Тест: «Суреттен нені байқадыңыз?»
Суреттен өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз, артынша ағашыңыздың нөміріне сәйкес келетін жауаптарды оқыңыз:
1. Кемелділікке ұмтылатын, өте сезімтал әрі мейірімді адам. Аздаған менмендігі бар. Адамдармен бірден сөйлесіп кете алмайды. Еңбекқор. Өзін ренжітпейінше, барлығына жақын адамындай қарайды. Достарын қандай жағдай болмасын қадірлей біледі.Біреу ренжітсе, көпке дейін ұмытпайды.
2. Жауапкершілігі мол, шыншыл әрі айналадағыларға өте қызықты адам. Пысық, өзінен сөз асырмайды.Әңгімелесуші адамның сеніміне бірден ие болады.
3. Ақылды әрі терең ойлайтын адам. Өзі секілді адамдармен ғана жақсы сөйлеседі. Қоғам үшін маңызды әрі көп адам басын қатыра бермейтін істермен айналысады.
4.Зерек адам. Бұл адамның қылықтарын айналадағы адамдар түсінбей, жүрегіне тиетін сын айтулары мүмкін. Аздаған философиялық ойлары бар, махаббат пен мейірімділікті талап ететін, эмоцияға берілгіш жан.
5. Өзіне сенімді әрі мықты адам. Өте белсенді, басқаруды ұнатады. Өмірде табысқа қол жеткізетін жан деуге болады. Шындыққа тура қарай біледі, өмір қиындықтарынан еш қорықпайды. Бұндай адамдар қорқақ, өтірікші адамдармен бірге болуды ұнатпайды.
6. Мейірімді әрі барлығымен тіл табыса білетін адам. Жүрген ортасының «гүлі» болуды ұнатады. Бұл адаммен сөйлескен өте қызық. Ол айналасындағыларға үнемі жақсылық жасап жүреді.
7. Бақытты да мейірімді жан. Өзгелерді сөйлесіп отырғанда жүрегімен тыңдай біледі, дос болып, сүйе де біледі. Күйзеліске оңай төтеп беретін оптимист. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды.
8.Энергияға толы әрі қызықты адам. Қызық оқиғаларға тап болғанды ұнатады. Саяхаттағанды жақсы көреді. Қайда жүрсе де көңілді жүреді.Өзінің хоббиін жиі ауыстырады.
9. Оптимист әрі көңілді жүретін адам. Бұл адамдар өмірдің әрбір тағатын бағалай біледі. Қолында барын өзгелерден аямайды. Әрдайым қуануға асығады.
Дереккөз
[bws_related_posts]