігінен туады.
Қорытынды
Сонымен кәсіптік бағдар беру — көп салалы,әрі қиын үрдіс.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір баланың психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандыққа икемі, қабілеті мен мінездемесін зерттеу
алынған мәліметтерді салыстыруға, сараптауға негізделеді.
Еліміздің жаңа экономикалық жағдайында, адам өз игілігіне өзі жауапты, өскелең ұрпақтың білімі ,әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажеттігін ұғынуымыз керек. Бәсекелік механизміне негізделген « нарық еңбек » ерекше іскерлік, шеберлік, адамдармен тұрақты қарым-қатынас жасау үрдісін қалыптастырады.
Үйірме сабақтары барысында және машықтандыру (практикалық) сабақтарында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік,шыдамдылық ,өзара түсінушілік, ынтымақтастық т.т қасиеттер қалыптасады. Көптеген шет елдерде кәсіби бағдар беру бюросы дамыған. Кәсіпті таңдағанда басты құндылықтардың бірі – материалдық-практикалық құндылық,
келесі құндылық – қоғамда өз орнын табу, халық шаруашылығына қажет болу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Баширова Ж.О. Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар. Алматы,
Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. Алматы, 1980.
ҚР-ның «Блім туралы» Заңы.
Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Іскерлік. Алматы, 1986.
Мектептегі тәрбие жұмысы. Ред. басқ. В.М. Коротов. Алматы, 1978.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990.
Пекелис В. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред. басқ. А.В. Петровский.
Педагогика тағылымдары. Алматы, 1993.
[bws_related_posts]