Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мұғалім күніне арналған шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар, оқулықтар мен әдістемелердің авторлары қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қала басшысы мұғалім тек ғбілім беретін жан ғана емес, сонымен қатар ол руханилық пен адамгершіліктің бастауы деді. Өйткені, оларға Қазақстанда 10-20 жылдан кейін қандай ұрпақтың өмір сүретіндігі жөнінде ерекше жауапкершілік жүктелген. Демек, білімнің негізгі арқауы — мұғалім, ұстаз.
«Қаланың білім беру жүйесінде 26 мыңнан астам адам еңбек етеді, олар өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беріп, беделді миссияны атқаруда. Сондықтан біз Алматы қаласында ұстаздарға материалдық қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді іске қосудамыз. Биыл креативті, шығармашылықпен еңбек ететін 1000 үздік мұғалім 300 мың теңгеден бірреттік сыйақы алды», — деді Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі өскелең ұрпаққа терең білім, сапалы тәрбие беруге зор үлес қосқан ардагер ұстаздарға алғыс айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы жолында ойдағыдай жұмыс істеп жүргендерге өмірлік жолдама бергендер білім саласының дамуына мол еңбек сіңірген абзал ұстаздар болатын.
[bws_related_posts]
Ілмек300 мың теңге алады Алматының құтты болсын үздік мұғалімдері ұстаздар мерекесі