Басы » Кембридж бағдарламасы » Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу

gulnar

Кусаинова Гульнар Ибрагимовна, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақ мектеп – гимназиысының математика пәні мұғалімі

Күні/айы  23.04 Пәні  математика  6 а сыныбы Сабақ №178
Сабақтың  тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
Жалпы мақсаты Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік, алмастыру, қосу тәсілдерін қолданып шешу
Сабақтың түрі қорытынды
Оқыту әдістері Ыстық орындық. Жеке,жұптық, топтық.
Күтілетін нәтижелер Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік, алмастыру, қосу тәсілдерін қолданып шеше алады
Ресурстар Оқулық, таратпалар,
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушыларды қарсы алу.Топқа бөліу ережесімен таныстырады.Бүгінгі сабаққа , оқушыларға сәттілік тілейді.

Бүгінгі күндерің сәттілікке толы болсын!

 

Бағалау парағымен таныстырады

Топ көшбасшысын, хатшысы мен уақыт қадағалаушыны сайлауларын сұрайды.

Оқушылар сыныпқа енеді. Орындықтарға отырады.Стол үстіндегі 1,2,3,4,5,6 цифрлары жазылған кеудеге қадағыштар теріс қаратып орнатылған , соларды бір-бірден ала отыра түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.Әр топ басқа топтарға тілектерін айтады.

Барлықтарыңа жақсы баға тілейміз.

   Мектебімізге хош келдіңіздер, қонақтар!

   Әрқашан жүздерің жарқын болсын.

   Математика сабағы жақсы өтсін.

1,2,3,4,5,6 цифрлары жазылған нумерацияларды оқушылар кеуделеріне қадайды

Бағалау парағына оқушылар аты-жөндерін жазып қояды.

Дәптерлеріне:

Сәуірдің 23-і.

Сынып жұмысы

Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу.

Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Мұғалім: Бүгін сәуірдің 23-і, ерекше күн. Осы күннің ерекшелігі неде екендігін интернеттен іздеп көріңдер.Кітапханашы:23- сәуір Дүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы — тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері — 1616 жылғы сәуірдің 23-і.Мұғалім:Сондықтан да бүгінгі сабағымыз кітапханада, кітаптар арасында өтеді.Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабағымызда екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуде әртүрлі тәсілдерді қолданамыз. Ал кітапханашы апайларың  кітаптардың ерекше түрлерімен таныстырады.. Интернеттен бүгінгі күннің ерекшелігін іздейді.Дүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні.

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысын тексеру Ыстық орындықБір оқушы ортаға шақырылады. Үй тапсырмасының жауаптарын оқиды.Бағалау парақтарын толтырады Үй жұмысын тексереді. Ыстық орында отырған оқушының жауабымен келіссе —  жасыл жалаушаларын, келіспесе — қызыл жалаушаларын көтереді.Әр оқушы бағалау парағындағы “Үй жұмысы” пунктін толтырады.
Теориялық материалдарды  талдауБілу, түсіну Әр топ өз топтарына бөлінген сұрақ бойынша теориялық материалды қайталайды, сыныпқа хабарлайды, теорияға сай мысалдарының шешу жолын көрсетеді 1 топ. Графиктік тәсіл2 топ. Алмастыру тәсілі3 топ. Қосу тәсілі: бірінші, екінші  жағдайлары

4 топ. Қосу тәсілі: үшінші жағдай

Қолдану Жеке жұмысты орындау тәртібімен таныстырады.1. Әр топтан бірінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.Жауабы: x=-2; y=2

2. Әр топтан екінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=1; y=2

3. Әр топтан үшінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=-2; y=3

4.Әр топтан төртінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=2; y=4

5.Әр топтан бесінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6; y=1

6.Әр топтан алтыншы номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=2; y=4

Кітапханашы:

Әлемдегі ең үлкен кітап«Жер» деп аталады.Ені 2 метр, ұзындығы 3метр. Бұл кітаптың әр томы 100 мың долларға бағаланады. Алып кітап барлығы 31 том­нан тұрады. Әр томның салмағы 35 келіден асады. «Жер» жинағына әлем­нің қазіргі заманғы география­лық картасы және дүниежүзінің көрнекті орындарының фотосуреттері топтастырылған

 

Әлемдегі ең кішкентай кітап. Бұл кітапта не жазылғандығын жай оқу мүмкін емес. Оның тым майда жазылғандығы сонша, тек 600 рет жақындатқанда ғана көруге болады.

Топтың бірдей номерлі оқушыларына бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырма екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуге негізделген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушы бағалау парағын толтырып отырады.

 

Талдау Жұптық жұмысты орындау.1 және 2 номерлі оқушылар бірінші жұп, 3 және 4 номерлі оқушылар екінші жұп, 5 және 6 номерлі оқушылар үшінші жұп.Әр топтан бірінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=10, y=12

Әр топтан екінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6, y=10

Әр топтан үшінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6, y=8

Кітапханашы: Адам құқығын қорғайтын  кітап бар, ол Қазақстан Республикасының Конституция кітабы. Бұл кітапта барлық заңдар мен баптар жазылған

Адам құқығын қорғайтын кітап бар болса, жоғалуға аз қалған жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын

Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

 

Енді сендерге жұмбақ жасырайын. Аты Қызыл кітапқа енген, бамбук ағашының жапырағы мен тамыры арқылы қоректенетін, өздерің кішкене кездеріңде сүйіп көретін кунг-фумен айналысатын  мультфильм кейіпкерін атай аласыңдар ма?

Ия, бұл панда аюы, ол сендерге бойларыңды  сергітіп, жаттығулар жасауға шақырады.

Әр жұп теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен орындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптарын тексерген соң бағалау парағын толтырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Панда аюымен ілесіп, сергіту сәтін өткізеді.

Синтез Топтық жұмыс.Кезектесіп әр топ жауаптарымен таныстырады.Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. Екеуінің  аудандарының қосындысы 146 . Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тіктөртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44  артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 6 см, 8 см.

Кітапханашы:

Халықаралық, республикалық ғылыми жобалар жеңімпаздары, олимпиада жүлдегерлерінің жетістіктері республикалық  “Надежды Казахстана” кітабында жазылады. Біздің мектебімізден 11 сынып оқушылары Найман Аманбол, Ермек Саят, Нүрпеисов Батыржан халықаралық жоба, республикалық олимпиада жеңімпаздары, олардың есімдері осы кітапта жарияланатын болады. Сендердің сыныптастарың Ибрагимова Аида және Калыкова Елдана да республикалық “Зерде”ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары. Болашақта сендердің де есімдерің осы кітапта жазылатын болсын.

Топ бірлесіп тапсырманы орындайды. Хатшы есептің шешімін жазады. Уақыт бақылаушы уақыт мөлшерін айтып отырады.Топтық жұмыста қай оқушының көмегі көп болды, сол оқушының есімін жазады.
Бағалау: Бағалау парағының қорытындысы шығарылады.1 топ: Бүгінгі сабақта саған не ұнады?2 топ: Бүгінгі сабақта не ұнамады?

3 топ: Өз мүмкіншілігіңді толық қолдана алдың ба?

3 топ: Келесі сабақта не өзгертер едің?

 

Кітапханашы:

Біздің мектебіміздің кітапханасынан сендердің сыныптарың бойынша ең көп кітап алып оқитын оқырманды анықтадық. Сол оқушылардың есімдерін атап өтейік.

Марапаттау.

23-сәуір халықаралық кітап күнінде ең үздік кітапхана оқырманы 6 А сынып оқушысы  Қалықова Елдана және Қанағат Қарлығаш  марапатталады.

Үй жұмысы №1562
Қосымша оқу Кітаптың шығу тарихымен танысу
Оқушылардың рефлексиясы Оқушылар сабақ басында алған стикерлеріне бүгінгі сабақтың қорытындысын жазып, білім кітабын толтырады.
Рефлексия Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын, оның дәлелі ретінде келген қонақтардың сабақ соңында берген бағасын айтуға болады.Оқыту мақсаты шынайы, қолжетімді болды. Оқушыға таныс емес іс-әрекеттер болған жоқ.Бүгін оқушылар екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешудің бірнеше әдістерін көрсетті.Оқыту ортасы бірқалыпты, балаларға қысым түсіретіндеі әрекеттер болған жоқ, оқушылар өздерін еркін сезінді, қажет уақытында орындарынан тұрып, ақпарттық столдан өздеріне түсініксіз сұрақтардың жауаптарын да ала білді. Уақыт ұтымды пайдаланды. Жоспарланған кезеңдер толығымен жүзеге асты.
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)1.оқушылардың өзін-өзі бағалауы2.сабақтың өмірмен байланысы
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты1.Оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгеренін келген қонақтар да , ұстаз да олардың жауаптары бойынша анықтай білді2. оқушылардың дәптерде жұмыс атқаруларын жекелеген ұстаздар ғана аралап көріп шықты. Барлығына бірдей көрнекті болу үшін тақтада көрстіп жіберген де дұрыс болар еді.
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? Мейірбек көпшіліктің алдында абдырап қалды. Ойын жинақтауға біраз уақытын жіберіп алды. Сол сияқты оқу озаты Тимур да сабақтан соң өзін бұл сабақта толық мүмкіншілігін қолана алмағандығын білдірді. Себебін сұрағанымда есептің басында қате жіберіп алып, сол қатемен соңына дейін жеткендігін, ал жауабын тексеруде теңдеуді қанағаттандырмайтындығын анықтаған, қайта шыңаруға уақыт шектеулі, бар зейінін салмағандығын білдірді.

Бағалау парағы

Оқушының аты жөні:___________________________________________________

1 Үйжұмысынтексеру Үйжұмысынтолық, қатесізорындадым 2 ұпай
Үйжұмысынорындаудақатежібердім 1 ұпай
Үйжұмысынмүлдеморындамадым 0 ұпай
2. Теориялықбілімдіқайталау Екіайнымалысы бар теңдеулержүйесіншешутәсілдерінтолықбілемін, талдауғақатыстым 2 ұпай
Екіайнымалысы бар теңдеулержүйесіншешутәсілдерінтолықбілемін, талдауғақатыспадым 1 ұпай
Екіайнымалысы бар теңдеулержүйесіншешутәсілдерінтолықмеңгермедім. 0 ұпай
3.Жеке жұмыс Есептіңдұрысшешімінтаптым 2 ұпай
Есептіңшешімініңбірмәніндұрыстаптым 1 ұпай
Дұрысшешімінтаппадым 0 ұпай
4. Жұптықжұмыс Есептіңтолықдұрысшешімінтаптым 2 ұпай
Есептіңшешімінтаптым, қосымшасұраққажауапбермедім 1 ұпай
Есептіңдұрысшешімінтаппадым 0 ұпай
5. Топтықжұмыс Есептіталдауғақатыстым, дұрысшешімінтаптым 2 ұпай
Есептіталдауғақатыстым, дұрысшешімінтаппадым 1 ұпай
Есептіталдауғақатыспадым, дұрысшешімінтаппадым 0 ұпай
Талдаудакөпүлесқосқаноқушыныңесімі:
Сабаққорытындысы 9-10 ұпай 5 баға
7-8 ұпай 4 баға
3-6 ұпай 3 баға
0-2 ұпай 2 баға
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *