Басы » Информатика » Кестелермен жұмыс

Кестелермен жұмыс

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттңк мекемесі
информатика пәні мұғалімі
Қарсыбаева Ғалия Усербайқызы
Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге  бөлуге үйрету.    Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:  Сыни тұрғысынан ойлау және деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдану.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрсете — түсіндіру                                                                   Сабақтың оқыту формасы: жеке оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:  ДК, Power Point-та дайындалған презентация-слайдтар,  Таратпа материалдар,
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1.Сабаққа дайындықтарын тексеру.                                                                                      2. Сабақтың мақсатын айту.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға үй тапсырмасы бойынша “Жуан-жіңішке сұрақтар” стратегиясын пайдалана отырып сұрақтар қойылады.
Windows-қа арналған ең танымал мәтіндік процессор не деп аталады?

  1. Абзац енгізу қандай пернемен  аяқталады?

  2. Меңзердің сол жағындағы символды  немесе мәтінді өшіруге арналған перне?

  3. MS Word терезесінің екінші панелі не деп аталады?

  4. Объектілері-символ, жол, ұяшық, баған болып табылатын қандай мәтін?

                                     Мағынаны тану                                                                                          Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі.                                              Оқушыларға төмендегі сұрақтарды түсіндіру:                                                                                                                1. Кесте дегеніміз не?                                                                                                             2. Кесте жасау әдістерін.                                                                                                            3. Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу операцияларын.

     Кесте дегеніміз-жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.               Кесте жолдар мен бағандардың қандайда бір санынан тұруы мүмкін.        Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.                                                            Word мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады.                                                                         1-әдісі: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып,                      Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою     (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз.                                Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық.

2-әдісі: Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз.                                                                                        Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық.

                                                                                                                                                        3-әдісі:  Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені сызайық.

                                                                                                                                                    Міне, біздер кесте салуды үйрендік.

     Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа  біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік.  Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру  (Таблица –Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара  ( Таблицы и границы ) тақтасындағы  батырманы шертеміз.                                                                                                             Ал, екінші жағдайда  Кесте – Ұяшықтарды бөлу  (Таблица –Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе  батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де Ok батырмасын шертеміз.

                             

Мысалы: 1.Соңғы кестеміздің бірінші жолындағы ұяшықтарды  біріктірейік.

                                                                                                                                                           2. Осы жолды  4 баған, 2 жолға бөлейік.

      Кестеге элементтер ( жол, баған, ұяшық ) қосу үшін  кез-келген ұяшыққа тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда  бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен, ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.

       Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет — Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз.                                                                                                                                     Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан нұсқағышының көмегімен немесе пернелер көмегімен:          ,         ,    ,     ,  Tab,  Shift+Tab орындалады.

                                                                                                                                                            

Ой толғаныс

(Жаңа сабақты бекіту мақсатында.)

Кестені пайдалана отырып,  сынып бұрышын жасау.  Тапсырмалар жеке орындалады.

  • Оқушылар тізімі

  • Сабақ кестесі

  • Кезекшілер тізімі

  • Қоңырау кестесі                                         

Оқушылардың білімін бағалау

Ұсынылған жеке тапсырмаларды белсенді орындаған оқушыларды

формативті түрде бағалаймын.

 

Қорытынды:   Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерін оқушылар рефлексия парағын толтыру арқылы береді

Үйге тапсырма

1. §9.3 тақырып     Кестемен жұмыс атқару

Рефлективтік есеп

 

16 мамыр күні 8 «В» сыныбында «Кестемен жұмыс атқару» тақырыбында өткен сабаққа талдау.

Бұл сабақты құруда идеямды жан – жақты дамыттым. Ой үстіне ойлар туындай бастады. Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілетін дамыту үшін деңгейлік тапсырма ойластырдым. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы жан — жақты сұрап өттім. Өткен материалды жаңа тақырыппен байланыстырдым. Әрбір оқушының білімін тексере оларды жеке – жеке компьютерге отырғызып «Оқушылар тізімін», «сабақ кестесін», «Кезекшілер тізімін», «Қоңырау кестесін» құруын тапсырдым. Белгілі бір уақыттан соң оқушылар өз тапсырмаларын қалай құрғанын түсіндіріп өтті. Достан Бауыржан қолындағы бар дайындаған кестесін қорғау сәтінің алдында байқаусызда өшіріп алды. Ол еңбегінің зая кеткеніне қатты ашуланды. Біраз уақыттан соң ол қайтадан кесте құруға кірісті, бірақ уақыттың тығыздығынан үлгермей қалды, кестесі жартылай құрылды. Бауыржанға тапсырманы үйде аяқтап келуге мүмкіндік бердім. Әрине тапсырманы орындау барысында оқулықты пайдаланса да кемшіліктер болып жатты. Бірақ бірде – бір оқушы тапсырманы орындауда тыс қалмады. Бұл жерде екі жолдан бері топпен жұмысқа үйренген оқушылар жеке тапсырманы орындаған соң жауапкершілікті көптеу сезінгені байқалды. Жауапкершілік міндеті байқалып, бір бірін бағалады, соңында қорытынды бағалауды өз міндетіме алдым. Оқушының алған әсерін, стикер арқылы оларды терең тани бастадым.

Бақылаушым жеке жұмыс болса да оқушыларымның түгел қамтылғанын айты. Оқушы мен ұстаз арасында мейірімділік, сенімділік сезімінің туылғанын атап өтті.

Менде не дұрыс болмады?

Бәрі ойдағыдай өтті деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *