Басы » Бала бақша » Құстар мен жануарларды ата

Құстар мен жануарларды ата

dikie-zhivotnye

«Құстар мен жануарларды ата»: оқу-іс әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық картасы

«№6 «Нұрсәуле ясли- бақшасының» тәрбиешісі Қ.З. Слямбекова

Білім беру салалары:«Таным», Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдері:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Құстар мен жануарларды ата»

Мақсаты: білімдік (Құстар мен жануарлар жайында түсініктерін бекіту, жабайы жануарларымен үй жануарларын салыстыра білуге үйрету).

дамытушылық (Тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету).

тәрбиелік (Құстарға, жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу).

Сөздік жұмыс: саяхат,қамқорлық

Көрнекілік құралдар:орман бейнесі, жабайы жануарлар  суреттері, қошақан, құстардың дауысы.                                            

Қостілдік компонент: Орман –лес, саяхат – прогулка.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы Балалар, бүгін сендер барлықтарың сондай әдемісіңдер. Біздің есікті біреу қағып тұр. Қане, барып ашып көрейік.  

Балаларды қызықтыру.

Іздену-ұйымдастыру-шылық Топқа қонаққа қошақан келеді.

Қошақан: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен көгалда жайылып жүріп, достарымнан адасып кеттім, сендер менің  достарымды білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине,  қошақан,  біздің балалар сенің достарыңды біледі. Қазір теледидердан қарап, саған атап береді.

Қошақан: Рахмет, балалар!

Тәрбиеші: Ал, енді біздің балалар саған арнап өз тақпақтарын айтып береді.

Тәрбиеші: Қошақан,  біз балалармен  бірге орманға  саяхатқа барамыз. Сен бізбен бірге барғың  келеді ме?

Қошақан:Әрине, барамын.

Тәрбиеші:Ол жаққа бару үшін балалармен бірге  сиқырлы  сөздер  айту керек.

Айналамыз, айналамыз,

Құс болып  ұшамыз.

Орманға барамыз.

Әдемі әуен қосылады.

—          Міне,  балалар, біз орманға

келдік.  Орманда нелер өсіп тұр екен? Ал, шыршаның түсі қандай екен?

Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді шыршаға қарайықшы, шыршаның басында қандай құстар отыр екен?

Ой, шыршаның түбінеқараңдаршы  қандай жануарлар отыр? Балалар қошақанға  айтайықшы бұл  жануарлар қалай аталады?

Енді қошақан орман жануарларын жабайы  аңдар деп атайтынын  білетін болды.

Қошақан: Рахмет, балалар! Ой менің анам мені іздеп қалған болар мен қайтайын. Ой, балалар мен ұмытып барамын. Менің кішкентай мөшегімде тәтті сыйлықтарым бар.  Оны тәрбиеші апайларыңа беремін. Ал, тәрбиеші апайларың топқа барғанда бөліп береді.

Тәрбиеші: Балалар,  қошақанға не айту керек?

Ал, енді  балалар  сиқырлы сөзімізді  айтып, топқа қайтайық.

Балалар қошақанға қатты қуанады.

 

Сәлеметсіңбе қошақан.

 

 

 

Балалар теледидардан қарап, үй жануарларын атап береді.

 

Балалар төрт түлік жайында тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталап, қимыл жасайды.

 

 

—          орманда шыршалар өсіп тұр.

—          шыршаның түсі жасыл.

 

—          шыршаның басында сауысқан, қарға отыр.

 

 

—          Шыршаның түбінде  аю, қасқыр, түлкі отыр.

—          Жабайы жануарлар деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Рахмет саған қошақан, сау бол.

 

Айналамыз, айналамыз,

Құс болып  ұшамыз.

Тобымызға қайтамыз.

 

Рефлексивті-түзеуші

-Балалар, бізге бүгін қонаққа қандай үй жануары келді?

Ал, біз  қошақанмен  бірге қайда  серуенге бардық?

-Орманда қандай жануарларды көрдік?

Сендерге саяхат ұнады ма?

-Бізге қошақан келді.

 

-Біз орманға саяхатқа бардық.

— Орманда қасқырды, аюды, түлкіні көрдік.

— Иә, бізге саяхат ұнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Құстармен жануарлар жайында түсініктерін бекіту.

Қалыптасуыкерек: Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне белсене қатысады.

Меңгеруі керек:Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *