Басы » Tәрбие сағаттары » Балаларға және жасөспірімдерге арналған ойындар

Балаларға және жасөспірімдерге арналған ойындар

Ақмола облысы  Бұланды ауданы Макинка қаласы Балуан Шолақ атындғы мектеп-лицей тәлімгері

Балаларға және жасөспірімдерге арналған ойындар

Қай халықтың болмасын ойын-сауығы болады. Өсіп келе жатқан баланың тілін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, шапшаңдығын ұштайтын ең керекті, ең құдіретті бала ағзасының қажеттілігін қанағаттандыратын тәрбиенің бірден бір құралы – ойын процесі. Ойын арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы тұрақталады, денесі шыңдалады. Сондай-ақ, ойын арқылы баланың икемділігін, сергектігін күш қабілетін толықтырса, ой танымды ойын түрлері балалардың ойын сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді және балалардың өзара бірлесіп істейтін іс-әрекетін, ынтымақшылдығын, достық, сыйластық қасиеттері артады.

1.     Орамал ойыны

Мақсаты: тапқырлыққа, шапшаңдыққа, білімділікке үйретеді.

 Шарты:

—         10-нан кем емес ойыншы қатыстырылады;

—         Бастаушыы тағайындалады;

—         Ойын алаңда, залда, бөлмелерде ойнатылады;

 Қажетті заттар: орамал.

Ойын барысы.

Ойнаушылар дөңгелене тұрадынемесе отырады. Ойын бастаушы ортаға шығып, ескерту жасайды: «Сөзге сөз тауып айтпасаңдар – сөздің атасы өледі» — деген мақал бар, осыған орай біздің ойынымызда да, сөз тапқырлық көрсету қажет деп ойын тәртібін түсіндіреді. Алдымен қолына орамал алып, оны өзі қалаған баланың алдына тастайды да, оған  бір сөз айтады.

 Бастаушы: Бала

 Орамал алушы: Бала балдан тәтті

Табылған сөз мәнді болып шықса, ойын одан әрі қарай қайталанады. Мұнан соң әлгі орамалды үшінші балаға беріп жатып, басқа сөз айтады.

 Ойнаушы бала: Мал

 Орамал алушы: Мал баққанға бітеді.

Ойын осылай жалғаса береді. Ал сөзді жалғастыра алмаған бала «Жаза» тартады.

2.     Жел мен кеме

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа үйретеді.

 Шарты:

—         Қатысушылар саны көп болу керек;

—         Бастаушы тағайындалады;

—         Ойын кез келген орында өткізіледі.

Ойын барысы:

Ойнаушылар бірнеше қатар болып тұрады. Оларды кеме деп есептеу керек. Басқарушы алға тұрады. Ол кемелерге дүниенің төрт бұрышын: оңтүстік, шығыс, батыс, солтүстікті айтады. Одан соң ойын басталады.

 Басқарушы: «Жел шығыстан соғып тұр» дейді. Барлық кеме бетерін батысқа бұруы керек. «Жел солтүстіктен соғып тұр» десе, барлық кемебеттерін оңтүстікке бұрады.

 Басқарушы: «Боран» десе, бәрі бір орында айналу қажет. «Штиль» дегенде бәрі тұрып қалады. Дұрыс қимылдамаған кеме ұпай төлейді.

3.     Почта

Мақсаты: тез ойлауға, шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа үйреді.

 Шарты:

—         Ойыншы саны шектелмейді;

—         Хат тасушы сайланады;

—         Ойын кез келген орында өткізіледі.

 Қажетті заттар: хат, конверт, орындық

Ойын барысы:

Балалар шеңбер жасап орындықтарға отырады. әркім өзін бір қаланың атымен атайды. Шеңбердің ортасында хат тасушы жүреді.

Хат тасушы: Алматыдан Қостанайға немесе Тараздан атырауға хат әкеле жатқанын хабарлайды. Аты аталған қалалар тез орындарын алмастыруға тиіс. Осы кезде хат тасушы да бос орынды алып қоюға ұмтылады. Орынсыз қалған бала хат тасушы болады, ал бұрынғы хат тасушы орындыққа отырысымен қала атына ие болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *