Басы » Информатика » MS PowerPoint деген не? PowerPoint терезесінің құрылымы.

MS PowerPoint деген не? PowerPoint терезесінің құрылымы.

ppt 1Қалитова Жұлдыз Кентайқызы

MS PowerPoint деген не? PowerPoint терезесінің құрылымы.

Мақсаты:PowerPoint бағдарламасымен танысу және онда жұмыс істеу туралы түсінік алу.
Оқыту нәтижесі: •Оқушы өз бетімен қосымша материалдар тауып, ізденеді, білім қорын жинайды.
•Оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі жүзеге асады.
•Сабақта топқа бөліну арқылы бір-бірін қолдауға үйренеді. 
•Әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады.
Түйінді идея: Ақпараттық сауаттылық — бүгінгі заман талабы
Әдіс-тәсілдер: Жұптық, топтық жұмыс, АКТ, түсініктерін баяндау, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары: үш қадамды сұхбат, түртіп алу, ой қозғау, ой шақыру
Сабақтың кезеңдері:Сабақтың ресурстары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Оқушылар мұғалімге қосылып, төмендегідей өлеңдерді айтады.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап. Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар өлең жолдарын топ болып кезектесіп айтады.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы бойынша әрбір топ келесі топқа сұрақ қояды.
Қызығушылықты ояту
MS PowerPoint ортасында жасалған слайдтар, музыка Сабақтың тақырыбын ашу.
Сынып бөлмесінде қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Бәрі сенің қолыңда» флеш-тренинг туралы презентация көрсетіледі. Осы слайд арқылы оқушы ойын, назарын жаңа сабаққа шоғырландыру.
Сұрақ:
•Қандай программа арқылы жасалған?
•Презентация неден тұрады?
•Слайдты көру барысында нені байқап отырсыздар?
•Қандай ерекшелік бар?
•Сендерге әсер етті ме? Несімен ұнады? (оқушы жауабы тыңдалады)
Мағынаны тану.
10 мин.
Үлестірмелі материалдар, кесте Жаңа сабақ.
ДЖИКСО әдісі.
1. Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату.
Барлық оқушыларды
1, 2, 3, 4 деп санатып,
1-ші мәтінді №1 оқушыларға,
2-ші мәтінді №2 оқушыларға,
3-ші мәтінді №3 оқушыларға,
4-ші мәтінді №4 оқушыларға таратып беру.
№1, 2, 3, 4
2. Жұмысшы тобына барып талқылайды.
(1, 1), (2, 2), (3, 3), (4, 4)
Тақырыпты әуелі жұп боп, содан соң топпен оқып, түсініп ең маңызды жағдайды кестенің І бағаны негізгі түсінікке жазады.
Негізгі түсінік Қосымша түсінік
3. Жанұяға оралады.
Әрқайсысы өзі оқыған және топпен пікірлесіп талқылаған тақырыптың бөліктерін басқа оқушыларға түсіндіріп, кестенің ІІ бағаны қосымша түсінікті толтырып, әр топтан оқиды.
Оқушылар тренинг арқылы диалогқа түсіп, сергіту сәтін жасайды.
— Сендер қайда бардыңдар?
— Дүкенге.
— Не сатып алдыңдар?
— Тігін машинасы (1-ші қолы)
… т.с.с.
— Велосипед (2 аяғы)
— Көкшетауға билет (2 қолы қозғалысқа келеді).
SIN_kaz электронды оқулық Бекіту.
Электронды оқулықпен жұмыс жасау маршруты: модуль-мәтін-сөздік-сұхбат-бейнежазба-тапсырма-қорытынды тест. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
Ой толғаныс. Түрлі-түсті бояулар, плакат «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
PowerPoint — Microsoft Office 2000-ның… Оқушылар постер құрып, қорғайды.
2 жұлдыз, 1 тілекпенбағалау.
— не жақсы
— нені жақсарту керек
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма. 1.1-1.2 т. оқу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *