Басы » Бастауыш сыныптар » Сөйлем. Ән сабағы

Сөйлем. Ән сабағы

Мөлдір Базарбаева

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Ән сабағы
Сабақ мақсаты: Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру;
Сабақтың міндеті:
1. Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру;
2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды сауатты жазуға, өнерді түсінуге, өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі:ой қозғау, топтастыру, сұрақ — жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал — мәтелдер, үнтаспа, топшамалар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
— Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
— Балалар бүгін бір — бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, гүл сыйлайықшы.
— Ақылды бол!
— Инабатты бол!
— Бақытты бол!
— Білімді бол!
— Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ж. Жабаев «Балаларға»
Өлеңді мәнерлеп оқу. Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
— Жамбыл ата кім болған?
— Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?
3. Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру.
— Сөйлем неден құралады
— Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
— Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
— Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ән сабағы»
Авторға тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
К. Байсейітова — қазақтың бұлбұл әншісі. 24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған. Өмірден жастай кеткен. Киноға түскен, театрда ойнаған.
Үнтаспадан «Гәкку» әнін тыңдату.
Қазақтың әнші, бишілерімен таныстыру.
Сергіту сәті.
Мақал — мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Дәптермен жұмыс.
155 — жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып, көшіру.
— Көйлекті неден тігеді?
— Нені сүттен ұйытады?
— Алманың дәмі қандай?
— Ненің түсі қызыл?
Ойын «Ойлан тап»
Сөздерден сөйлем құрап жазу.
Ауызша. 156 — жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп оқып, тиісті тыныс белгісін қою.
ІV. Қорытындылау. Сабақты бекіту.
«Өнер» сөзіне топтастыру жасау.
V. Үйге тапсырма. «Ән сабағы » жаттап келу. Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.
VІ. Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *