Басы » Бастауыш сыныптар » 3 сынып Әдебиеттік оқудан І тоқсанға тест

3 сынып Әдебиеттік оқудан І тоқсанға тест

1 тАстана қаласы
№70 мектеп — лицей
бастауыш сынып мұғалімі
Умирбаева Гулбану Дюсенбеккызы
3 сынып Әдебиеттік оқудан І тоқсанға тест
Аламатыкітап баспасының оқулығы бойынша
1- нұсқа
1. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңнің авторы кім?
а) Ы. Алтынсарин
ә) Б. Момышұлы
б) Ж. Аумауытов
2. Нұрсұлтан Әлімқұловтың айтуынша жаз айында жүргенде ненің «сыңғырлаған әсем әнін» сағындық?
а) үнтаспаның
ә) әншінің
б) қоңыраудың
3. Нан қайдан шығады?»- деген сұраққа Тышқанның алған жауабы
а) нан ұннан пісріледі
ә) комбайыншы- қырманшы- диірменші- наубайшы – сатушы
б) Нан еңбек арқылы табылады
4. «Автобиографиялық әңгіме» кімнің өмірі туралы жазылған?
а) Мұхтар Әуезов
ә) Ғабит Мүсірепов
б) Қадыр Мырза Әли
5. «Жүрек жалғау» тіркесінің мағынасы
а) өмірді жалғастыру
ә) тамқтану
б) кітап оқу
6. Балаларды жақсылыққа жетелейді:
а) ұйқы, жақсы демалу, ойын
ә) фильм, ертегі, компьютер
б) еңбек, оқу, өнер, спорт, кітап
7. Асылбектің ең осал жері
а) сабақ
ә) кітап
б) достық
8. Жұмбақ пен жаңылтпаш дегеніміз не?
а) монолог
ә) өлең
б) Халықауызәдебиеті
9. «Туған тілім» өлеңін кім жазған?
а) А. Құнанбаев
ә) Ы. Алтынсарин
б) Д.Әбілеев
10. Шық қай кезде пайда болады?
а) Күн жаңа шығып келе жатқанда
ә) Жаңбыр жауған кезде
б) Күн батар кезде
11. Қабдыкәрім Ыдырысоытың өлеңінде «Қияға шығу» тіркесінің мағынасы
а) қырға шығу
ә) қиын жолдан өту
б) биіктен көріну
12. адам баласының табиғат алдындағы, өмірдегі қиындықтарды жеңу арманынан туған ертегілер, бұл
а) тұрмыс-салт ертегілері
ә) қиял-ғажайып ертегілер
б) хайуанаттар жайлы ертегілер
13. «Қойшының баласы» ертегінің қай түріне жатады?
а) тұрмыс-салт ертегілері
ә) қиял-ғажайып ертегілер
б) хайуанаттар жайлы ертегілер
14. «Жаздыгүні көп байланғаны есіне түсіп, арық құлынды аяп отырған» кімдер?
а) малшылар
ә) қымызшылар
б) пысық әйелдер
15. Шығармадағы негізгі ой, суреттелген өмір, оған автордың көзқарасы, қорытындысы
а) шығарма идеясы
ә) тақырып
б) кейіпкер

2 — нұсқа
1. «Кітап қадірі» мәтінініндегі Ғабитхан кім?
а) мұғалім
ә) ауыл малшысы
б) Абай ауылындағы татар молда
2. Абайды кітапқа құмар еткен кім?
а) анасы Ұлжан
ә) ұстазы
б) әжесі Зере
3. Кімнің «бүкіл ғұмыры түс көруден тұрады»?
а) Мақтаншақ
ә) Ұйқышыл
б) Кітапқұмар
4. Көтерілсе аспандай
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп. Қай өлең жолдары?
а) «Қазан» Н.Айтов
ә) «Мұғалім»Қ.Ыдырысов
б) «Күз» Т.Жароков
5.Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
а) оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма
ә) жазу өнері қалыптаспаған кезде ауызша тараған әдеби туындылар
б) шағын көлемді поэзиялық шығарма.
6. «Төс қағысып, дос болыпты» деген тіркеске қай мақал сәйкес?
а) Жақсыдосүшінжанпида
ә) Мал өсірсеңқойөсір, өніміоныңкөл-көсір.
б) Бірлікеткенозар,
7. «Ма-лянның сиқырлы қылқаламы» ертегісінің идеясы?
а) еңбек, ізденіс, қайырымдылық қасиеттерінің арқасында жақсы өмірге қол жеткізу
ә) білімді болуға шақырады
б) еңбекқор адам болу
8. Қай жауап дұрыс?
а) Өлеңді ақын жазады
ә) Өлеңді әнші жазады
б) Өлеңді жазушы жазады
9. Өмірде болған, болатын оқиғалар қарапайым адамдар арқылы бейнеленген ертегілер, бұл
а) тұрмыс-салт ертегілері
ә) қиял-ғажайып ертегілер
б) хайуанаттар жайлы ертегілер
10. мақалды аяқта: Еңбек етпесең, елге өкпелеме,…
а) Білмесең, білгенге өкпелеме
ә) Еріншектік ерді аздырар
б) Егін екпесең, жерге өкпелеме
11. Күзем деген не?
а) малдың жүнін күзде қырқу
ә) шөмеле шөп
б) құлындарды байлау үшін екі қазыққа кере тартылған арқан
12.Қай жұлдыз «әдеттегіден биіктеп, шақырайып тұрса» — қыс қатты болады дейді?
а) Үркер
ә) Шолпан
б) Жетіқарақшы
13.Жерге, бұлтқа, күнге, анасына алғыс айтқан кейіпкерлер
а) Қасым мен Хасен
ә) философ пен ғалым
б) әке мен бала
14. Жазушының шығармасындағы негізгі ой
а) шығарма идеясы
ә) тақырып
б) кейіпкер
15. Бұрынғы жер жырту құралы
а) ағаш соқа
ә) қол орақ
б) трактор
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *