Басы » Бастауыш сыныптар » Менiң туған жерiм

Менiң туған жерiм

Атантаева Құндыз Көшербайқызы
Сабақтың тақырыбы: Менiң туған жерiм
Оқыту мен тәрбиелеудiң мiндеттерi:
1. Бiлiмдiлiк: Жаңа сөздердi, мәтiннiң мазмұнын меңгерту, сөйлем құруға үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Жеке тұлғаның ойлау қабiлетiн дамыту, есте сақтау, көру қабiлетiн дамыту.
3. Тәрбиелiк: өз ауылын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Көрнекiлiк: « Ауыл» , «Қала» көрiнiсiнiң суреттерi
Сабақтың түрi: аралас сабај
Сабақтың әдiсi: түсiндiру, сұрақ-жауап, әңгiмелеу
Сабақтың формасы: жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi: амандасу, кезекшi есебi.
1. Сыныпта кiм кезекшi? 4. Аптаның қай күнi?
2. Сыныпта неше оқушысы бар? 5. Кiм жоқ?
3. Бүгiн нешесi? 6. Үй жұмысына не берiлдi?
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Тақтаға «Бәйтерек» суретiн iлiп қоямын, қима қағаздарға жазылған сөздердi мұғалiм үстелiне қоямын. Бiр оқушыдан шығып кез келген қима қағазды алып, қағаздағы сөздердi бәйтеректiң жанына iлiп, аудармасын айтады. Берiлетiн сөздер;
Парламент үйi, оқу орындары, саябақтар, қонақ үйлер, спорт кешендерi, үкiмет үйi, мемлекеттiк мұражай, зәулiм үйлер, кинотеатр.

2.«Жидек жинау» ойыны мақсаты: Қазақстан Республикасының астаналарын рет-ретiмен жинау, ојушыларЈа жидек суретiне жазылЈан јала аттары бар жеке сөздер таратылады.
III.Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын айту.
Ой қозғау: 1.Отан дегенiмiз не? Оқушылар өз пiкiрлерiн айтады.
1.Сөздiкпен жұмыс жүргiзу, сөз тiркесi құру.
туған жер-родная земля жақын-близко
тудым-родился шағын-маленький
ұнайды-нравится мал-скот
жол-дорога маған мне
2. суретпен жұмыс: мақсаты: Елордасы туралы қима суреттермен
дейгейлiк тапсырмаларды орындау.
III деңгей суреттегi заттардың атын атап бер.
II деңгей 2-3 сөз тiркесiн құр.
I дейгей сурет бойынша 2-3 сөйлем құр.
3. 2-тапсырма: Мәтiндi мәнерлеп тiзбекпен оқу, аударма жасау.
4. Сөйлесу арқылы мәтiндi пысықтау. ( жұппен ауызша жґмыс).
— Сен қайда тұрасың?
— Мен ауылда тұрамын.
— Сен қай облыста тұрасың?
— Мен Солтүстiк Қазақстан облысында тұрамын.
— Ауылыңның аты қалай аталады?
— Ауылдың аты – Новодворовка.
— Ауылда қандай ғимараттар бар?
Ауылда кiтапхана, мектеп, кеңсе, аурухана, наубайхана, асхана бар.
5. 4-тапсырма: сөйлемдердi оқып, жақша iшiндегi қажеттi сөздердi қойып, көшiрiп жазу;
Мен қалада (ауылда) тұрамын. Бiздiң қала ауыл үлкен (шағын). Бiздiң қалада (ауылда) универстет, институт, дүкен, мектеп, аурухана, асхана бар.
IV. Сергiту сәтiн өткiзу: Бiз гүлдерше өсемiз,
жапырағы жайқалған,
сабақтары салалы,
желге ырғалып шайқалған.
V.Бекiту: мақал-мәтелдер жарысын өткiзу, мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға жаттықтыру:
Отан- оттан да ыстық Ел iшi – алтын бесiк
Тiлге құрмет-елге құрмет Туған жердiң жуасы да тәттi

VI. Қорыту:

VII. Үйге тапсырма беру: 11 бет 3-тап. 10 бет сөздiк
VIII. Бағалау:

Пән: қазақ тiлi 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Оқыту мен тәрбиелеудiң мiндеттерi:
1.Бiлiмдiлiк: Модуль бойынша алған бiлiмдерiн жүйелеу, тексеру, тест өткiзу, грамматикалық тапсырмаларды практика жүзiнде орындау.
2.Дамытушылық: Жеке тұлғаның ойлау , көру, есте қалу қабiлеттерiн дамыту, белсендiлiктерiн арттыру.
3.Тәрбиелiк: тапқырлыққа, бiлiмдерiн толықтыруға тәрбиелеу.
Көрнекiлiк: тест сұрақтары, сөзжұмбақ, кесте сызба, кеспе карточкалар.
Сабақтың түрi: бекiту сабағы
Сабақтың әдiсi: түсiндiру, баяндау, тест, тапсырмалар орындау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңi: амандасу; кезекшi есебi;
II.Үй тапсырмасын тексеру:
III.Жаңа сабақ: мақсатын айту.
Оқулықпен жұмыс жүргiзу: Оқушылар өз беттерiмен тапсырмаларды орындайды.

1.1-тапсырма: сөздердiң аудармасын жаз.
Отан- астана-
Ту- мемлекет-
Әнұран- астана-

2.3-тапсырма: Қазақстан қалаларының атауларын сөзжұмбақтағы торкөздерге толтыру.

3.4-тапсырма: тест сұрақтарына жауап беру:

1. Қазақстан тарихындағы үшiншi астана
а) Астана б) Орынбор в) Алматы г) Қызылорда

2.Ақмола қаласы қай жылы Астана болып аталады?
а) 1996 б) 1995 в) 1998 г) 1997

3.Буынның түрлерiн анықта:
а) жiңiшке, жуан, қатаң
б) жуан, ашық, тұйық
в) ашық, бiтеу, тұйық

4.Бiтеу буынды нұсқаны көрсет:
а) ақ б) сары в) қала г) дәптер

5.Қазақстанда неше облыс бар?
а)10 б) 14 в) 19 г)20
3.
4. Берiлген дыбыстарға тиiстi дыбыстар қосып, буын құрап, сөз жасаңдар.
а) с, т, ј, — үлгi: ас, ат, ај;
б) , л, б
в) м, ш, ң
г) ә к, т

5. Қазақстан қалаларына саяхат ойынын өткiзу;
Ойынның жабдықтары: Қазақстан картасы, машина суреттерi, билеттер.
Қазақстан картасы тақтада iлулi тұрады, машина суреттерiнде әр оқушының аттары жазулы тұрады (машиналар ојушылардың санына байланысты). Тақтаның сол жағында «Касса» деген жазуды алдын ала iлiп јоямын, астына қалалардың аты жазылған билеттер жапсырылады. Ојушылар қалаған билеттi алып, орнына отырып 3 дейгейлiк тапсырмаларды орындайды.
Ойынның мақсаты: I деңгей Петропавл аялдамасы
II деңгей Көкшетау аялдамасы
III деңгей Астана аялдамасы
үш тапсырманы дұрыс орындап, Астана қаласына жеткен оқушы жеңiмпаз атанады. Дейгейлiк тапсырмаларды орындауына қарай әр оқушы машинасын жылжытып отырады.
1 билет
III д. Сөздердi буынға бөлiп, буын түрлерiне қарай ажырат: Отан, ата, су.
II д. Қазақстанның үлкен қалаларын ата.
III д. Қазақстан, Отан сөздерiмен сөйлем құра.
2 билет.
III д. Сөздердi буынға бөлiп, буын түрлерiне ажырат: үй, кинотеатр, қала.
II.д. Буынның ережесiн жатқа айт.
I д. Астана туралы әңгiмеле.

3-билет:
III д. Сөздердi буынға бөлiп, буын түрлерiне ажырат: әдемi, ауыл, мұражай.
II д. үндестiк заңы дегенiмiз не?
I д. ҚР-ның мем-тiк рәмiздерi туралы әңгiмеле.
4-билет:
III д. сөздердi аудар: парк, столица, комплекс, гостиница.
II д. ҚР-ның астаналарын атап бер?
I д. «Ауыл» сөзiнен сөйлем құрастыр.
5-билет:
III д. Сөздердi буынға бөлiп, түрлерiн ажырату; үлкен, шағын, ту.
II д. Қазақстан туралы әңгiмеле.
I д. Сөздердiң аудармасын айтып, сөз тiркесiн құра: город, большой, маленький.
6-билет:
III д. Сөздердi буынға бөлiп, түрлерiне қарай бөлу; Ақтау, Павлодар,Тараз.
II д.Қазақстанда неше облыс бар, атап бер?
I д. Қала, мектеп сөздерiмен сөйлем құрастыру.
7- билет:
III д. Сөздердi буынға бөлiп, түрлерiне қарай ажырату; төрт, туған жер;
II д. Ауылың туралы әңгiмелеп бер.
I д. Мына сөздермен сөйлем құрастыр; мемлекет, ту.
8-билет:
IIIд. Мына сөздердi буынға бөлiп, буын түрлерiне қарай ажырат; мұражай, асхана, мектеп.
II д. Менiң Отаным туралы әңгiмелеп бер.
I д. Кiтап, қызық сөздерiмен сөйлем құрастыр.
IV .Бекiту:
V. Қорытындылау:
VI. Үйге тапсырма беру: өткендi қайталау.
VII. Бағалау:
: [bws_related_posts]

1 пікір

  1. Бастауыш орыс сыныбына қазақ тілінен презентациялар бар ма?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *