Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемелекттік мекемесінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Лесбаева Жадыра Жақсылыққызы
Сабақтың тақырыбы: «Ойлан тап!»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: шапшаң ойлануға, өз пікірін еркін, дұрыс жеткізе білуге үйрету
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға сайыста қарсыластарын құрметтеуге, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздылық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашыллыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: плакаттар, сөзжұмбақ, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу.
Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы сұрау
Топқа бөлу
Сайыс
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Топқа бөлу әдісі: 3 түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу
1-ойын. «Адасқан әріптер». Оқу құралдарының әріптерінің орындары ауысқан. Сол әріптерді қалпына келтіру
1-топ. К,т,і,а,п; д,п,ә,р,е,т; қ,а,м,л,а: ө,р,і,ш,і,г,ш;
2-топ. Бөлме заттарының аттарын қалпына келтіру: ү,е,т,л,с; о,ы,р,ы,д,қ,н; п,е,д,р,е; т,р,е,е,з,е
3-топ. Асхана заттарының аттарын қалпына келтіру: п,ш,ы,қ,а; қ,с,а,ы,қ; қ,а,а,з,н; д,с,а,т,а,х,н,а,р;
2-ойын. «Кім жүйрік?» Аяқталмай қалған мақал – мәтелдерді толықтыру
Мектеп – кеме, білім — ……….
Білекті бірді жығады,
Білімді …………
Жүз теңгең болғанша,
Жүз …………….
Ілім- бұлақ,
Білім — ………..
Ойна да күл,
Оқы да …..
Оқу – білім бұлағы,
Білім –өмір……..
Білім таппай – мақтанба,
Өнер таппай — ………
Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Ілім – жанып тұрған ……
Алтын алма, …………
Күш – білімде,
Білім — ……..
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа ……..
Білім басы – бейнет,
Соңы — ………….
3- ойын. 3 топтан 3 топбасшысы шығып, сұраққа жауап береді.
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
Төрт түлік малды ата.
Реттік сан есімге мысал келтір.
Қазақ тіліне ғана тән әріптерді ата
Қазақстанның қандай қалаларын білесің?
«Қ» әріпінен басталатын аңның атын айт
4 – ойын. «Есіңде сақта» Тақтада заттардың суреттері көрсетіліп, сол суреттерді 1 минутта естеріне сақтап қалу керек.
Мектеп, гүл, дәптер, қалам, өшіргіш, сөмке, қайшы, кітап, парта
Топтарды бағалау үшін, әр топ бір – біріне 5 жұмбақтан жасырады.
Топтарды 5 жұлдыз, 4 бұрыш, 3 бұрышпен бағалайды.
Бағалау. Әр топқа «Тапқыр топ», «Жүйрік топ», «Білімді топ» номинациясы беріледі
Қорытынды.
Үй тапсырмасы: «Менің сыныбым» тақырыбына 8 сөйлем құрау
[bws_related_posts]