№9орта мектеп
«Ғажайып күз кереметі»
«Балдырған» тобы
Тәрбиеші:ТажигуловаН.С
(Ән таспасы ойнап тұрады . Балалар залға көңілді әуенмен кіреді)
Тәрбиеші;
Келді міне Алтын күз
Сары шашты жарқын күз
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз
Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар.Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді .Күзді құрметтеп қошеметпен қарсы алайық .Бүгінгі «Ғажайып күз кереметі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Ән; «Күз жомарт» ( Хормен)
Жүргізуші ; келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік .Ортаға; Арсен , Бекжан.Жайдар, Медина,Камалды шақырайық
Арсен ;
Күзім-ау күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Бекжан ; Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Жайдар ; Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Әй жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Медина ; Алтын, сары, өызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Камал ; Мейірлі күз,мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Жүргізуші ;
Өрік, шие, алма ,алша
Жидек, жүзім піседі
Қауын ,қарбыз ,қияр
Сәбіз қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
Балалар ; Күз мезгілінде болады
Жүргізуші; Дұрыс айтасыңдар.Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
Жүргізуші;Ендеше балалар ортаға күз ханзадасы мен ханшайымын щақырайық
(Әуен ырғағымен ішке алтын киімін киген түрлі –түсті Жапырақтар таққан хан мен ханзада кіреді)
Күз ханзадасы; Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жайдарлы күз ,жарқын күз
Аяулы күз ,алтын күз – мына мен боламын!
Қымбатты ата-аналар балалар күз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші; Қош келдің алтын күз аруы .Өзіңмен бірг береке,байлық, молшылық,тоқшылық ала келдіңіз.Оған біз өте қуаныштымыз.Төрлетіңіз,балалардың дайындаған сый қошеметін қабыл алыңыз
Ән ; «Балапан»Балдырған тобы
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлерің бар
Жүргізуші ;. Ортаға ; Айкөркем, Асылай, Ибрахим ,Айшат, Ақнұр, Айсана өз тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Айкөркем ; Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Асылай; Үйрек үйрек қаздарды
Шулайды көл жағасы
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады
Ибрахим; Ұшты талдан жапырақ
Сары көйлек секілді
Аспанда жәй шатырлап
Тамшы жерде секірді
Айшат; Дала сары секілді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық ,алтын дән
Ақнұр, О, алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып –ап
Айсана ;Алма пісіп ,алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды
Жүргізуші ;Көрдіңіз бе күз ханшайымы қандай өнерлі біздің балалар.Олар сізге қолшатыр мен би билеп бермекші,
Би ; «Қолшатыр» ( Медина,Назерке,Нұрбағыт,Диана )
Жүргізуші ;Күз ханшайымы сіздің бізге әкелген қандай сыйыңыз бар?
Күз ханшайымы ; Балалар сендер өте тамаша билейді екенсідер . Мен сендерге сыйлыққа ойын әкелдім . қәнекей бәріміз бірге ойнайықшы.
Ойын «КІМ ТЕЗ ЖАПЫРАҚТАРДЫ ЖИНАЙДЫ» ол күздің белгісі Қәне балалар кім ортаға шыққысы келеді
Күз ханшайымы ;Жарайсыңдар балалар тағы қандай өнерлерің бар
Ән ; « Болайықшы осындай » хор
Күз ; Қандай өнерлі балалар ! Рахмет сіздерге! Рұқсат етсеңіздер ендігі кезекті менің дақылдарыма берсек . олардың да сіздерге арналған сыйы бар.
Сұлтан (Бидай );Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын
Нұрлыаян (тары) ;Түс жағынан сарымын
Мен атақты тарымын
Еңбегіңнің жемісін
Қайтарамын қарымын
Құндыз(Арпа) ; Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты артамын
Машинаға тиеліп
Елге қарай тартамын
Гүлім(Сұлы) ;Мен сұлымын шырағым
Барлығына ұнадым
Ауырлаған басымды
Көтере алмай тұрамын
Би ; « саңырауқұлақ »Гүлім,Нұрай,Айымгул,Айкөркем.
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар балалар тағы қандай өнерлерің бар
Жүргізуші ;Балалар ойнап бір тынығып алдық енді Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды жалғастырайық Ортаға;Айымгул,Гулім, , Асфендияр,Бекет,Инаят.
Айымгул ;
Астық жеміс жиналды
Қамбаларға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдым өнім сиымды
Гулім;
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Асфендияр;
Алма өрікті қамбаларға
Толтырыпты Алтын Күз
Шәкірт болып парталарға
Отырыпты Алын күз
Бекет ; Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Инаят; Келші , келші алтын күз
Келші ,келші жарқын күз
Мерекені жалғастырып
Ойнап күлші алтын күз
Ән « Мереке » (хормен )
Күз аруы; Ал балалар бәрің шеттеріңнен өнерлі , ақылды сүйкімді екенсіңдер ,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты мен кетейін Сау болып тұрыңдар Келесі кездескенше
Жүргізуші;Балалар күз Ханшайымына рахмет айтайық келесі кездескенше сау болыңыз сау болыңыз күз ханшайымы Құрметті ата-аналар осымен «Ғажайып күз кереметі»Атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет! Балалар Алтын күздің сыйы жемістерден дм тартаттаын кез келген сияқты мерекені топқа барып жалғастырайық
[bws_related_posts]