Қарағанды облысы №21негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дүйсенбайқызы
Ақыл-жастан,асыл-тастан
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
— бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : үнтаспа , дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн, балалар!
-Қайырлы күн, достарым!
-Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
«Бес нәрсеге асық бол!» Арасанбай Естеновтің
• Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз.Ал бүгін ақыл,ақылдылық ,сондай-ақ бала кезен ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
— Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
— Сендердің ақылға жүгініп ,дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс «Жиренше шеше мен Қарашаш сұлу» аңыз.
— Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
— Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай ?
— «Ақымақ жауынды күні суған түсер»деген халық мақалынан нені түсінуге болады?
— Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
— Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма?
• Дұрыс айтасыңдар . Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағына байыптап ,барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын , қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ , әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.
Сахыналау «Байлық , бақыт, ақыл» ертегі.
Автор, байлық,бақыт, ақыл, данышпан.
— Байлық, Бақыт, Ақылдың артықшылығы неде екен?
— Данышпан қандай ой түйіндеді?
— Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
— Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Жүсіп Баласағұнидің «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл»
• Балалар сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен , ақылға жүгінбесе , өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады . Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Дәптерлеріне жазып алады
Тапсырма
1. Ақылды адам ерінбейді.
2. Ашу-дұшпан , ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3. Ақылдан жақын дос бар ма?
4. Ақыл озбайды , білім тозбайды.
Өзіммен- өзім
-Балалар , ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді «Өзін-өзі тану елінде »жүрміз деп елестетіңдер. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқор бола білетін , Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы , денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішінде ең данасы, ең жомарты, ең ақылгөйі –Данышпан ата .Көз алдарыңа Данышпан ата сендерге сыйлық әкеле жатыр деп елестетіңдер. Ол сыйлықтың сендер үшін ең қымбат, ұмытылмас сыйлық екенін сезініңдер. Көзді ашып қараңдар.
Ойын – жаттығу. «Мен ақылды баламын, өйткені ……………………….»
Оқушылар шеңбер құрып отырады . Данышпан атайдың «Даналық кітабын »қолдарына кзек –кезек ұстап тұрып,
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….» деп жалғастырады.
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….» Ойланып сөйлеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»ашуланбаймын.
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»болашағыма ренжімеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
«Мен ақылды баламын, өйткені …………….»
Жаңа ақпарат
«Ақылды адам терең ойлап , дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену , үйрену қажет.»
Дәптермен жұмыс
Дәтерге ақылды баланың бойында болатын қасиеттерді жазындар.
Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтардағы бос жолдарға адамды ақылды ,сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.
Қорытындылау.
Пішіндердің бөлігін тауып , мақал құрастырыңдар.
Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
. Ақылды адам ерінбейді.
Ашу-дұшпан , ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақылдан жақын дос бар ма?
— Ақылды адамның қиялы бай , ойы жүйрік, ұшқыр болады.Ондай адамды халық ерекше қастерлеген . «Ақыл-жастан , асыл -тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған.
Жүректен жүрекке.
Данышпан атаның «Даналық кітабынан » өсиет сөздерді әдепі параққа жазып , әр баланың қолына береді.
— Данышпан атай сендердің әрқайсысыңның бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін , батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады. (Әр баланың ерекшілігіне қарай құрастырады)
— Еңілік
— Абылай
— Лұқпан
— Мөлдір қызым ,
— Бексұлтан балам, сабақты жақсы оқы!
— Ерғанат балам, ерінбей ,еңбектене біл!
- [bws_related_posts]