Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледж оқытушысы
КІРЕКЕС ГҮЛЖАНАТ
«Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай… »
(Әдеби-сазды кеш)
Мақсаты:
-XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,
-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .
Көрнекілігі:
Акт залын шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.
Кеш мемлекеттік ән ұранның асем әуенімен басталады
ЖҮРГІЗУШІЛЕР: Шегебаева Жарқынай мен Тұрсынбекова Гүлсезім
1-жүргізуші: .
Кіріспе сөз. ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Мұқағали Мақатаев көзі тірі болғанда,ертең сексен екіге толар еді. Артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған « Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай…» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай. Мына жұртым неге жатыр тойламай. Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,-деп жырлаған Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай осы кеште айтылатын өлең-жырлар, қойылымдар мен баяндамалар, би мен әнде ұлы ақынның құрметіне арналады.
2-жүргізуші: Шарасынды шаттықтың мұңы басым, Нұр сәуле боп жүректе нұры қалсын. Мұқағали мұзарттың мұзбалағы, Шашып өткен әлемге шұғыласын-дей отыра кешімізді Мұқағалидың өмір баянынан бастасақ кезекте ортаға өз баяндамасын ұсынатын студентеріміз:
Абдуллаева Азиза мен Алдасүгір Айдана. Баяндама оқылып болғансоң.
1-жүргізуші:
-Поэзия! Менімен егізбе едің? Мен сені сезесің бе неге іздедім? Сені іздедім досымнан, қасымнан да, Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да. Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда, Қызыл –жасыл шұғыла шашылғанда… Махаббаттан іздедім, сағыныштан, Арманымнан іздедім алып ұшқан!… – дей отыра Мұқағалидің өмірі мен болмысы жайынды видео таспа ұсынамы: Видео 2 минутқа созылады.
2-жүргізуші:
Мұқағали өлеңдерінің басым көпшілігі терең сезімге арналған:
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Көзімнен ғайып болған күнім едің! Гүлім едің, Елтіген түнім едің. О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! – дей отыра құлақтан кіріп, бойды алар асем әнге кезек берсек «Сенің көзің» орындайтын: Ордаш Мөлдір мен Пазыл Жансая, Сайділдаева Гүлшат
1-жүргізуші:
Қандай ғана анадан туады адам, Сәбилердің ұйқысын қуалаған. О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат, Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Мұқағали-махаббат жаршысы. Ол махаббатты асқақтата жырлайды. Махаббатты сөзбен емес, жүрекпен жазады. Әсіресе асыл жанды аналарымызға арналған ендігі кезекті «Ана, сен бақыттысың жыламағын…» атты көрінісімізге кезек берсек сахнада:
— Аяпберген Аружан — Әбілемет Салтанат
— Байниязова Ақмарал -Баянова Зухра Көрініс аяқталғаннан кейін.
2-жүргізуші:
«…Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентік-пей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Ендігі кезекті сыған биіне кезек берсек сахнада: Замадин Асылай мен Шегебаева Гүлнұр — Бакида Толғанай Берікова Назерке, Жүніс Айдана, Жанайдар Гүлмира
1-жүргізуші:
Туған халқым! Қатемді кешір менің Сенің арқан-сескенбей,есіргенім Егерде жырың болмай,ұрың болсам Алақанға саласың несін мені Жоқ! Менің жүрек емес төсімдегі Ол бір от сенің ұлы көшіндегі Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің Әзірге тастаған жоқ есім мені Уа,жұртым! Кешір мені! Кешір мені! – дей отыра кешімізді жалғастырамыз кезекте «Арыз жазып кетейін», Мәнерге салатын: Қадырова Айнель мен Кеңес Назерке. «Фаризаға» әнін домбырада орындайтын: Сұлтан Кенжегүл мен Сапарова Назерке
2-жүргізуші:
Махаббат бүгін тағы қарамады, Қарамады жанымды жаралады Шәміл –ау, білесің бе шын махаббат Осылай қарамаудан жаралады!- иә, нәзік жанды ақын жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады, кезекте «Мен деп ойла» әнімен «Айқаракөз» тобының сұлу бойжеткендері: — Ордаш Мөлдір — Құралбай Жанар — Қарамырзаева Гүлшат —
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
Ақынның патриоттық тақырыбында жазылған өлеңдерін мінерлеп оқитын: Мырзан Арайлым, Мырзабек Улбала, Мукашева Айым, Райымбек Малика және Шамина Галина.
2-жүргізуші:
Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.Өлмес өнері — өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.
-Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! – иә өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Осымен кешімізді жабық деп жариялап, назарларыңызға : Нұрмашова Сәуле, Тұрмат Сахнам, Шәкібай Айсұлудың орындауларындда «Жапырақ жүрек жас қайың» әнін тарту етеміз.
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала — Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Мақатаевтың «Өмірдастан» атты топнамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы халық өмірі мен адамдық , азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде.
Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізген.
Асқар тауы қазақтың
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты.Халқым, елім деп еңіреп өтті.
Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-
деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.Аудан орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған музей бар.
Мұражайды ақынның туысы, тай құлындай тебісіп кеткен досы Әбдіке Асанов басқарады. Экспонатқа өте бай. Мұқағалидың туғаннан қайтыс болғанға дейінгі сурттері жинақталған. Өзі ойнаған дойбысы, аңға шыққанда атып алған түлкісінің терісі, өлеңдерінің жинақтары, Мұқағали туралы мақалалар, тұрған үйінің макеті көзге ыстық басылады. Әбдіке Асанов ерінбей-жалықпай әрбір заттың тарихы туралы сыр шертті.
Қайтып келе жатқанда оның мынадай өлең шумақтары тілімізге оралды.
Айқай, заман!
Даласына қаласы жарасуы-ай…
Айналып Ақмоланы қимай барам,
Аман бол, айналайын, мидай далам.
Мұқаң сол кезде-ақ Сарыарқа төсін осылайша жырға қосқан.Нағыз өнер құдіреті деген осы.Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.
Менің бір досым
Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Өз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да өлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.
Былтырғы жыл Алматыға келгенде,
Былай деген сөзің ұқтым батырдың:
-Шалқар ойым сыймайды екен өлеңге,
Алты актілі пьеса жазып жатырмын.
Биыл тағы Алматыға келіп ем,
Досым менің барлығын да тастапты.
Ақысы мол, өзі қалың, жолы кең,
Екі томдық романын бастапты.
1958ж.