Басы » Арнаулы курс » Қазақ халқының дүниетанымы-химия әлемінде (Үйірме жұмысы)

Қазақ халқының дүниетанымы-химия әлемінде (Үйірме жұмысы)

сканирование0013

АКМАГАНБЕТОВА Бакыт Камалиденовна

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев селосындағы

Оспан Әлібаев атындағы орта мектептің

химия пәнінің мұғалімі

( 8 сынып, 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Үйірме жұмысы

Түсінік хат

      Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан — 2030. Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінігі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынысымен,  ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі, дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту көзделеді» деген яғни еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

        Қазіргі мектеп алдындағы негізгі міндеттің бірі әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнделікті өмірден көретін, еститін заттары мен құбылыстары үлкен орын алады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жиналған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт — дәстүр, әдет — ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал — мәтел, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына.

       Халықтық педагогика дегеніміз — тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы  қалыптасқан педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.

       Химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың химия ғылымына, пәніне сүйіспеншілігін, қызығуын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.

       Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігі ерте кезден — ақ химияның негіздермен байланысып жатқандығын сызбанұсқадан көруге болады.

Сонымен химияны бұрынғы ата — бабаларымыз қолданған химиямен байланыстыру оқушының қызығушылығын тудырып, ойлау қабілеттерін арттыру үшін «Қазақ халқының дүниетанымы-химия әлемінде» атты үйірме жұмысының жоспарын ұсынып отырмын.

 

Үйірменің мақсаты:

— Жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен,ұлттық тәрбиенің озың, өнегелі дәстүрімен тереңірек таныстыра отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру;

— Қазақ халқының тұрмысындағы химияның маңызын зерттеу арқылы оқушының

химия пәніне қызығушылығын арттырып,  дамыту;

— Халық педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың бойына халықтың мол тәжірибесін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сіңіру, адамгершілікке, имандылыққа, ізділікке тәрбиелеу;

— Патриоттық сезімін оята отырып, еліне, туған жеріне, табиғатын қорғауға тәрбиелеу;

Міндеттері:

— Оқушылардың теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу;

— Оқушылардың пәнге қызығушылығын танымдық белсенділікті арттыратын қызықты тәжірибелер арқылы ояту;

— Оқушылардың біліктілігін арттыру;

— Оқушыларды өз бетімен ізденуге үйрету;

— Жаңа ақпараттық технология әдістерін қолдану арқылы білімдерін  тереңдету;

— Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып, әсер ету;

Оқытудың формасы: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық

Оқытудың әдіс-тәсілдері: дәріс, практикалық жұмыс, конференция, әңгіме.

«Қазақ халқының дүниетанымы — химия әлемінде» атты үйірме жұмысының құрылымы.

 

р/р

Тараулар

Сағат

саны

Оның ішінде

Теориялық

сабақ

Практикалық сабақ

I

Кіріспе.

3

3

II

Химия — халық ауыз

әдебиетінде.

2

2

II

Ұлттық тағамдар химиясы.

9

7

2

III

Химия — халықтық медицинада.

5

4

1

IV

Сабын алудың халықтық технологиясы.

6

6

V

Тері илеудің халықтық технологиясы.

3

1

2

VI

Ұсталық, зергерлік өнері  –

химия әлемінде.

а) Металл өңдеу

ә) Ағаш өңдеу

3

3

3

1

2

 

Тақырыптық жоспар.

Сабақ

                                 Өтілетін тақырыптар

Сағат

саны

1.

2.

3.

Кіріспе.

Зерттеу жұмыс кезіндегі лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

Ертедегі қазақ халқының дүниетанымы

Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігіндегі химия.

1

1

1

I.

Химия — халық ауыз әдебиетінде.

4.

Металдар —  халық ауыз әдебиетінде.

1

5.

«Су», Ас тұзы» тақырыптарына мақал — мәтелдер, нақыл

сөздер, жұмбақтар.

1

II.

Ұлттық тағамдар химиясы.

6.

Ұлттық тағамдардың негізгі қасиеттері.

1

7.

Ұннан жасалған тағамдар.

1

8.

Ұлттық ет тағамдары.

1

9.

Сүттен жасалатын тағамдар.

1

10-11.

Ертедегі қазақ халқының «ашу» процесінің пайдалануы.

2

12.

Қымыз бен шұбаттың негізгі емдік қасиеттері.

1

13.

Ұлттық тағамдардың сіңілімділігі мен қуатының адам организміне әсері.

1

14.

Практикалық сабақ: «Тамақ өнімдерін тексеру.»

1

III.

Химия — халықтық медицинада.

15-16.

Қазақтағы халық медицинасындағы емдік қасиеттері бар қосылыстардың құрамы, қасиеттері, қолдану жолдары.

2

17.

Дәрілік өсімдіктердің түрлері.

1

18.

Дәрілік өсімдіктердің ағзаға әсері.

1

19.

Емдік дәрі дайындауға қажетті өсімдіктерді тұрмыста қолдана білу.

1

IV.

Сабын алудың халықтық технологиясы.

20-21.

Алаботаны өртеп, күл құрамындағы микроэлементтерді

анықтау

2

22.

Күл ерітіндісіндегі тұздардың ионын анықтау.

1

23-24.

Халықтық тәсілмен сақар алу.

2

25.

Сақардың құрамын анықтау.

1

V.

Тері илеудің халықтық технологиясы.

26.

Мал терінің түрлері мен атаулары.

1

27-28.

Практикалық жұмыс: «Аң терлерін илеу.»

2

VI.

Ұсталық, зергерлік өнері — химия әлемінде.

а) Металл өңдеу

 29.

Ұсталық, зергерлік өнері.

1

30.

«Темірші ұста»

1

31.

«Мыскер»

1

а) Ағаш өңдеу

32.

Ағаштың түрлері және шеберлік сыры.

1

33-34.

Практикалық жұмыс: «Ағашты пияздың қабығымен бояу.»

2

 

Мазмұны:

Кіріспе.

Зерттеу жұмыс кезіндегі лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және алғашқы көмек.

Ертедегі қазақ халқының дүниетанымы.

Ертедегі ата — бабаларымыздың түсінігіндегі химияның көрінісі: сүттің ашып, айранға айналуы, түтіннің етті бүлінуден сақтауға, күбіні ыстауға пайдалануы, оттың, судың ерекше қасиеттерін пайдаға жарата білу, металл өндіру, өсімдіктерден бояу алу және т.б.

Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігіндегі химия.

Қазақ халқының күнделікті тұрмыс – тіршілігіндегі,  салт- дәстүріндегі химияның маңызы туралы түсінік.

Химия — халық ауыз әдебиетінде.

Қазақ халқының ерте замандағы өмірлік болмысы, құрал- жабдықтары, тұрмыстық бұйымдары, қару жарағы туралы мәліметті ауыз әдебиеті беретініне  көз жеткізу.

Ұлттық тағамдар химиясы.

Денсаулық және ұтымды тамақтану жөнінде мағлұмат беру.Тиімді тамақтанудың маңыздылығы туралы түсінік.Ұлттық тағамдардың негізгі қасиеттеріне тоқталу.

Шұбат пен қымыздың емдік қасиеттері жөнінде түсінік. Ұлттық тағамдардың сіңілімділігі мен қуатының адам организміне әсері.

Практикалық сабақ: «Тамақ өнімдерін тексеру.»

Тамақ сапасын анықтауды үйрету.

Химия — халықтық медицинада.

Қазақтың халық медицинасындағы емдік қасиеттері бар қосылыстардың, дәрілік өсімдіктердің құрамы, қасиеттері, адам ағзасына тигізер әсеріне тоқталу.

Сабын алудың халықтық технологиясы.

Алабота, күнбағыс, сексеуіл өсімдіктерін қолданып сабын өндіру және сабынның экономикалық, әлеуметтік,экологиялық, гигиеналық маңызы.

Тері илеудің халықтық технологиясы.

Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігіндегі, шаруашылық жайындағы, қолөнер саласындағы тері өңдеу өнерінің маңыздылығы. Тері илеудегі айран мен сарысудың қолданылуы. Иленген теріден жасалатын бұйымдар.

Ұсталық, зергерлік өнері — химия әлемінде.

Қазақ халқының өнерінің алғашқы даму кезеңінің археологиялық ескерткіштері. Ұсталық, зергерлік өнері туралы тарихи деректер.Әр түрлі металдардан жасалған бұйымдардың сан алуан түрлігі туралы түсінік.

Күтілетін нәтижелер:

— Оқушылар химия пәнінен алған білімін іс жүзінде ауыл өмірмен байланыстыра, пайдаланады;

— Ғылыми анализ жасап, оны салыстырып, талдау қабілеттерін дамытады;

— Ақпарат құралдармен өз бетінше жұмыс істей алады;

— Ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиеленеді;

— Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселесін қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеу;

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. «Алматы кітап»  2007. 383 бет

2.Дәркембайұлы Д. Қазақтың дарқан дастарқаны. Алматы «Алматы кітап» 2007. 186 бет

3. Болаткулова Р. Қазақстанңың қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы «Алматы кітап»2006. 180 бет

4.Ахметжан К.Қазақтың қару — жарағының этнографиясы. Алматы 2006. 215 бет

5.Подьячева Е.А и др. Практикум по химии. 160 с

6.Усманова М.Б. Химия. Алматы. «Атамұра», 2005. 239 бет

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы «Алматы кітап» 2007. 272 бет.

2.Гульмирова О. Қазақстан елімен сиқырлы саяхат. Шымкент: «Шикула и К» 2003. 192 бет

3.Сәулетбекова М.С Химия анықтамасы 8-11 сыныптар. «Арман-ПВ», 2005. 304 бет

4. Усманова М.Б. Химия.Алматы.»Атамұра», 2005. 239 бет

5.Т.С.Назарова, В.Н.Лаврова. Карты-инструкции для практических занятий по химии.

М.Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2005. 95 с

6.Қазбеков М.Химия тұрмыста

Алматы.Қазақстан. 1989, 208 бет

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *