Сөйлем. Жырау

Мөлдір Базарбаева

Сөйлем. Жырау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жырау, жыршы туралы түсінік беру, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасын ажырату
Сабақтың міндеті:
1. Сөйлем туралы түсінігін кеңейту, сұрақар қоя білуге үйрету
2. Оқушылардың оқу әрекетімяен шұғылдану арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың сөздердің қлдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз құдіретін түіне білуге тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
— Оқушыларды сабаққа дайындау
— Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткенді пысықтау
Сұрақ – жауап бойынша өтілген материалдарды қайтала
III. Шығармашылық тапсырма
Тақтада ілінген заттардың ішінен өзіңе қажеттісін ғана теріп жаз
1-қатар: Кім? Не?
2-қатар: Не істеді? Не қылды?
3-қатар: Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сурет атауларны жаз
IV. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау. Әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.
к, п, а, і, т; оқушы, оқыды, кітап
Проблемалық сұрақтар қою.
— Балалар бірінші қатарда нелер жазылған?
— Әріп деген не?
— Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
— Ал екінші қатарда ше?
— Сөз дегеніміз не?
1-тапсырма. Ендеше екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік. Сөйлемнің ережесін қайталау
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен бастап жазылады, сөздер бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.
2 – тапсырма. Сигналдық карточкаменжұмыс
Шарты: Сөздер оқылғанда көк, сөйлемер оқылғанда қызыл, буындар оқылғанда сары карточканы көрсету.
V. Оқулықпен жұмыс
148 – жаттығу. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір – бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
149 – жаттығу. Ізденішілік деңгейдегі тапсырма. Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма. Оқылатын сөздердің ішінен Кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Актер, әнші, биші, жыршы, күйші, қобызшы, ақын.
— Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атайды?
— Өнер адамдары
Сөздік жұмыс жүргізу.
Актер – театр, кино саласында қызмет ететін адам.
Әнші — ән айтатын адам
Биші – бидің қыр – сырын танитын, жақсы билейтін адам
Күйші – домбырада күй тартатын адам
Ақын – өз жанынан өлеңі шығаратын адам
Қобызшы – қобызбен күй шертетін адам
Қазір біз жыршы, жырау сөздерінің талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыршы дегеніміз кім?
Жыр дегеніміз – поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро – эпостық жырлар, жоқтаулар, термелер болып келеді.
Жыршы дегеніміз – жыр айтушы, таратушы жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақалмен, әнмен айтады,олар көптеген эпостық жырларды жатқа біледі.
VI. Мәтінмен жұмыс
— Жырау өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасына мән беру
— Сөздік жұмысын жүргізу
— Шешендік сөздерге назар аударту
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас (Бұқар жырау)
Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған. Бұқар – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді.
VII. Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
«Жырау» өлеңін жаттау
Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *