Көбейтудің терімділік, үлестірімділік қасиеттері
.
/3 сынып/ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Түрлі ойындар ойнату арқылы көбейткіштерді санға көбейту, қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға жағдай туғызу. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету. Тәрбиелік: интербелсенді тақтамен жұмыс жасау арқылы білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Көбейтудің қасиеттерін іс жүзінде пайдалана алып, есептеуде тиімді тәсілдермен шығарады. Интерактивті тақтада жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады. Сабақтың түрі: пысықтау. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карташалар, электрондық оқулық. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке». ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау. — Көбейтудің қандай қасиеттері бар? — Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не? — Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не? 1) Тақтаға жазылған есептерді шығару: 6 х 2 х 5 = ; ( 3 + 5 ) х 6 = 2) Дидактикалық ойын: “ Компьютер” 3 * 3 * 2 / 3 * 4 / 8= 2 * 6 / 4 *7 / 3 * 6 = Сандарды ретімен көбейту,бөлу. 3) Электрондық оқулықпен жұмыс. 3 минутқа берілген тапсырманы орындау. Көбейту, бөлу кестесін қайталау. ІІІ. Жаңа сабақ. 21 ғасырды елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім кезеңі деп белгілеген. Білімге көп назар аударылған.Өйткені еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенеді. Мемелекеттің негізгі тірегі – білімді, білікті, дарынды адамдар.Олай болса, еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімізді жұмсайық! Болашаққа қадам жасау күнделікті сабақ үстінде алған білімдеріңнен басталады. — Бүгінгі сабағымызда “Білім шыңына” көтерілуіміз керек. Оған көтерілу үшін тапсырмаларды орындау керекпіз. Ол үшін екі қатарға бөліндік. Сол жақта отырған оқушылар сол баспалдақпен көтеріледі ( яғни сол жақтағы есептерді шығарады). Оң жақтағы оқушылар оң баспалдақпен өрлейді. Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына! Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізеді сіздерді Математика сырына! Жолға шығарып салайық, Ал сайысты бастайық!