Басы » Бастауыш сыныптар » Адамдар қайда еңбек етеді?

Адамдар қайда еңбек етеді?

 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:  Забенова  Алия Ермекқызы

Сабақтың тақырыбы: Адамдар қайда еңбек етеді?

Сабақтың мақсаты:  қалалық  және ауылдық жерлердегі  адамдардың  мамандықтары  туралы  түсінік  беру;  еңбек  адамдарын  құрметтеуге  тәрбиелеу. Өз ойларын еркін ашық айта білуге, топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың  жабдығы:  әртүрлі  мамандық  иелерінің  суреттері, интербелсенді тақта, сөзжұмбақ, постер, маркер,қайшы, желім.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,салыстыру,талдау

Сабақтың барысы: І Психологиялық  дайындық.(2мин.)

«Армысың досым,  Кел, маған қосыл.

Алақанға салып  алақан, Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,  Әлемге жарық шашайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,  Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық. Қазір сендер үстел үстіндегі қиық қағаздарды аласыңдар. Сол қағаздарды құрастырып, бір топ болып отырасыңдар.     /Мамандық иелерінің суреттерін құрастыру/

 

  1. 1.      Қызығушылықтарын арттыру.  Сөз жұмбақ шешу.(5мин)
  м ұ ғ а л і м  
  ғ а р ы ш к е р  
  м о н т е р  
  а с п а з ш ы  
к і т а п х а н а ш ы  
  д ә р і г е р  
  ұ ш қ ы ш  
  қ ұ р ы л ы с ш ы
  1. Оқушыларды  оқытады.
  2. Аспанға самғайтын.
  3. Столбыда сымдармен жұмыс істейтін адам.
  4. Тамақ пісіретін адам.
  5. Кітап тарататын адам.
  6. Емдейтін адам.
  7. Ұшақпен ұшатын адам.
  8. Үйді салатын адам.

—          Өте жақсы балалар. Қызылмен жазылған сөзді оқиықшы. Сонымен  барлығын  маман иелері деп атаймыз.

—          Балалар бүгінгі сабағымыз «Мамандық  еліне  саяхат сабақ болмақ.  Әр мамандық иелері бізге тапсырмалар бермекші орындаймыз ба?

Интербелсенді тақтаға назар аударайық.(Әр мамандық иесінің суретері және  сол туралы өлең шумақтары./ Білім беруде АКТ- ны пайдалану/

Шаштараздың  тапсырмасы: (6мин) /3-слайд/ Үй тапсырмасы  «Қалада және ауылда»  Өткен сабақта жасаған постерлері бойынша  қосымша ақпарат айту.  Үйде тағы қандай қосымша ақпарат алғандары.

Аспаздың  тапсырмасы  (2мин) /4 слайд/ «Сөз мерген»  Тағамға байланысты  мақал-мәтеледердің  жалғасын тап.

/әр топ кезек айту/

  1. Ас үстінен аттама, астан  үлкен емессің.
  2. Нан – ардақты, асыл ас,  аттамас, одан кәрі-жас.
  3. Денсаулық – зор байлық.

Ғарышкердің  тапсырмасы: «Миға шабуыл» (2мин) /5 слайд/  Сұрақ-жауап.

а)  Тауық, үйрек,қаз, күркетауық  өсірушілер – бұлар …

ә)  Жануарларды емдейтін  дәрігер —  бұл …

б) Жылқы  өсірушілер – бұлар …

в) Сиыр  сауатын адам —  бұл …

г) Араны   күтіп,  өсіретін  адам – бұл …

Мұғалімнің тапсырмасы: (8 мин)  /6 слайд /  Оқулықпен  жұмыс.

а)  мәтіннің  бірінші  бөлімін  оқу.

— Қалада еңбек  ететін  қандай  мамандық  иелері  туралы  білдің?

Сызба  құрастыр:

Мамандықтар —  … ,  …. ,  ….

ә) Мәтіннің  екінші  бөлімін оқу.

— Ауылда қандай мамандық  иелері еңбек етеді?

Сызба құрастыр:

Мамандықтар — …, …,  …

Ұшқыштың  тапсырмасы: «Сергіту сәті»  (2мин)   / 7 слайд/

Құрылысшы тапсырмасы: (7 мин)   /8 слайд/  «Болашақ  маман» Әр мамандықтың пайдасы туралы топпен талдап,жарнама айту.    Өздері қалаулары бойынша   /Тақпақ айту,  сахналық көрініс  қою/

1 топ:  Дәрігер   2 топ: Аспаз    3 топ:  Шаштараз

Кітапханашы тапсырмасы: (2 мин) /9 слайд/

Оқу құралдарына  байланысты жұмбақтар шешу.

  1. Тілі бар, үні жоқ, өзін адам түсінген.Жүрегі бар да, қаны жоқ, сөйлеп тұрған ішінен.  (Кітап)
  2. Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (қалам)
  3. Қанша  болсын бойымыз, жазып қойдық жасырмай, бойымызға оны біз. (Сызғыш)
  4. Білімнен мол сый-асы, балғындардың  ұясы. (мектеп)
  5. Шәкіртке жанашыр, мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз)
  6. Ілулі тұр кең алаң, керегімді мен одан. Жазып алам көшіріп, сүртем сосын өшіріп. (тақта)

Рефлексия : (5мин) Тренинг “Сиқырлы қарындаш”:  Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Стикермен жұмыс.

–  Бүгінгі сабақта не білдік?

Нені түсінбедің?

Қандай мамандық түрлері туралы білгің келеді?

Бағалау.(2мин)     Өзін – өзі бағалау. Формативті бағалау.

Үйге тапсырма:(2мин) өз ата-анасының  мамандығы, оның қандай пайда әкелетіні  жөнінде ата-анасынан  сұрап келу.

 XІ МадақтауРахмет!

Ұнадыңдар, балалар!
Құштарсыңдар білімге.
Аяқтап мен сабақты,
Рахмет айтам сендерге.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *