Басы » Бастауыш сыныптар » Назым Хикмет «Үш жігіт туралы хикая» ертегі

Назым Хикмет «Үш жігіт туралы хикая» ертегі

zhanatҮмбетқалиева Жанат Жақсылыққызы

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Ана тілі Сынып: 4г
Тақырыбы:

 

Назым Хикмет «Үш жігіт туралы хикая» ертегі
 
Мақсаты:

 

 

Оқушыларға ертегінің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға көмектесу; болжау жасау, ертегінің мазмұны талдау, салыстыру жасау арқылы оқушының қиялын дамыту.ойын еркін жазуға үйрету, Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бірлесе жұмыс жасай отырып, пікірталастырады, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.
  Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Дефференциация Бағалау Ресурстар
3 мин Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар топқа бөлінеді      
 

7 мин

Қызығушылығын ояту.

Интерактивті тақтадан үш жігіттің, бұлақтың, жолдың, ару қыздың суреттері көрсетіледі.

Оқушылар осы суреттер арқылы ертегіде не туралы айтылатынын болжап, өз ойларын айтады.     Интерактивті тақта, суреттер,

Флипчарт, фламастер

лер

5 мин Мағынаны тану.

Түрік жазушысы Назым Хикметтің өмірбаянымен  таныстыру. «Үш жігіт туралы хикая» ертегісімен танысамыз.

Оқушылар жазушының өмірбаянынан тірек сызба құрастырады.

 

 

Деңгейлік тапсырма   Интерактивті тақта, қалам
5 мин Оқулықпен жұмыс: Мәтіннің 1 бөлімін оқып, аяқтамайды. Мәтіннің 1-бөлігі: « Өлместің

тасы жырақта, асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында, қанды құдықта жатыр. Оған баруға бар өмірің жетпейді сенің.

Менімен бірге осында қал.» — дейді көрікті қыз. -деп аяқталады.

Сұрақ: -Бірінші жігіт кербез сұлуға не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

Мәтіннің  2-бөлігі оқылады.

«Екінші жігіт алтын суды бір  жұтқанда, денесі  салқындап, рақаттана бастаған екен. Енді ақ бұлақтан аулақ кете алмапты.»

— деп аяқталады.

Сұрақ: — Екінші жігіт одан кейін не істеді деп ойлайсыз?

Мәтіннің 3-бөлігі оқылады.

«Үшінші жігіт бұлақтан су ішпепті, сұлу арудың тізесіне жатып тынықпапты.

Ол  алған бетінен қайтпаған…» — деген  жолдармен  аяқталады.

Сұрақ: — Үшінші жігіт мақсат – мұратына жетті деп ойлайсыңдар ма?

 

Оқушылар бұл сұрақтың жауабын топта талқылап, болжау кестесінің 1,2 бөлігін толтырады. Әр топтан оқушылар болжамдарынан айтады. Мәтіндегі жауаппен салыстырып, кестенің 3 бөлігін толтырады.

 

Не болады деп ойлайсың? Дәлелің Шын мәнінде не болады?
     

 

    Карточка, оқулық

 

5мин Пікірталас сұрағы:

«Кімде-кім осылай жүре берсе, түбінде мақсат-мұратына жетеді. Сенімінен айырылмаса дегеніне жетеді»

«Кімде-кім осылай жүре берсе,, түбінде мақсат-мұратына жетеді. Сенімінен айырылмаса дегеніне жетеді»- дегенге келісетіндері, келіспейтіндер, қалыс қалатын болып бөлінеді.      
10 мин Ой толғаныс. Еркін жазу.

«Кімде-кім сенімінен айырылмаса, дегеніне сол жетеді» дегенді қалай түсінесің? Өзіңнің алға қойған мақсатың не? Оған жету үшін не істеп жүрсің?»

Әр топтан 1-2 оқушы жазғандарын оқиды.   Жұптық бағалау  
5 мин Қорытынды. Балалар, осы ертегіден қандай ой түйдіңдер? Венн диаграммасы:     Флипчарт,

фламастер

5 мин Үйге тапсырма: «Үш жігіт  туралы хикая» ертегісін өз қиялдарымен аяқтап жазу. Ғаламтордан Назым Хикметтің басқа ертегілерін тауып, оқу.        
Кері байланыс

Рефлексия

Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау БҰҰ      

 

Сабақты талдау

4 г сыныбында өткен Назым Хикмет «Үш жігіт туралы хикая» ертегі

Мақсаты: Оқушыларға ертегінің негізгі идеясые өз беттерінше ұғынуға көмектесу. Мазмұнына байланысты ертегінің негізгі идеясын ашыды, ойын ұғады. Қорытынды ой түйеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: блжау жасау, ертегінің мазмұныны талдау, салыстыру жасау арқылы оқушылардың қиялын дамытады. Ойын еркін жазуға үйренеді. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып, пікірталастырады, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді. Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың әдісі.: СТО стратегиялары (ой қозғау, болжау кестесі, еркін жазу, Венн диаграммасы, пікірталас)

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту. Интерактивті тақтадан үш жігіттің, бұлақтың, жолдың, ару қыздың суреттері көрсетіледі. Оқушылар осы суреттер арқылы ертегіде не туралы айтылатынын болжап, өз ойларын айтады. Үш топтан қызықты пікірлер тыңдалды. Мысалы: І топ: «Үш жігіт дос болыпты. Олар ару іздеп жолға шығады. Жолдарында әртүрлі кедергілер кездеседі. Кезергілерді жеңіп мұрат мақсаттарына жетеді» десе. ІІ топ оқушылары: «Үш ағайында жігіт болыпты. Олардың бірі жалқау, екіншісі аңқау, үшіншісі еңбекқор, ашық болыпты. Олар өте кедей болыпты. Күн көре алмай, жолға шығыпты. Бірінші еріншек жігіт жүруге ерініп, бұлақтың жанында қалып қояды. Екіншісі кездескен қыздың жетегінде кетеді. Үшінші жігіт жер жыртып, егін егіп, бай болып кетіпті деп аяқтады. ІІІ топ: «Бір мөлдір бұлақтың саясында үш жігіт кездесіпті. Олар өздерінің бастан кешкендері туралы баяндапты. Бірінші жігіт байлық іздеп шығыпты. Екіншісі ару  іздеп шығады. Үшіншісі бақыт іздеп шығыпты. Алғашқы екі жігіт тау аралап, су кезіп шаршап райларынан қайтып, үйлеріне келіпті. Ал үшінші жігіт мойымай, ерінбей, байлыққа кенеліп, ару жар тауып, бақытты өмір кешіпті.». Оқушылар оқулықтан мәтінмен танысып, шын мәнінде не болғанын кестенің үшінші бағанын толтырады.  Пікірталаста «келісемін», «келіспеймін», «қалыс қаламын» бағытын ұстанады. Оқушылар бір ауыздан келісетініе білдірді. Ой толғаныста «Еркін жазу» өздерінің алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Қорытындыда үш жігітті салыстырды. Түйіні: «Кімде-кім сенімінен айырмаса, дегеніне сол жетеді». Үйге өз қиялдарымен ертегіні жалғастыруға берілді. Ертегі желісі бойынша сурет салу. Сабақты сыни тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту, диалогтік оқыту,  дарынды оқушыларды анықтау, ынтымақтастықта жұмыс істеу, өзін-өзі реттеу бойынша жұмыс түрлері жүргізілді. Бағалау парағы бойынша бағаланды. Сабақ еркін, ашық түрде өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізді. Барлығы қатысуға тырысты. Зерттеуге алған Құралай мен Ербол белсенді болды. Топ басшылары болды. Ал Әйкерім мен Нартай да қатысып отырды. Нартай өз тобын қорғап шықты. Әйгерім еркін жазуда өз ойын жеткізді. Топта тыс қалмай, бәріне қатысып отырды.

Сабақтың жетіспей қалған жерлері уақыт тапшы болды. Себебі әр бала өздерінің еркін жазуға берген тапсырмаларын оқығысы келді. Топпен жұмыста ақылдасуда уақыт алды. Балалар «мен жазам, мен айтам» деп таласып қалып отырды. Бағалауда артық бағалау болған сияқты.

Рефлексияда балалар сабақ ұнады, осындай сабақтар көп болса екен деді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *