- Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 18 орта мектептің
3 «Ә» бастауыш сынып мұғалімі:
Ходжа-Ахмедова Светлана Рахимовна
Сабақтың тақырыбы: «Торы құлын »
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы жырлармен таныстыру. Төрт түліктің қазақ
халқының тұрмыс тіршілігінде алатын орны, пайдасы туралы
түсінік беру. Төрт түлік пірлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Ой өрісін, сөздік қорын молайту. Сын тұрғысынан ойлау
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Төрт түлікті қадірлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер, слайдтар, ойындар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындау.
Армысың алтын күн,
Армысың алтын жыр.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
Құрметті оқушылар, Бүгін біздің сабағымызға қымбатты қонақтар, ұстаздар келіп отыр.
Қош келдіңіздер. Бүгінгі тақырыбымыз «Торы құлын» бекіту сабағы. Оқушылар бүгінгі сабақта алдарыңа қандай мақсат қойып отырсыңдар? Сабағымыздың мақсатын ашып алайық. Мен мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін.
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қой жырын» сұрау.
Оқушылар, сіздердің мақсаттарыңыз жақсы оқып, білім алу болса, Шопан атамыздың мақсаты қойын жақсы баптап, төлдерін көбейтуді ойлайды.
Үй тапсырмасына тапсырылған қой жырын кім жатқа айтып береді? Қандай мақал-мәтелдер білеміз? Қандай тыйым сөздер білеміз? Қойдан басқа қандай төрт түлік терді білеміз?
Ендеше оқушылар, біз қандай тараумен таныс болған едік?
Төрт түлік мал туралы.
3.Жаңа сабақ.
Суреттер арқылы оқушыларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.
«Қамбар ата» үйірдің айғыры екен.
Құлындатып көбейткен байлығы екен.
Мал құлыннан – ақша тиыннан өседі дегендей бүгін төрт түліктің бірі, жылқы. Қазақтың қасиетті малдарының бірі. Жылқының төлі құлын. Құлыннан басқа оны жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп те атайды. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас – тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапанжабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы: аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек жеміс, шабыс. Оның түсі де әр түрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз,шұбар т.б. Халық төрт түлік малды ерекше құрметтеген. Өйткені мал деген жесе азық, кисе киім, мінсе көлік болған. Ертедегі адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет әлберме, одан сақтай гөр» «малымызды өсімтал ет» — деп өлең сөзбен тіл қатады, тілек айтады. Қазақ халқында елін, жерін сыртқы жаулардан қорғап, аман сақтап қалған адал ұлдар аз болмаған. Халық ондай батырларды құрметтеп, ерлігін, қайратын жыр қылып халық бас қосқан жерде айтатын адамдарды жыршы деп атаған. Жыршыдан-жыршы жатқа үйренген, себепті жырлар ауыздан-ауызға көшкен, қиялдан-қиялға түскен. Әр жыршы өз ойынша, өз қиялынша дамытқан, көркейткен. Сөйтіп жыршы-батырлар жыры ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сол жырдағы «Торы құлын» жырын оқып берейін.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Жырды мәнерлеп оқып беру.
Оқулықпен жұмыс.
Жырдың тәрбиелік мәнін ашу.
Құлынның адамға пайдасы туралы айтайық.
Іштей оқу.
ІV. Дәптермен жұмыс.
Дәтерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Көлбеу етіп қояйық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптерге жылқының пайдасын жазамыз.
V. Сергіту сәті.
Қара жорға биі.
VІ. Сабақты қорытындылау:
Жылқы не істейді? (құлындайды, кісінейді)
Жылқының төлін қалай шақырады? (қырау-қырау)
Жылқының пайдасы қандай?
Жылқыдан не аламыз?
(Сүт, қымыз, ет, қазы-қарта, жал-жал, шұжық аламыз.)
VІІ. Сабақты бекіту:
Ойын мәтіндегі сөздерді пайдаланып «Торы құлынды» сипаттап айт.
Басы- (құп-құлдыр) Жалы- (жібектей)
Көзі- (моншақтай) Саны- (білектей)
Ерні- (жып-жымыр) Құйрығы- (шашақтай)
Жағы- (қалақтай) Денесі- (торыдай)
Мойны-(садақтай)
VІІІ. Үйге тапсырма.
Торы құлын жырауды мәнерлеп оқып жаттап келу.
ушыларды бағалау, мадақтау.
[bws_related_posts]