Басы » Бастауыш сыныптар » Ырыс – Сыр (аңыз)

Ырыс – Сыр (аңыз)

   Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы
№3 Явленка орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:  Забенова                                      

 Әдебиеттік оқу 3 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы:    Ырыс – Сыр (аңыз)
 Мақсаты:   Аңызды  оқып,мазмұнын  түсінуге,оның  идеясын  ашуға  мүмкіндік  беру; туған  жер  мен  адам  арасындағы  байланысты ашу;
Күтілетін нәтижелер: Шығармашылық мүмкіндігі дамиды;

Сыни ойлай алады,

Тіл байлықтары дамиды;

Жерді, елі  сүю өз  міндеттері  екенін  түсінеді;

Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, постер, маркер
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

АКТ

СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.   Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру   (3 мин)         Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру Топқа бөлу

Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау

 «Ең жақсы тілек»

Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына  өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар  жапсырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау      (6 мин)  Қазақстан көлдері.    Өздері қалаған бір өлеңді жатқа айту.
ІІІ. Жаңа тақырып(6мин)

 

 «Миға шабуыл» әдісі

  1. Балалар сендер «аңыз» деген сөзді естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер?
  2. 2.      Ырыс, құт, береке деген не?
  3. 3.      Осы ырыс қайда екенін білгілерің келсе Ырыс-сыр деген  аңызды  оқимыз.
  4. 4.       Аңыз – дегеніміз- тарихта болған белгілі адамдардың іс-әрекетіне, сөзіне байланысты ел аузында сақталып қалған әңгімелер. Олардың елді, жерді қорғауы,  халық үшін жасалған зор еңбектері, айтқан сөздері ұмытылмастай болып, халық арасына тараған. Мысалы, Жиренше шешен, алдаркөсе, Қожанасыр туралы аңыздарды әлі күнге дейін қызыға оқимыз.
Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды
ІҮ. Оқулықпен жұмыс

(7 мин)

 Мәтінді түсініп оқу.

—          Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер? Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер кім?

—          Ақылшы қарияның  олар үшін

ең маңызды сөзің /сөйлемді/тауып оқы.

Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта.

Мәтінді оқы, топпен талдау.

 

 

 

 

Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.

Ү. Серіту сәті  (2мин) «Бәліш пісірейік»

Балалар шеңбер құрып тұрып барлығы оң жаққа қарап тұрады.  Бір-бірлерінің арқаларына массаж жасайды.

Алдында тұрған баланың шынтағынан ұстап  «Нан илейік» -деп алақандарын алға , артқа жүргізіп,  арқаларын

сипалайды.  «Ортасына кептірілген қақ салайық»-саусақтарымен шымшылайды. «Тосап жағайық», «Гүлдермен сәндейік» арқаларына сурет салғандай көрсетеді.

ҮІ. Дәптермен жұмыс

(5 мин)

—          Мәтін ертегілік кейіпкер….

—          Мәтіндегі аңыз кейіпкерлер….

—          Мәтін мазмұнына жоспар жаз….

 Топ ішінде талқылап, дәптерді  толтырады.
VІІ. Қорытындылау  

(8 мин)

 «Туған жер – ырыс» деген сөздің мағынасын ашу. Жері бар болса да, екі жігіт еркін өмір сүре алмады. Ал бүгінгі егеменді еліміздің тіршілігі мен  бақыты еркіндікте.   Ырыс  деген сөздің мағынасын толық түсінеді.

 

VІІІ. Үйге тапсырмасын  беру  (2мин)

 

 Ырыс-Сыр аңызын түсініп оқып, мазмұндау. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
IХ. Бағалау   (3 мин)

 

-Өлшемді  және жиынтық бағалау Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы  бүгінгі сабақты бағалайды

J-мен көп нәрсені үйрендім

K- мен аз нәрсе үйрендім

L-мен ештеңе үйренбедім

Х. Рефлексия

(2 мин )

 

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату  

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *