Басы » Информатика » Диаграмма құру.

Диаграмма құру.

Балқаш қаласы, Жалпы білім беретін №9 орта мектебі

Информатика пән мұғалімі

Токбаева Гулшат Пермебековна

Тақырыбы: Диаграмма құру.

Мақсаты:   оқушыларға әр түрлі типтегі  диаграммалар,өңдеу, безендірудің негізгі әдіс тәсілдерін меңгерту.

Міндеттері:

а) диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;                      ә) оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын  қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;                         б) оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»,   «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық

                                         технологияларды пайдалану»,  «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәслдер»,

                                         «Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Әдіс – тәсілдері:  Блум жүйесі.   «Сұрақ-жауап», «Семантикалық карта », «Топтастыру», «Тест»

Уақы

ты

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

1 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Өзін-өзі бағалау парағын таратып, өзін-өзі бағалап отыру керектігін ескертіп айтып өтемін.

Оқушылар  бір-бірлерімен қол алысып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

өзін-өзі бағалау парағы

3 мин

Өткенді пысықтау

Семантикалық карта

Қатар

Бағандар

Ұяшық

Блог

Электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

Электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

Тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

Бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

Таратпа  қағазда орындайды

Үлестірмелі қағаз, интербелсенді тақта

Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақ-жауап»

  1. Электрондық кесте дегеніміз не?

  2. Электрондық кестенің негізгі элементін атаңыз.

  3. Excel – дегі кітап дегеніміз не?

  4. Excel –де қанша жұмыс парағы бар?

  5. Ұяшықтарды пішімдеу  қалай орындалады?

  6. Автопішім командасын қалай қолданамыз?

  7. Электрондық кестенің қызметі қандай?

.

Сұрақтарға жауап береді

Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың  тақырыбы:  Диаграмма құру. Дәптерлеріңе бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар.Бүгінгі сабағымызда  өткен сабақта алған  кестелерді пішімдеу, кестеге мәлімет енгізу жайлы білімімізді қолданып,  диаграмма құруды үйренеміз.

Мақсаты:  Әр түрлі типтегі  диаграммалар құру. Диаграммаларды өңдеу, безендірудің негізгі әдіс тәсілдерін меңгерту.

Оқушылар мақсатқа өз пікірлерін қосады.

5 мин

Білу

Мәтінмен жұмыс. Диаграмма құру. 107 бет

«Менен сұрақ, сізден жауап»

  1. Диаграмма дегеніміз не?

  2. Диаграмманың негізгі түрлерін атаңыз?

  3. Дөңгелек диаграмманы қандай кезде қолданады?

  4. Гистограмма диаграммасы қай кезде қолданылады?

  5. Графика диаграммасын қандай кезде қолданамыз?

Қосымша мәлімет.  (Интербелсенді тақтадан көрсетемін)

Кітапта диаграмманың үш түрін ғана берге . диаграмманың  бірнеше түрі бар .

олар:

Гистограммалар

Сызбалар

Дөңгелек диаграммалар

Жолақ диаграммалар

Аумақтық диаграммалар

Нүктелік диаграммалар

Биржалық диаграммалар

Беттік диаграммалар

Сақиналы диаграммалар

Көпіршікті диаграммалар

Жапырақты диаграммалар бар.

Оқушылар 107 беттегі «Диаграмма құру»   тақырыбын оқып шығып, берілген сұрақтарға жауап береді.

Қосымша мәліметтерді дәптерлеріне түртіп алады.

Оқулық, интербелсенді тақта

5 мин

Түсіну

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы  «Диаграмманы құру үшін»  деген тақырыпшаны  түсініп оқып шық.

Диаграмма құрудың алгоритмін тап.

1

мәлімет енгізу

2

мәліметті белгілеу

3

диаграмма командасын таңдау

4

диаграмманың түрін таңдау

5

дайын батырманы шерту.

Қосымша мәлімет

Диаграммалар мынандай  элементтерден тұрады:  тор,  тақырып  және аңыз.

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммаларда берілгенде ректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының  екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осі

  • вертикаль   немесе мәндер осі қосылады

Оқулықтан 108 бетті ашып «Диаграмма құру үшін» деген тақырыпшаны оқып, дәптерлеріне  түртіп алады.

Диаграмма құрудың алгоритмін тап тапсырмасын  интербелсенді тақтада орындайды.

Қосымша мәліметті дәптерлеріне түртіп алады.

Интербелсенді тақта, оқулық, оқу құралы

15 мин.

Қолдану

Практикалық жұмыс

5-тапсырма

1. MS Excel –ді ашыңыз.

2. 2 — тапсырмадағы (100-бет) кестені ашыңыз.

3. 3-нөміріндегі жолдың мәліметтері (үш ай)

   бойынша  дөңгелек диаграмма құрыңыз.

4. Мазмұндары диаграмманың  бөліктеріне сәйкес

  алынатын сандық мәліметтермен берілген С3,

  Д3,Е3 және С2, Д2,Е2 ұяшықтарын белгілеңіз.

5. Диаграмма шеберін қосыңыз.

6. Бірінші қадамда (69-сурет)  диаграмманың 3

   түрін кезекпен таңдаңыз.  Тізім ішінен дөңгелек

   бөлімін, түрі терезесінен жазық диаграмманы

   таңдаңыз.

7. Екінші қадамда (70-сурет) диаграмманың қалай

   көрінетінін шығарады. Диаграмманың оң

   жағында  диаграммаға  түсінік беретін аңыз

   көрінеді.

8. Үшінші қадамда (71-сурет) диаграмма

   бөліктерінің  көрінісін, диаграмма мен аңыз

   пішімін (өлшем, қаріп, түсі және т.с.с)  өзгертіңіз.

   «Сәлімжановқа төленген сыйақының көлемі»

   деген диаграмма тақырыбын енгізіңіз.

9. Төртінші қадамда (72-сурет)  диаграмманы

   қай жерге қою керегі, яғни жеке немесе

    мәліметтермен бірге парақта орналасатыны

    анықталады.

10. Ең соңғы  бағанның (73-сурет) мәліметтері

     бойынша бағандық  диаграмма (гистограмма)

     құрыңыз.

11. Мәліметтерді берілген А3, А4, А5, А6, Е3,Е4,

     Е5,Е6 ұяшықтарын белгілеңіз.

12. Құжаттағы өзгертулерді сақтаңыз.

Оқушылар оқулықтың 109 бетіндегі 5-тапсырманы компьютерге орындайды.

Интербелсенді тақта, компьютерлер, оқулық

5 мин

Талдау

Практикалық жұмыс

Сыныптың білім сапасы, сынып оқушыларының үйірмеге қатысуы, сыныптың әлеуметтік жағдайын негізге алып диаграмма құр.

Тапсырманы оқушылар компютерге орындайды.

Интербелсенді тақта

5 мин

Топтау

«Топтастыру»




  1. Оқушылар бұл тапсырман интербелсенді тақтада орындайды.

Интербелсенді тақта

5 мин.

Жинақтау

Тест.

1.Диаграмма дегеніміз не?

а) кестедегі  мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі

ә) әдемі өңделген кесте

б) сандық  мәліметтерді ұсынудағы  графиктік түрі.

в) жергілікті жер картасы

2. Диапазон дегеніміз не?

   а) төртбұрыштар жиынтығы

   ә)  бір жолдың барлық ұяшықтары

   б) бір бағанның барлық ұяшықтары

   в) мүмкін мәндер жиыны

3. Гистограмма қайда қолданылады?

   а) бөлуді бейнелеуде

   ә) әртүрлі топ мүшелерін салыстыруда

   б) мәліметтерді өзгерту динамикасын  бейнелеуде

   в) әртүрлі сәйкес қасиеттерді бейнелеуде

4. Парақтың санын қалай көбейтеміз?

а) түзету- парақ қосу

ә) қою- парақ

б) түзету – парақ   в) қою-жаңа парақ

5. Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

а) диаграмма тақырыбы

ә) диаграмма түрі  б) диаграмма дизайны

в) диаграмма элементтері

6. Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

а) 4    а)5      б) 6     в) 7

7.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

а) жол     ә) ұяшық    б) баған   в) кесте

8. Microsoft Excel жолдар саны

а) 65536     ә) 256      б) 125      в)1256

9.Microsoft Excel бағандар саны

  1. 65636  ә) 256      б) 125       в) 1256

10.Сәйкестікті көрсетіңдер.

а) сызықтық диаграмма

ә) графика

б) сақиналы диаграмма

в) гистограмма

г) дөңгелек диаграмма

д) нүктелі диаграмма

1 2 3

4 5 6


Таратылған тест тапсырмасын орындап, бірін-бірі тексереді.

1

А

2

А

3

Б

4

Ә

5

В

6

А

7

Ә

8

А

9

Ә

10

1

2

3

4

5

6

в

а

г

ә

д

б

Таратпа қағаз

1 мин

Үйге тапсырма

§30 оқу. Тест құрастыру.

Берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Оқу құралы, күнделік

2 мин

Бағалау

«Ашық бағалау»

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, марапаттау

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады

Сынып журналы, күнделік, бағалау парағы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *