Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы
«Снегурочка» сәбилер-балабақшасы
Мұғалім аты -жөн: Байжуманова Меруерт Ерғазықызы
Сабақ тақырыбы: Сиқырлы киіз үй
Мақсаты:О: Балалардың қазақ тілі бойышажыл бойы алған білімдерін қорытындылау. Үй және дала жануарлары, үй және дала құстары, мемлекеттік рәміздер, санау, түстер тақырыптарын бойынша алған білімдерін нығайту. Қазақша сөйлеуге үйрету, көркем сөздерді қолдана білуге үйрету, картинка бойынша шағын мәтін құрастыруды үйрету
Д:Тілдерін дамыту. Тілдік қорларын байыту. Қазақ тіліне деген көзқарастарын кеңейту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге дағдыландыру.
Т: Үлкендерді сыйлауға, тыңғылықты тыңдауға, ортада өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: телевизор, компьютер, фламастер, үй және дала жануарлары, үй және орман
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем сөз, ойын, мәтін құру.
Сабақ барысы
Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар үшкен киіз үйге мән береді. Сыртында жазу болады. «Киіз үйді ашқыларын келсе мына тапсырманы орындаңдар.
Бірінші киіз үйдің тапсырмасы: «Суреттерді құра».
Балалар алдарындағы жыл езгілдері суреттерін құрастырады және ол туралы шағын мәтін құрастырады.
Мысалы:
Күз. Күн салқын. Құстар ұшып кетеді. Жеміс көкөніс піседі. Жапырақ сарғаяда. Күз айлары Қыркүйек, қазан, қараша
Қыс: қар жауады. Боран болады, балалар аққала жасайды. Қыс айлары: Желтоқсан, қаңтар, апан
Көктем: Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Бәйшешек гүлдейді. Жаңбыр жауады. Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр,
Жаз: күн ыстық. Адамдар көлге шомылады. Көбелек ұшады. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
(Киіз үйді ашады. Ішінен екінші киіз үй шығады.)
Екінші киіз үйдің тапсырмасы: «Енесін тап»
Теледидар бойынша слайдтар көрсетіледі.
Балалар үй және дала жануарларының төлдерін атайды және табады.
Мысалы:
Сиыр. Оған қозы, бөлтірік, бұзау суреттері беріледі. Балалар: Сиырдың төлі бұзау деп жауап береді.
(Киіз үй ашылады. Ішінен үшінші киіз үй шығады)
Үшінші киіз үйдің тапсырмасы: «Бау мен бақша»
Балалар аралас жатқан жемістер мен көкөністерді ажыратады.
Мысалы:
Мынау Анар. Анар жеміс. Бақшада өседі.
Мынау картоп. Картоп көкөніс. Ол бауда өседі.
(Киіз үй ашылады. Ішінен төртінші киіз үй шығады.)
Балалар мына киіз үйдің тапсырмсын орындамас бұрын «Сергіту сәтін» жасап, сергіп алайық
Балалар музыка желісі бойынша жаттығу жасап, сергіту сәтін орындайды.
Төртінші киіз үйдің тапсырмасы: «Дұрыс бұрыс» ойыны
Мұғалім сөз тіркестерін айтады. Балалар оның дұрыс бұрыс екенін айтады.
Мысалы:
қызыл қияр жоқ, қияр жасыл
Үйрек үй құсы иә, үйрек үй құсы
(Киіз үй ашылады. Ішінен алтыншы киіз үй шығады.)
Бесінші киіз үйдің тапсырмасы: «Ұяшықтарды толтыр»
Балалар берілген суретті сан бойынша ұяшыққа толтырады.
Мысалы: ек қызыл алма және үш сары алма берілсе
2 + 3 = 5
(Киіз үй ашылады. Ішінен алтын асық шығады. )
Рефлексия
Қане балалар,біз мына киіз үйлердің бәрін аша алдық па?
Балалар: иә, аштық!
Ол үшін не істедік?
Балалар: Тапсырмалар орындадық
Ал біз, бізге берген тапсырмаларының барлығын орындай алдық па?
Балалар: Иа!
Қандай тапсырма қиын болды?
Балалар: картинка бойынша сөйлеу, есеп шығару.
Қандай тапсырма көңілді болды?
Балалар: би билеу, ойын дұрыс бұрыс
Жарайсыңдар балалар! Үнемі осындай ақылды болып, барлық қиындықтарды жеңіп жүріңдер!
[bws_related_posts]