Үмбетқалиева Жанат Жақсылыққызы
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі
Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: | Ана тілі | Сынып: 4г | |||||
Тақырыбы:
|
Л.Толстой. «Акула» | ||||||
Мақсаты:
|
Түсініктерін тереңдету мақсатымен сұрақтарға нақты жауап алу және өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру, сөздік қорын молайту. | ||||||
Күтілетін нәтиже: | Бірлесе жұмыс жасай отырып, пікірталастырады, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді. Өз беттерімен мәтіннің мазмұнын түсіну. | ||||||
Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Дефференциация | Бағалау | Көрнекілік түрлері | |||
3 мин | Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. |
Оқушылар топқа бөлінеді. Жануарларға байланысты.
І топ: «Аңдар», ІІ топ: «Үй жануарлары», ІІІ топ: «Балықтар», ІУ топ: «Құстар»
Ертегі бойынша өз қиялынан туындаған ертегінің жалғасын тыңдау. |
Топқа бөлу |
Бағалау житондармен |
|||
7 мин |
Қызығушылығын ояту.
Тақтада акула суреті
|
Оқушылар осы суретке қарап ассоциация құрады. Әр топ акула туралы не білетіндерін айтады.
|
Топтық жұмыс | Интерактивті тақта, суреттер,
Флипчарт, фламастер лер |
|||
5 мин | Мағынаны тану.
Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой туралы түсінік беру, |
Оқушылар жазушының өмірбаянынан оқиды.
Интерактивті тақтадан суреттерімен танысады.
|
Интерактивті тақта, қалам | ||||
5 мин | Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектей оқиды. Инсерт (түртіп алу)
Сөздік жұмысы. Картамен жұмыс |
Оқушылар оқулықтан мәтінмен танысып, сөздік жұмысын өткізіді.
Палуба- кеме үстіндегі ашық алаң Білте- зеңбіректі от алдыратын тұтандырғыш зат. Зәкір- якорь Картамен жұмыс жасайды. Африканы тауып, оның маңында қандай су қоймасы барын табады.
|
Жұптық жұмыс | Карта, оқулық
|
|||
5мин | «Сен маған –мен саған» сұрақ-жауап
|
Әр топ қарсы топқа сұрақ дайындап, жауап алды. Сұрақтарды жуан-жіңішке деп бөлді. | Топтық жұмыс | Доп, тақта | |||
3 мин | Сергіту минуты
|
«Зоопарк» ойыны. Әр топтан 2-3 оқушы аңдарды бейнелейді. Басқа топтар не бейнеленгенін табу керек. | |||||
7 мин | Ой толғаныс.
«Суға шомылу ережесін құру»
Суға байланысты мақал-мәтел құрастыру.
|
Әр топ суда жүзу қауіпсіздігіне байланысты қажет деген өз ережесін құрастырып, қорғайды.
Әр оқушы жеке жұмыстанады. Суға байланысты мақал құрастырады. (дарындылықты анықтау) |
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс |
Флипчарт, фламастер, суреттер | |||
5 мин | Шығармашылық жұмыс. Қолдан қайық жасау, достарына лебіз жазу. | Әр оқушы қайық жасап, өздерінің лебіздерін жазып, таратты. | Түсті қағаз, қалам, | ||||
3 мин | Қорытынды . Венн диаграммасы
«Кубизм» бекіту |
Топтық жұмыс. | Флипчарт, фламастер,
Сұрақтар жазылған куб
|
||||
Кері байланыс
Рефлексия |
Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау | Житондармен бағалау. Топбасшылар бағалайды. -«5»
-«4» — «3» |
Топтық жұмыс | Житондарды санау. Ортақ бағасын шығару | Житондар | ||
Сабақты талдау
Сабақтың тақырыбы: Л.Толстой. «Акула»
Сабақтың мақсаты: Жазушы өмірбаянына қысқаша шолу жасау. Мәтінді мәнерлеп оқу барысында мазмұнымен танысу. Түсініктерін тереңдету мақсатында сұрақтарға нақты жауап алу және өз ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Суға шомылу және одан сақтану қауіпсіздігін есте сақтай отырып, алғашқы жәрдем көрсете білуге баулу.
Сабақтың түрі: меңгеру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, карта, флипчарт, бояулар, оқулық.
Кіріспе бөлім: Үй жұмысын тексеру: «Үш жігіт туралы хикая» ертегісін өз қиялдарымен толықтыру. Ертегінің негізгі идеясы неде? Оқушылар топқа бөлінді. Жануарларға байланысты.
І топ: «Аңдар», ІІ топ: «Үй жануарлары», ІІІ топ: «Балықтар», ІУ топ: «Құстар»
Негізгі бөлім: Ой қозғау. Акула суреті бойынша білетіндерін топтастырды.
Негізгі бөлімі. Автормен таныстыру. 1828-1910 жж Орыстың ұлы жазушысы Ясная Полянада мектеп ашқан Лев Толстой ұстаз болған. Балаларға арнап шығармалар жазған. Оның «Соғыс және бейбітшілік» романын әлемге әйгілі шығарма. Оқулықпен жұмыс: Тізбектей мәнерлеп оқу, түртіп алу. Оқушылар оқулықтан мәтінмен танысып, сөздік жұмысын өткізіді.
Палуба- кеме үстіндегі ашық алаң
Білте- зеңбіректі от алдыратын тұтандырғыш зат.
Зәкір- якорь
Картамен жұмыс жасайды. Африканы тауып, оның маңында қандай су қоймасы барын тапты. Топтар бір-бірінің білімін сұрақ-жауап арқылы бекітті. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында «Суда жүзу ережесі» құрылды. Оқушылар судың қауіпті жер екені. Онда жүзу ережелерін топта құрып, қорғады. Дарындылығын анықтау мақсатында әр оқушы суға байланысты мақал-мәтел құрастыру тапсырылды. Бес оқушы құрастырды. «Су бар жерде қауіп бар», «Су болмаса- өмір жоқ, Өмір болмаса-тірлік жоқ». «Сумен ойнама, батарсың». «Сулы жер- нулы жер». Сергіту минутында оқушылар аң –құстардың бейнесін сомдады, тапты. Қызыға орындады. Балалардың ынтымақтастығын, серіктестігін қалыптастыруда қайық жасап, жылы лебіздері жазылып, достарына таратылды. Қыздарға ұлдар қайық жасауда көмектесті. Жазғы демалысты көңілді өткізуге тілек білдірді. Сабақты венн диаграммасымен қорытты. Кеме мен қайықты салыстырды. Кубизм бойынша білімдерін бекітті. Топ басшылары житондар арқылы топ мүшелерін бағалады. Сабақта мультимедиялық тақта пайдаланылды. Акула туралы видиоролик көрсетілді. Оқушылар акуланың жыртқыш екеніне көздері жетті. Үйге мәтінді оқып, түсіну. Акула туралы ғаламтордан мағлұмат жинақтап келу. Оқушылар белсенді қатысты. Оқушылардың сөздік қорын молайтуда жұмыстану керек. Тілдері жұпыны, айталмай қиналады. Бұрын мұғалім мәтінді оқып беріп, өзі бүге шүесін өзі таныстырады екен. Бұл сабақтарда оқушылар мәтінмен өздері танысып, талдауға үйренді.
[bws_related_posts]