Атырау облысы Мақат ауданы
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
Байтубетова Қарлығаш Каримжанқызы
«Мұнайлы өлкем – Доссорым»
тарих пәнінің оқытушысы
этнографиялық ойыны
«Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым» — деген жүрек тебірентіп, шаттық
сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың
Қазақ халқы үшін жер – ең қасиетті ұғым. Туған жерімізді ата-бабаларымыз
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен шыбын жанын шүберекке түйе жүріп қорғап келіп, асты-үстіндегі барша
байлықтарын басқалардың көз алартқанына қарсы бола тұрып, ұрпақтарының қолына
аман-есен тапсырғанын қалай қастерлемеуге болады?!
Доссорым – мұнайлы мекенім,
Бастауын алған жер едің- дей отырып, бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
«Мұнайлы өлкем – Доссорым» этнографиялық ойыны 5 бөлімнен тұрады.
Осы сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Колледж әдіскері – Назымгүл Берекетқызы
2. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы – Орах Әбуұлы
3. Қазақ әдебиеті пәні оқытушысы – Гаухар Қуанышқызы
Енді қатысушы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
2-топ: «Атамекен» командасы
Мейірге толы нұр жүзі-дегендей,
әр топ басшылары топ мүшелерімен таныстырады.
2 бөлім. «Өткел» Әр топқа тапсырма беріледі. Туған жер Доссор туралы сол жерде өлең
шығарып, сурет салуға уақыт беріледі.
3-бөлім. «Белес» Ойынға көмек алуға да болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай-ақ
келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді.
1. Доссор мұнайының 90 жылдығы қай жылы тойланды?
А) 1991 жыл б) 2001 жыл в) 2011 жыл
2. Тұңғыш рет мұнай қай жылы атқылады?
А) 1910 жыл Б) 1911 жыл в) 1912 жыл
3. Доссорда қанша мектеп бар?
4.100 жылдық қашан тойланды?
а) 1991 жыл б) 2001 жыл в) 2011 жыл
5. Доссор Атыраудан қанша шақырым жерде орналасқан?
6. Доссордың іргесі қашан қаланды?
а) 1901 жыл в) 1911 жыл б) 1912 жыл
7. ХХ ғасырдың 20 жылдары Доссор кен орнында болып, сол кездегі мұнайшылардың
еңбегін өз көзімен көріп, “Қаһармандық деген-Доссор”деп айтқан орыс жазушысы?
а) Н.Северцев б) К.Паустовский в) С.Никитин
8. “Таста”деп жалынса да құдай үшін, Доссордан кете алмаспын мұнайы үшін, -деген кім?
а) А.Тоқмағанбетов Б) Т.Текеев В) А.Жылқышиев
9. “Мұнайшылар мұнай бер, сенен соны сұрайды ел” деген кім?
а) Т.Текеев б) А.Тоқмағанбетов в) А.Жылқышиев
10. Өлкемізде қанша халық тұрады?
4-бөлім. «Бекет» Тарихи тұлғалар туралы
Бабамдар көрді еңбектің бар азабын,
Шығарды мұнайшы боп қазақ атын.
Тер төкті, белуардан майды кешіп,
Қалдырды із шежіре боп жазылатын.
Түскенде ел басына бәрі сынға,
Өндіріп мың тонналап «қара алтынды»
Сұм жаудың тарылтты ғой тынысын да
Келесі кезекте тақтада берілген сипаттама кім туралы айтылғанын табу керек.
Ол мұнай өндіру шебері, Ембінің ардагері, еңбек жолын жұмысшы, оператордың
көмекшісі, оператор, мұнай өндіру шебері болып бастап,
45 жылдан астам тапжылмай еңбек етті. Оның бригадасы Ұлы Отан соғысы жылдары
жоспарды ай сайын артығымен орындап отырды. 1954 жылдан дербес зейнеткерлікте
болған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен
марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына қатарынан үш рет сайланды.
Сағыздағы бұрғылау мұнарасында жұмыс жасап жүрген ол өзі сұранып майданға
аттанады. Ол басқарған взвод Германияның Одер өзені үшін болған шайқаста немістің 25
солдаты мен 2 офицерін жойып жіберді. Оның өзі 9 немісті жайратады. Осы ерлігі үшін
оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Ол кім?
Білім қуған озар- демекші, мына менің қолымда қазақтың оюлы қоржынында 4 асық бар.
Әрбір топ мүшелері бір асықтан алып, сұрақтарға жауап береді.
1 тапсырма: Өлкемізден шыққан атақты мұнайшыларды атау.
2 тапсырма: Өлкемізден шыққан Ұлы Отан соғысының батырларын атау.
3 тапсырма: Өлкемізден шыққан ұстаздарды атау.
4 тапсырма: Өлкемізден шыққан ауған соғысының ардагерлерін атау.
Әділқазы алқасы ойынның қорытындысын шығарады.
Ойында жеңген топ ақтық ойын «Жерұйықты ойнайды».
Осы бөлімде жеңген топ Доссор туралы айтылған қанатты сөздер айту керек.
Келмейді айыр бастағым!- деген осы өлеңмен бүгінгі «Мұнайлы өлкем – Доссорым»
этнографиялық ойынын аяқтаймыз. Ойында жеңген топ марапатталады.
ІлмекМұнайлы өлкем – Доссорым сабак сабақ сыныптан тыс танымдық ойын тарихи Этнографиялық ойын