Жаңаөзен қаласы
«Қ. Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
«Литосфералық плиталар теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі»
Откізген: Ниязмағанбетова Ш.А.
17.09.2014ж |
7 «Ә» сынып
|
5- сабақ |
|
Сабақтың атауы |
Литосфералық плиталар теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі |
||
Сілтеме |
Ә. Бейсенова,С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова География 7- сынып 22- 29 беттер; Ресурстар; Дүние жүзінің физикалық картасы;слайд, видео | ||
Жалпы мақсаттар |
Литосфералық тақталар мен жер бедерінің дамуын зерттеп талдау. | ||
Оқыту нәтижесі |
Жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша кластер, тапсырмалар орындайды Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді. | ||
Негізгі идеялар |
Нағыз білім атаулысына өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді.(Н.А. Рубакин) | ||
Тапсырмалар |
Мұғалімнің іс — әрекеті |
Оқушының іс — әрекеті |
|
Ұйымдастыру Қызығушылықты орнату “Не деген көркем едің” (1 +2 = 3 минут) «Жуан және жіңшішке» стратегиясы ( 8 минут)
«ББҮ» кестесі (2 минут)
Мағынаны тану Сұрақ әдісі (15 минут )
(5+2+2+2+2 13 минут)
Сергіту сәті ( 1 минут)
Бағалау (3 минут)
Рефлексия (1минут) |
“Не деген көркем едің” психологиялық ахуал орнатып, географиялық обекьтілер арқылы оқушыларды топқа бөледі. Топ ережесін қайталайды. Бағалу бетшесін таратады. Кретерилері бойынша толтыруды ескертеді. Топқа бөлінген кезде өтетін тақырыпты өздеріне тапқызады.
Оқушыларға Солтүстік Америка бойынша «Жуан және жіңішке» стратегиясы бойынша сұрақтар қойылады.
ББҮ кестесінің бірінші бағаның толтыртқызып, сурайды. Екінші бағаның сұрақ арқылы нені білгісі келетіндігін толтыртқызып сұрайды.
Оқушыларға арнайы сұрақтар жазылған ресурс парақтары таратылады. Оқи отырып сұрақтарға жауап іздейді,оқып болған соң жұп және топ болып талқылайды. Тақырыпты ашу үшін оқушылардан ауызша сұрайды, бір — біріне сұрақ қойғызылады.
Шығармашылық топтық тапсырма І топ: Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады? ІІ топ: Картамен жұмыс ІІІ топ: Өздерің тұратын жердің жер бедерін картадан анықтаңдар IV топ: Литосфералық плиталар
Оқушыларды билету арқылы сергіту.
Толтырылған бағалау бетшелерін өз топтарын, басқа топтарға қойған ұпайларын саралап, жіктеп бағасын қойғаны жөнінде сұралады. Сөз сонында мұғалім қорытынды бағасын айтады. Стикерге сабақтан алған екі ұнаған және бір ұсыныс жазғызылады. Сабақтың аяқталғанын хабарлайды. |
Психологиялық ахуал орнап, топқа бөлінеді. Топ ережесін қайталайды.Сабақтын тақырыбын айтады.
Сұрақтарға ұтымды жауап береді.
Оқушылар бағаналарды толтырып, айтады
Тақырыптың мазмұнын ашып әр топ ауызша айтады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар үйрендім деген жерге сабақта үйренгендерін толтырады.
Жұмыстарын қорғау
Билеп көңілдері көтеріліп бойын сергітеді
Өз топтарына және басқа топтарға қойған ұпайларын нақты деректермен дәлелдеп айтады.
Рефлексия жазады. Тақтаға ілінеді |
|
Кейінгі тапсырмалар |
“Жер қыртысының құрылымы” картасын пайдаланып кескін картаға жанартаулар мен апатты жер сілкіну аймақтарын түсіріп келу. | ||