Қызылорда облысы Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп
Жетекшісі: Дастенова Ляйла Жетесқызы –қосымша білім беру маманы,биология пәнінің
мұғалімі
Орындаған: Қахар Бақытжан — 9 — сынып оқушысы
Секциясы: Биология
Тақырыбы: Ашығудың экологиялық апат аймағындағы адам ағзасына әсері
Адам денсаулығы-ол қоғамдық,қоршаған ортамен биологиялық факторлардың күрделі ара қатынасының нәтижесі арқылы анықталады.Олардың денсаулыққа ықпалы ғылыми дерек бойынша мынадай көрсеткіште:Тұқымға байланыстылық-20%; Қоршаған ортаға байланыстылық-20% ;Медициналық көмек дәрежесі-10%; Өмір сүру салты-50%.Яғни,өмір сүру салты,оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын-алудың басты шарты.Адам денсаулығын жақсартудың таза табиғи емдеу түрі,салауатты өмір салтын қалыптастырудағы үлкен маңызы бар,адам денсаулығы проблемасынан шығу жолдарының бірі-ашығу.Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын «Ашығудың экологиялық апат аймағындағы адам ағзасына әсері» деп алдым.Ашығу салауаттылық өмір салтын ұстану арқылы экологиялық апат аймағындағы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға болатындығын дәлелдеуді алдыма мақсат етіп алдым.
Зерттеу жұмысымның мақсатын орындау үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:1.Ашығу түрлері туралы мәліметтер жинақтау (баспасөз, интернет, т.б).2.Ашығу әдісін қолданған адамдар туралы мәліметтер жинақтау (баспасөз, интернет, т.б).3.Ашығу әдісін пайдаланып жатқан емдеу орталықтары туралы мәліметтер алу және олармен байланыс жасау.4.Ашығу әдісін қолданған экологиялық апат аймағында тұратын адамдар туралы мәліметтер жинақтау және олармен сұхбаттасу.
5.Экологиялық апат аймағындағы ашығу әдісін қолданған адамдар туралы медициналық сараптамалармен танысу және салыстыру.Зерттеу жұмысымдағы алдыма қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін негізгі мынадай бөлімдерге бөлдім:І тарау.Ашығудың түрлері және оның адам ағзасына тигізер әсері.ІІ тарау.Экологиялық аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында ашығу әдісін қолдану тиімділігі.Зерттеу жұмысымды орындау үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолдандым:жинақтау, жүйелеу, талдау, баяндау.Ашығу әдісін қолдану арқылы экологиялық апат аймағы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға болатындығын дәлелдеуге тырыстым.Біздің жер-тірі планета.Адам өмірі мәңгі емес.Әрбір адамзаттың өмірі шектеулі,өз өлшемі бар:бір адамның өмірі қысқа болса,екінші адамның өмірі ұзақ болады.Адамдар үшін дәл жас жоқ.Сондықтан да,әрбір ерте қиылған өмір-ол қасірет,қайғы.Адамның ұзақ өмір сүруі,денінің сау болуы тек табиғатқа ғана байланысты емес,сонымен қатар ол оның тіршілігіне,еңбегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты болады.Ол үшін әрбір адам бала кезінен,мектеп қабырғасынан өз ұлтының,халқының ғылыми және рухани мәдениетін игеруі керек,ал салауатты өмір салты сол адамға табиғаттың берген мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Табиғаттың адамзатқа берер емдік қасиеттерін дұрыс қабылдау керек.Әрбір адам 120 және одан да көп жас өмір сүруге хақылы,тіпті міндетті екеніне сенемін дейді өз денсаулығын өзі шыңдап,95 жас өмір сүрген американдық профессор Поль Брегг.өзінің «Ашығудың ғажайыбы» аты кітабында құдіретті табиғаттың өзі жартақан «Тоғыз емшісі» бар екенін дәлелдейді және олардың 100 пайыз пайдалы екендігіне кепілдік береді.Табиғаттың тоғыз емшісі: таза ауа,бойды тік ұстау,ақыл-ой,демалыс,ашығу,дене жаттығулары, табиғи тағам, таза су, күн сәулесі.Емдеу туралы ежелгі еңбектерде ашығу табиғи жолмен сауығу әдістерінің тізімінде бірінші орында тұрады.Бірақ айқын ұғынып алатын бір нәрсе-ашығу қандай да болсын белгілі ауру-сырқатты емдейтін әдіс емес.Оның мақсаты-бүкіл ағзаны толық сауықтыруға,іштей өзін-өзі қайта құруға,бүкіл қызмет органдарының өзін-өзі жаңғыртуына жеткізу.Ашығу ағзаға физиологиялық демалыс беріп,оның сауығу процесіне ауысуына жәрдемдеседі.Ашығу ағзаны
бүкіл өмірлік күші тазару мен сауығуға жұмсалатындай жағдайға қояды.Ол ішкі органдардың жұмысына шектен тыс қабілет береді.Ежелгі заманның данышпан-әулиелері рухани сауығу үшін ашығуды қолданған.Олар ашығудың ақыл-ой қабілетін ұштап,күшейте түсетіндігін білген.Біздің неғұрлым дұрыс пайдаланылмайтын органдарымыз-ас қорыту, бауыр органдарын ашығу жетілдіреді.Бауыр ашығу кезінде көрер көзге өзгеріп, бұдан кейін тиімдірек жұмыс істей бастайды.Бүкіл сезім органдары да қалпына келіп, өз қызметінде неғұрлым биікке көтеріледі.Сауығудың басқа бірде-бір әдісі біздің ағзамызға мұндай оң әсер бере алмайды.Атақты Сократ 2 мың жыл бұрын: «Аштық пен шөлді басатын астан артық тамақ ішпе» деген екен.Ашығудың түрлері:Мерзімдік ашығу: 1-3 күн, 3-7-10 күн, 3-30 күн.Мезгілдік ашығу: 30 күн ораза.Адамның күш қуаты,ойлау қабілеті және жасаруы ашығуға байланысты.Ашығу теориясын жасаған американдық профессор Поль Брегг: «Адам ашыққан кезде шырыш қабықтың жасушалары бірінен-бірі алшақтайды, сонда оны аурудан сақтандыруға,ғұмырын ұзартуға болады»,-деген.Мезгіл-мезгіл ашығып отыру өмір ұзақтығын едәуір арттырады деп сендіреді.Бұл жағдайды америкалық Клива Маккеяның тәжірибесі де дәлелдеп отыр.Ол тышқандарға тәжірибе жасап,оны аптасына екі рет аштықта ұстағанда,бұлар –тұқымдас басқа тышқандарға қарағанда 1,5-2 есе артық өмір сүрген.Ашығу-емдеудің ең бір ескі әдістерінің біріне саналады.Ашығу жолымен тек адамдар ғана емес,жан-жануарлар да емделеді.Мысалы:үй иті,сиыр,жылқы,қой т.б ауырса оттамайды.Қазіргі баршылық заманда адамдар ашығуды ұмытты.Біраз адамдар тамақтануда тәртіп ұстамайды.Тәнді ақыл,сана билемесе, дененің,тәннің қалауы өте көп.Егер адам бойындағы кеселін жеңіп,денсаулығын түзегісі келсе,жүйкесін шыңдап,бойдағы қуатын арттырғысы келсе,ол ең алдымен ашығу әдісімен тәнін тазалауы тиіс.Ашығу адам ағзасындағы у мен қалдықтардың шығуына көмектеседі.Ауызға ас алмай,ашыққан кезде тамақ қорытуға кеткен қуат ағзаны улайтын заттарды жоюға бағытталады.Егер адамның денесін тұтас көрініп тұратын шыны деп елестетсек,асқазан мен ішектердің жақтауларына жабысып қалған тамақтың шіріген қалдықтары теңіз түбінде тербеліп тұратын балдырға ұқсайтын көрінеді.Ал,ол қалдықтар (шлак) сөзсіз ауру туғызады.Ашығудың бір түрі-Ораза.Мұсылмандар жыл сайын 30 күн ораза ұстайды.Батыс Германияның 29 емханасында ораза тұту арқылы адам ағзасын емдеу жұмыстары іске асырылыпты.Қан қысымы төмен науқастардан басқа оразаның пайдасы тимейтін және құлан-таза айықпайтын ешбір науқас жоқ!Ораза-пышақсыз жасалатын операция.Аурумен күресу үшін ашығуда өте абай болған жөн.Науқас адам барлық тәртібті сақтай отырып, 30-40 күнге дейін ашыққан кезде,ағзада бір түйір,тіпті тарының көлеміндей тамақ және оның қалдығы қалмаған кезде «жейтін» түк таппай,ақыры ауру өзін-өзі жей бастайды.Адам аурудан сөйтіп те жазылады.Бірақ бұл-саналы және сауатты түрде жасалатын жұмыс.Ашығуды ұстанудың негізгі талабы: дұрыс тамақтану-шектеулі тамақтану-ашығу.Сіз көбірек ашықсаңыз,ағзадан улар да көбірек шығады.102 күн ашыққан П.Ивановтың 12 қағидасының бірінде «Аптасына, тым болмаса,бір рет ас пен судан түгел тиылуға тырыс, қайткенде де бір тәулікке шыда»,-деп өсиет қалдырған.102 күн ашығу кезінде ол тек сумен тіршілік еткен.Ашығудың 3 түрі бар деп есептеледі:Біріншісі-құрғақ ашығу,бұл ең күштісі.Екіншісі-күшті тамақ ішпей,тек шырын немесе су ішіп ашығу.Үшінші түрі-тек жеміс-жидек жеп ашығу.Ашығудың пайдасы туралы айтылғанымен,кейде ол адамның бәріне бірдей жаға бермейді.Ашығуға мүлдем тиым салынатын жағдайлар:бас миының айқын зақымдануы,ауыр сырқаттан соң күрт жүдеу,рак,асқынған туберкулез,асқынған қант диабеті және жасөспірімдер мен жас аналар.Ашығу қай кезде пайдалы: Ұзақ-30 күн ашығу-семіздікті,терінің және шырышты қабаттың ойық жараларын,экземаларды емдеуге қолданылады.3-7-10 күн ашығу-ағзаны қалдықтардан және токсиндерден тазартудың тамаша әдісі.Қысқа мерзім-1-3 күн ашығу-хирургиялық оталардан соң,әсіресе жоғары температурамен қатар өтетін асқазан-ішек және респираторлық жұқпалардан кейін сауығуға көмектеседі.1 күндік ашығулар барлық сау адамдарға,әйелдерге де,еркектерге де және кез-келген жастағыларға ұсынылады.
1-3 күндік қысқа мерзімді ашығулар тек асқазан-ішек жолын тазартуға көмектеседі, ал 3-30 күндік ашығулар ағзаны сауықтырады.Ағзаға ас түспеген кезде ол өзін-өзі қорыта бастайды.Біздің Республика үшін маңызды проблема-экология мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды.Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарғанмен,денсаулығы зардап шегуде.Өйткені,қазіргі заман экологиялық тауқыметтері адам қолымен жасалып,бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді.Қазір адам ауырса бірінші кезекте дәрігердің көмегіне сүйенеді.Бәрімізге белгілі,Қызылорда облысы экологиялық зардабы мол,климаты қолайсыз аймақта орналасқан.Аралдан ұшатын тұз бен шаңға қоса, «Байқоңырдан» арасын суытпай ұшып жатқан зымыраннан шығатын гептил түтінінен ауамыз былғанып жатыр.Арал,Қазалы аудандарының басына туған күн көп ұзамай басқа аудандар мен облыстарға,республикаларға туатындығын ғалымдар айтып та жатыр.Ұрпақ бір қатені кешіргенімен,келесі қатені кешірмесе керек.Дүние жүзі осы экологиялық аймаққа бар мүмкіндікті жасағанымен,ұрпақ бойына дендеп енген сансыз дерттен оп-оңай құтыла салу мүмкін емес.Бұл орайда онсыз да титықтап,нарық қыспағында әркім әрқалай ғұмыр кешіп отырған адамдар денсаулығын нығайту жолдары бар ма?Ендеше салауатты да ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүру үшін медицинаға тәуелді бола бермей,қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді алып,қалта түбін қаға бергенше, зор нәтижелер берген ағзаны ашығу арқылы емдеу тәсілін неге қолданбасқа дегім келеді.
Қорытынды.
Табиғаттың қалай жасағанын білген даналық. (Гиппократ)
Денсаулық-адам өміріндегі ең басты құндылық.Денсаулық адамға қуатты сақтауға, қозғалыс жасауға және жоғары сергектікпен ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді.Адам –адам болып жаралғаннан бері оның алдында тұрған ең маңызды нәрсе адам өмірін ұзарту.Ашығу әдісін қолдану арқылы экологиялық апат аймағында тұратын халықтың денсаулығын жақсартуға болатындығы сөзсіз.Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе алдыма қойған мақсат-міндеттерімді орындау барысында мынандай негізгі нәтижелерге қол жеткіздім:1. .Ашығу түрлері туралы мәліметтер жинақтадым (баспасөз, интернет т.б ).2.Ашығу әдісін қолданған адамдар туралы мәліметтер жинақтадым (баспасөз,интернет т.б).3.Ашығу әдісін пайдаланып жатқан емдеу орталықтары туралы мәліметтер алдым.4.Ашығу әдісін қолданған экологиялық апат аймағында тұратын адамдар туралы мәліметтер жинақтап, олармен сұхбаттастым.5.Экологиялық апат аймағындағы ашығу әдісін қолданған адамдар туралы медициналық сараптамалармен танысып, салыстырдым.Зерттеу жұмысымды жазу барысындағы негізгі жаңалығым-экологиялық апат аймағында тұратын тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін ашығу әдісін қолдану тиімді екендігіне қол жеткіздім.Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе мынадай негізгі ұсыныстар жасағым келеді:
►Ашығу түрлері туралы мәліметтер бір жүйеге келтіріліп,жинақталса;
►Ашығу әдісі медицина орындары арқылы бір жүйеге келтіріліп,өмірге ресми түрде енгізілсе,халықтың игілігіне жарату ұйымдастырылса;
►Экологиялық аймақтарда емделушілердің денсаулығын тұрақты қадағалап отыратын арнайы мамандармен жасақталған «Ашығу арқылы емдеу» орталықтары ашылса;
►Еліміздегі және дүниежүзіндегі «Ашығу арқылы емдеу» орталықтарымен тұрақты түрде байланыс орнатылса;►Ашығу әдісін қолданған адамдардың іс-тәжірибелері зерттеліп,бір жүйеге келтірілсеҰзақ өмір сүрудің және салауатты өмір салтының сыры табиғаттың таза емдік қасиеттерін пайдалану арқылы денсаулығымызды жақсарту болып саналады.Ендеше,экологиялық аймақ тұрғындарымыз деген жабырқау ойлардан алшақтап,онсызда тұз бен сорға уланған ағзамызды дәрі-дәрмекке тәуелді етпей,табиғаттың тоғыз емшісінің бірі-ашығу әдісі арқылы емдеп,сауықтыра білейік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Ж.Абылайұлы, Қ.Ошақбаев «Рамазан оразасын ұстау кезеңінде». //
Денсаулық журналы №11, 2005 ж
- Ә.Нұрлыбаев «Жасартушы сиқырлы сусын» //
Денсаулық журналы №5, 2004 ж.
- С.Ешмұхамбетұлы «Ашығудың да жөні бар» //
Денсаулық журналы №10, 2004 ж
- С.Аманжол «Оразаның маңызы мен пайдасы» //
Нұр газеті №1, 1998 ж
5.Х.Суханбердин «Аймақ табиғаты алаңдатады» //
Сыр бойы №10, 1998 жыл,
- А.Ақанбайқызы «Ашығып ауруды жеңе аласыз ба?» //
Валеология журналы №5, 2006 ж