Ізбасова Әсем
Сабақтың тақырыбы: Қол тігіс түрлері
Мақсаты:
а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;
ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;
б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттері
Сабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу
б) Оқушыларды топқа бөлу
2. Сабаққа дайындық.
1,2,3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру
1. Маталардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?
3. Кез-келген бұйым тігу үшін матаны қалай таңдаймыз?
4. Жаңа сабақ
Ой қозғау (жұмбақты шешу)
Кірш – кірш етеді
Ішіне кіріп кетеді
(ине)
Бір тышқанда екі құйрық
(ине мен жіп)
Кіріспе сөз.
Көктеу, жөрмеу, тепшу
Қиғаш сәндік
Ілмек тігіс
Таңдай тігіс, түйін тігі
Қайып тігу, түгу тігіс тышқан із тігіс, шалық торлау.
Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.
Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет.
Қиғаш сәндік. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады.
Ілмек тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
5. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі.
Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.
Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал.
Қайшыны досыңа сілкілемей бер.
Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.
6. Сергіту сәті
7. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны
1-гейм. «Бой сергіту» топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді.
Тапсырма:
1. Қазіргі кездегі қолмен іс тігетін тігіншілер туралы айту?
2. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады?
3. Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет?
4. Тігістің түрлерін ата?
5. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(ілмек)
6. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (қиғаш тігіс)
2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғырлар» топ мүшелері сандықтан нөмірлері конфет алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ капитандары жауап береді.
Тапсырма:
2-нөмір.
Жұмбақ.
Қылыштасты ағайынды екі батыр
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр
Аағайынды екеуінің кескілесі
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (қайшы)
4-нөмір.
Жұмбақ
Жүрген сайын жүйрігім
Қысқартады құйрығын (ине)
3-нөмір.
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру.
1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі
2. Жіптің ұзыны жақсы
Сөздің (қысқасы) жақсы
5-нөмір.
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру
1. Тігінші кем істейді
(Үтік) тегістейді
2. үйренгенің (өзіңе) құт
Істегенің еліңе құт
3-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.
1. Қандай тігіс түрлерін білесің?
2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
3. Ине не үшін қажет?
4. Мата түрлерін ата?
5. Қиғаш тігіс қалай орындалады?
8. Үйге тапсырма беру.
Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру.
9. Бағалау
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.
[bws_related_posts]