Басы » Бала бақша » Тастың ерекшеліктері мен қасиеті

Тастың ерекшеліктері мен қасиеті

Меруерт апайЕсенгарина Меруерт Кабденовна
ІІ санатты тәрбиеші
Екібастұз қаласы № 4 балалар бақшасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Айналаны қоршаған ортамен танысу және экология
Тақырыбы:  Тастың ерекшеліктері мен қасиеті.
Мақсаты: Балаларды тастардың әртүрімен, олардың ерекшеліктері мен қасиетімен таныстыру.
Міндеті:

Тастар туралы білімдерін бекіту: түсі, пішіні, температурасы, салмағы, суға бататыны.
Тастарды және оның қасиетін салыстыра білу.

Тасты тұрмыстық жағдайда пайдалануға болатыны туралы түсінік қалыптастыру
Толық жауап беруге талпындыру
Өлі табиғатқа қызығушылыққа тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Өздері жинаған тастар.( Жаз айларында берілген тапсырма бойынша барған жерлерінен әкелінген тастар)Әр түрлі тарелкалар, суы бар шыны ыдыстар, Таразы ( Құрастыру сабағында жасалған: киім ілгіш, екі жағына жеңіл тарелка жіппен ілінген), сызбалар, көрме.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: Тастарды жинау. Қаламызда өндіретін тастың түрі «көмірмен» танысу, Тастардың қайда кездесетінін анықтау. Қайда пайдаланатынын анықтап білу. (Бұл жұмыс балалармен жаз айларында жүргізілді)
Қажетті құралдар: Үлкейткіш шыны, су құйылған  ыдыс, сүлгі, тәрелкелер, әртүрлі тастар, тастардың суреттері.  Тастан жасалған заттардан көрме.
Сабақ барысы.
Қуаныш шеңбері:
Тәрбиеші:
Кел, балалар келіңдер!
Шеңберге айнала тұрыңдар.
1, 2, 3,4,5.
Балалар:
Біз кішкентай балдырған
Өнер тамған саусақтан
Жақсы ісімді көрсетіп
Таңқалдырсақ  дейміз біз.
Тәрбиеші: Балалар,  біз таңертең балабақшаға келгенде топтан «Сыйқырлы қорап» тауып алдық. Ол қорапты бізге «Тастар ханшайымы» әкелген екен. Ханшайым бізге, қораптың ішінде не бар екенін өздерің анықтаңдар екен.Не бар екенін көрейік? (Қораптың екі жағында жең бар, соған балалар қолдарын салып, ішінде не бар екенін анықтайды) Ортаға екі баланы шақырып, сыйқырлы қорапшада не жатқанын анықтау.
Ішінде не бар екен?
Тас.
Қағаз
Алып шығыңдар, бізде көрейік.

-Расында да тас екен, ал қағазды не үшін салды екен? Балалар бұл хат қой! Қорапшаны ортаға қойып, алдымен хатты оқиды. Хатта  Ханшайым былай дейді:  Егер менің берген тапсырмамды орындасаңдар мен, сендерге келіп қызықты заттарды көрсетемін.(Бөлменің бір жағында, бет жабық көрме бар)

  • Сонымен балалар, біз бүгін тастар туралы әңгімелесеміз, білгенімізді айтамыз. Тастар туралы жасалған сурет көрмесі жанына шақырып, тастардың қай жерде болатынын, олардан не жасауға болатынын, қайда қолданылатыны туралы әңгімелесу.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың көргенін, естігенін бекіту.

Енді балалар , мен сендерді өз орындарыңа барып жайланып отыруға шақырамын. Алдымен жақсылап тыңдап алыңдар, біздің тапсырмамызда тастарды өлшеу, ұстап көру, суға салу керек болғандықтан сақтану шарасын ұмытпайық.  

1- ші тапсырма

Тастың сыртқы қасиетін анықтау.

Балалар тастарды алады, үлкейткіш шынымен қарап көреді, беттеріне тигізеді, қолдарымен сипап көреді. /Алдарында сызба берілген, сол сызбадан, бұжыр, тегіс белгілерін тауып белгілейді   :  

                          /

Сызбаға белгілейді.

Шешімі: Тастар бұжыр, тегіс, қисық, түзу болады.

   2-ші тапсырма

  Түсін және пішінін анықтау.

Балалардың алдында түстері , салмағы, пішіні әртүрлі тастар жатыр. Балалар қарайды.Тастар қандай болады – деген сұраққа жауап іздейді.

                                                     

Сызбаға белгілейді.

Шешімі: Тастардың түстері әртүрлі, пішіні әртүрлі, салмағы да әртүрлі болады

3-ші тапсырма

Өлшемін / размер/ анықтау.

Ең үлкен, ең кіші, ортаншы тастарды табу.  Салыстыру арқылы, екі алақанын пайдалану арқылы тастарың размерін анықтайды. Үлкен тас  алақанға сыймайды, ал кіші тас алақанының ішінде көрінбей қалады.

                                        

                                                          

       Үлкен                    ортаншы              кішкентай

Сызбаға белгілейді.

Шешімі: Тастар өлшемі бойынша әртүлі болады.

Сергіту сәті:

Жолмен келе жатып, таптым көп тасты

Отырдым, жинап алдым сұр тасты

Оңға бұрылдым, таптым шұбар тасты

Отырдым, алдым, шұбар тасты

Солға бұрылдым , таптым ақ тасты

Отырдым, жинап алдым ақ тасты

Жолмен келе жатып, таптым көп тасты

Қуанышпен бақшама ала келдім тасты.

4-ші тапсырма

Салмағын анықтау.

Алдын ала  киім ілгіштен жасалған таразыға  салып тасты өлшеп көреді.

Тастар әртүрлі, ауыр да жеңіл де болады.

 

Шешімі: Тастар салмағы бойынша әртүрлі.


Сызбаға  белгілейді.

Шешімі: Тастар салмағы бойынша әртүрлі.

5-ші тапсырма

Температурасын анықтау.

Балаларға қызықта, ауыр тапсырма беріледі. Тастың температурасын анықтау. Ол үшін балалар, кішкене тасты алақандарына салып қысады. Үрлейді. Тас жылы. Ал, үлкен тас жылымайды.

Шешімі: Тас тұрған жерінің температурасын қабылдайды, кіші тас тез жылиды, ал үлкені көбірек.

Сызбаға белгілейді. Үлкен тас суық, кіші тас тез жылынады.

    6-шы тапсырма

Батады, батпайды.

Балалар алдарындағы екі ыдыстағы суға бірі тасты , бірі ағашты, бірі көбік тасты салып  көреді. Тас батып кетті. Қалғандары батпайды,  себебі тас ауыр.

                                                           

                                                                            

 Сызбаға белгілейді.

Шешімі:  Тас ауыр, сондықтан суға батады. Ағаш жеңіл, суға батпайды.

Балалар сызба бойынша қорытынды жасайды.

Мыс  тауының ханшайымы келіп балаларға алғысын айтады.

Балалар, сендер тастар туралы талай нәрсе біліпсіңдер, енді сендерге мен тастардан жасалған бұйымдарды көрсеткім келеді. Көрмеге апарып, тастан жасалған бұйымдар мен олардың суретін тамашалайды.

Көрмеден кейін балалар ортаға жиналады.

Рефлексия:  Тақтаға «!» белгісі мен «?» белгісі ілінеді. Балалар өздері таңдаған таңбасының жанына барып, өз ойларын айтады.  Не үйрендім, нені білдім, нені әлі де үйренгім келеді десе «!» белгісін таңдайды. Ал, түсінбегенім көп десе«?» белгісін таңдайды.

          

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *