Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сан есімнен өткенді қайталау

Сан есімнен өткенді қайталау

Мағзумқызы Ақбота
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Сан есім бойынша қайталай отырып,білімдерін
жинақтау, тиянақтау.
2.Ой – өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту,
сауатты жазуға дағдыландыру.
3. Өнер –білімге құштар, ұшқыр ойлы саналы
азаматтар тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, әңгімелесу, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет, математика,жратылыстану
Көрнекіліктер: тірек сызбалар, слайдтар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3.Саб.ынталандыру
Үй тапсырмасын тексеру (Құстарға көмек)
1,Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
2.Дара және күрделі сан есім?
3.Есемтік сан есім дегеніміз не?
4.Реттік сан есім қалай жасалады?
5.Жинақтық сан есім дегеніміз не?
6.Болжалдық сан есім дегеніміз не?
7. Топтау сан есім дегеніміз не?
Мақсат қою
«Қайталау – оқу анасы»
Мақалдың ол данасы.
Білімді берік игерсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
«Біліміңді байқап көр»
Сан есімдерді құрамына қарай топтастырып сөзбен жазу.
45,100,7,12,3000,2013,10
Топпен жұмыс
1-топ
А) Ер жігіт … рет өледі, қорқақ … өледі.
Ә) … жүйрік, … тұлпар.
Б) … ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2-топ
А) Білікті … жығар, білімді … жығар.
Ә) … жалар бала алыстан келсе,
… Қария сәлем берер.
Б) Жаздың … күні
Қыстың … күнін асырар
3-топ
А) Тіліп, жұрттың, біл, жеті,
Түрлі, білім, жеті, біл.
Ә) Ауыз, тобықтай, тоқсан, түйіні, сөздің,
Б) Жетеді, алтау, ауыздағы, ала, болса,
Түгел, төбедегі, келеді, төртеу, болса .
«Ұшқыр болсаң тауып көр»
Сан есімдерді мағынасына қарай топтастыру.
Сексен, мыңыншы, біреу он-оннан, отыз шықты, он ширек,
Он бір, үшінші, жетеу, бестен, жүздеген, екі бүтін оннан бір, елудей.

Есептік
Реттік
Жинақтық
Топтау
Болжалдық
Бөлшектік

«Тапқыр болсаң ойлап көр»
Түбір- Дербес-
Кекіл- Жетіп-
Күшік- Сегізкөз-
Төртпақ- Тоғызқұмалак-
Қатесін тап.
Ескіше 9-Наурыз, жаңаша 22-Наурызды күн мен түн тенеледі.
1,Байлық-денсаулык
2 байлық- ақ жаулық
Мен 6 сыныпта оқимын.Биыл 2009 – жыл. Жандос 8 қатарда отырады.
Шығармашылық жұмыс:
«Тәуелсіздік таңы»
Үйге тапсырма: Сан есім қатысқан өлең, жұмбақ, жаңылтпаш жазу.
Бағалау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *