Досжанова Аягуз Жаксыбаевна
Ұұ дыбысы мен әрпі
Мақсаты Балаларды Ұұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін және қолданылуын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже Ұұ дыбысының жазылуы мен айтылуын меңгереді, суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, сөздік қорлары молаяды.
Керекті жабдықтар Суреттер топтамасы, төл дыбыстар, смайликтер, жұлдызшалар, гүлдер, құмыра, бағдаршам.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, «Бірге ойлаймыз», «Альтернативалық тест», сын тұрғысынан ойлау, АКТ.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
8мин Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аударту. Сабақ жоспарымен таныстыру.
Көздерің көруге дайын ба?
Құлақтарың тыңдауға дайын ба?
Тілдерің сөйлеуге дайын ба?
Саусақтарың жазуға дайын ба? Топтық ережені еске түсіру.
Бағалау түрін айту.
Балалар, сендердің қолдарыңда жасыл және қызыл түсті бағдаршам бар. Егер, сендер берілген жауаппен келісетін болсаңдар, жасыл түсті көрсетесіңдер, егер келіспейтін болсаңдар, қызыл түсті көтересіңдер. Кәне, жаттығып көрейік! Күннің түсі көк!
Мынау – аю.
Жақсы, осылай сабақ бойы бір-бірімізді бағалаймыз. Өткен сабақты қайталау.
-Балалар, біз қазақ тілінің төл дыбыстарын білеміз. Олар қандай дыбыстар? Кәне, осы дыбыстарға мысал келтіріп көрейік.
Амандасады.
Сынып іші тап-таза
Дайын екен тақта да
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға.
ЕРЕЖЕ:
Т-талқылаймыз
О-ортақ шешімге келеміз
П-пікірлесеміз
Т-тыңдаймыз
А-ақылдасамыз.
Бағалау түрімен танысады.
Балалар «иә» деп жауап беріп, сабаққа дайындықтарын көрсетеді. Балалар бағдаршамдарын шығарады.
«Жоқ!» деген сөздің орнына қызыл түсті көтереді.
«Иә!» деген жасыл түсті көтереді.
-Олар: ә,ұ,ү,і.ө,қ,ғ,ң,һ
Әже, әке, іні, қасқыр, тышқан, айдаһар, өрік, аң, үй, үйрек суреттерін өзіне тиесілі дыбыстың қасына қояды.
Тұсаукесер
5мин -Балалар, енді, тақтадағы суреттерге назар салайық. Не көріп тұрмыз? Енді, осы сөздердің барлығына ортақ қандай әріп бар?
Дұрыс айтасыздар, ұ дыбысы бар. Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ұұ дыбысы болмақ. — Ұлу, ұя, ұшақ, ұл, құс, тұз, ұн, алмұрт.
Олардың барлығында да ұ дыбысы бар.
Негізгі бөлім
25мин Ұ дыбысы қандай түске боялған? Иә, балалар, себебі, ол-дауысты және жуан дыбыс. Менің соңымнан қайталаймыз «Ұұ».
Ұ-ұ-ұ- ұлу
Ұш-ұш-ұш-ұшақ
Бұ-бұ-бұ-бұлақ
Құ-құ-құ-лақ
Тақтадағы өлеңге назар аударамыз.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.
Сонымен, ұ дыбысы қай жерлерде, қалай жазылады?
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
«Сенде не бар?» жұптық жұмыс.
Көршілес отырған оқушылар бір-біріне «Сенде не бар?» деп сұрайды.
«Бірге ойланамыз» әдісі.
Бұл не?
Тақтадағы суреттерді айту.
Ұ-Ү дыбысына сөздерді топтастыру.
Сөздер: ұшақ, бұлақ, ұл, ұн, тұз, үйрек, үй, үлкен, дүкен.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
1-топ. Тұз мұздай
Мұз тұздай.
2-топ. Шалшық-балшық
Балшық-шалшық Қызыл түске.
Ұұ – дауысты дыбыс.
Мұғалімнің соңынан қайталайды. Тілдерін жаттықтырады.
Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында жазылады.
Сөздің соңында ұ дыбысын жазбаймыз.
Оқушылар дәптерлеріне Ұұ дыбысын бастырып шығады.
Оқушылардың алдарында түрлі суреттер тұрады. Сол сурет бойынша олар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Оқушылар тақтадан шыққан суреттерді көріп, бірге ойлана отырып жауап
Алдарындағы сөздердің ішінен І топ ұ дыбысы бар сөздерді, ал ІІ топ ү дыбысы бар сөздерді топтастырады.
береді.
Оқушылар топта жаңылтпашты қайталап, барлығы бірдей айтуға тырысады.
Қорытынды
5мин Альтернативалық тест.
— Ұ дыбысы дауысты ма?
— Ұ дыбысы сөздің соңында жазылады ма?
— Үй деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
— Ұ дыбысы жуан ба?
— Алмұрт деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
Жарайсыңдар, балалар!
Сабақтан алған әсерлеріңді, білімдеріңді бағалайтын сәт те келді. Тақтадағы құмыраны гүл шоғымен толтыру керекпіз. Егер де сабақ ұнады, бәрін жасадым, бәрін түсіндім десеңіз көк түсті гүлді таңдаймыз, егер де одан да жақсы жұмыстана алатын едім десеңіз, сары гүлді таңдаймыз, егер де көңілім толмады, бәрін жасап үлгермедім дейтін болсаңыз қызыл түсті гүлді алып құмыраға саламыз.
Балалар, мен сендердің барлығын да бүгін өте жақсы жұмыстанды деп есептеймін, сондықтан барлығыңызға да «Жарайсың!» деген смайлик сыйлап, алда да тек сабаққа осылай қатысып отырады деп үміттемін!
Барлығымыз орындарымыздан тұрамыз, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Иә
Жоқ
Жоқ
Иә
Иә
Оқушылар тақтаға жақындап өздерінің жасаған жұмысын түрлі-түсті гүлдер арқылы бағалап шығады.
Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен қоштасады.
1 класқа «Атамұра» баспасы орта, қысқа мерзімді жоспарыңыз бар ма? Рахмет