Целиноград ауданы Максимовкаауылы
№9 орта мектеп
Ашық сабақтыңтақырыбы: «Ардақты ана» ӘнуарбекДүйсенбиев
Өткізген: ТанхайАзигүл
Денсаулық сақтау технологиясын қолдану;
мақсаты — оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын арнайы технологиялар арқылы қалыптастыруды тоериялық тұрғыда негіздеп өткізу.
Зерттеу пәні – оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мына төмендегідей көрсеткіштермен негізделсе:
— Оқушылардыңсалауатты өмір сүру дағдыларының мәні мен мазмұнын анықтайтын, анық көрсететін ғылыми ұғымдар мен түсініктер, ғылыми зерттелу деңгейі педагогикалық тұрғыда анықталса;
— Мектеп оқушыларының психофизиологиялық, жас ерекшеліктерін есепке ала отырып денсаулықтарын сақтау технологиясы қолданылса;
— Оқу және сыныптан тыс жұмыстарда, оқушылардың өз беттерінше салауатты өмір салтының мәдениеттілігін көтеретін педагогикалық технология қолданылса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені денсаулық сақтау технологиясы мектептің тыныс тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Зерттеудің міндеттері:
— Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды педагогикалық тұрғыда анықтау;
— Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;
— Зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіншілік беретін денсаулық сақтау технологиясын қолдану;
Зерттеудің жетекші идеясы: денсаулық сақтау технологиясы негізінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша мектептердегі салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісін бақылау,
Зерттеу көздері:
1) Ана туралы өлеңдер.
2) Ана туралы әңгімелер
3) Мақал -мәтелдер
4) Тақырып бойынша әдеби, тарихи деректер.
Нәтиже. Шығармашылық жұмыстар арқылы «Ардақты ана» туралы жан-жақты қырынан таныту арқылы ұрпаққа өз анасын сыйлауға сенім ұялату.
Тақырыбы:«Ардақты ана»,Әнуарбек Дүйсенбиев.
Мақсаты:
Білімдік-біліктік:Ардақты ана туралы толық мағұлматтар ала отырып, өзі білімін жетілдіре түсуге машықтанады.
Ұштастыра дамытушылық:Өмірмен ұштастыра отырып, елдегі ана мен балаға деген қомқорлық және қоғамдағы Ананың орыны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісуге, ана мен бала арасындағы шешілмеген мәселелер мен танысу, батыр аналарға еліктей отырып, құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік:Өз Отанының адал азаматы болуға, адалдыққа, мейірбандылыққа, ұлтжандылыққа және елін жерін, Отанын қорғауға, ата- аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті:
— ата-анасын жақын тани білу;
— негіздемені мысал бойынша дәлеледеу;
— Отбасындағы ата-ананың ролі;
— Бүгінгі сабаққа байланысты қосымша материалдарды пайдалану;
— Шығармашылық жұмысты дайындату.
Сабақтың түрі; Жаңа сабақ
Типі: білімді жүйелеу
Формасы:топпен
Әдісі: СТО технологисымен, денсаулық сақтау технологиясының элементтерін қолдану.
Көрнекілік: сызба, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, суреттер …
Өзектілігі: қазіргі таңдағы адамзаттың рухани басқаруына арқау болып отырған негізгі мәселе – білімнің, оқудың аздығы, жас буындардың білімге ден қоймауы, қызығушылықтың жетіспеушілігі.
Маңыздылығы: Ана туралы кең ауқымды ой тастауында.
Оқу үрдісінің тәртібі:
Қызығушылықты ояту сатысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Сабақтың тақырыбы және мақсаты мен танысу
ІІ.Психологиялық кезең:
Қайырлы күн досым ,
Қайырлы күн болсын.
Дүйсенбідегі сабақ,
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар баған,
Тек ғана бестік болсын!
ІІІ.Пысықтау сабағы :
а) «Біз ана туралы не білеміз?» Оқушылардың ойларын ортаға салу:
— әңгімелері, өлеңдері, ертегілері , өмір жолынан реферат …. т.б өзі білгенін айтып, сұрақ қойып жауап алу.
б) бекіту. Өз аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Ана тақырыбын анықтап тақтаға күн көзін толтыру.)
жұлдызым, айым, жаным, күнім ботам, құлыным құлыншағым қошақаным. Т.б (1-слайыт)
Қандай мақал-мәтел айтуға болады?
«Ана-біздің күніміз»
IV. Сергіту сәті. (Денсаулық сақтау те-сы) көзге жаттығу(2-слайыт)
Аспанға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға қарап
Егеменді ел көрдік.
Бір,екі,үш,
Қолға жинап – күш.
Біз бақытты баламыз,
Біз сауатты боламыз.
Мағынаны тану сатысы.
V. Операциялық-орындаушылық(тәжірибелік) кезең: (4-7-слайд)
Ардақты ана туралы толықтыр отырып сабақты түсіндіру.
а) «Әдебиетшілер», Сары түспен
«Зерттеушілер»,жасыл түспен
«Тілшілер» көк түспен белгілеп, топқа бөліп отыру:
Ә) оқулықпен жұмыс
— Әр топ оқушысы берілген тапсырманы толтыру, топпен жұмыс.
— негізгі сұрақтарды топтар ортаға салу, талдау.
— Мақал –мәтел айыту;
— …….т,б.
ҮІ. танымдық ақпараттық кезең:(8-слайыт)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қазіргі уақытта елімізде қандай ең өзекті сұрақтар бар?:
1. Ана мен бала денсаулығын нығайту;
2. Анасын қарттар үйіне тапсыру;
3. Осы өзекті сұрақтардың қандай шешу жолдары бар?
VІI. Сергіту сәті «Ақ мамам» ана туралы өлең. (Денсаулық сақтау те-сы) Дене пішінін қалыпты ұстауға көмектеседі. Би қимылдарын жасаған сәтте бишінің денесіндегі бұлшық еттерінің барлығы дерлік қимылға түседі екен. Демек бұл бидің денсаулыққа,адам психикасына тигізетін пайдасы да орасан зор.балалардың бұлшық еттері қатайып, бойлары өсіп, кеуделері кеңейіп, күштері молаяры даусыз. Би өмірді ұзартады, организмнің жалпы жәй – күйін жақсартады және жұмысқа, өмір сүруге қабілеттілікті арттырады.
Осындай жаттығу, сергіту сәттерінен кейін, оқушының көңіл күйлері көтеріңкі болып, ойлау, қиялдау, армандау сана- сезім қабілеттері күшейе түседі.
Ой толғаныс сатысы.
VІIІ.Бекіту (қорытындылау сабағы)
1. Ана туралы эссе жазу;
2. Бес жолды өлең немесе тақпақ құрастыру
3. Анаңды суреттеп, мінездеме бер.
Мұғалімнің қорытынды сұхбатымен аяқтау
• Бүгінгі сабақтан біз қандай қорытынды шығардық.
• Анамызды сыйлау үшін не істеуіміз керек.
• «Ана мен бала» бағдарламасын іске асырудың тиімді қандай жолы бар?
IХ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (комментаримен) Оқушы өзі шығармашылығын қорғауына байланысты және белсене қатысқан тұлғаны бағалау, мадақтау.
Х. Үй тапсырмасын. Оюлар тақырыбы бойынша (оқып талдау,зерттеу) материал жинау.
Қолданылған әбеиеттер тізімі.
1. Әдебиеттік оқу құралы 4 сынып «Алматыкітап» 2011 ж
2. Өзін-өзі тану пәні 3 сынып
3. Жыл он екі ай баспасы 2011 ж №2, 2, 6
4. Интернет; ашық сабақ , ұстаз сайыты.
5. Балдырған жұрналы т,б,
6. Сарыарқа самалы газеті 2012 жыл 5 саны
7. Ана тілі газеті 2013 ж т,б.