№215 орта мектебінің ашылу салтанатына арналған кеш сценарийі
Тақырыбы: Сырдың ұлы перзенті (Исатай Әбдікәрімов 90 жаста)
Өткізілетін орны: мектеп кітапханасы
«Қызылорда вальсі» әні орындалып тұрады.
Жүргізуші:
Көрген адам келбетіңе қызығар,
Көктемі – уыз, жазы – қымыз, күзі – бал.
Теңеуі жоқ шежірелі қала бұл,
Талай тұлпар, тарландардың ізі бар.
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар, бүгінгі кеш қонақтары!
Ежелгі Сыр өңірі – көне дәуір көзі, мәңгі өшпеш те өлмес мұраларының асыл көмбесі. 1925-1929 жылдары Қызылорда қаласы Қазақ Республикасының астанасы болды. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Сыр – Алаштың анасы» деп айтқандай бүгінгі мереке күнінде «Сыр топырағында туып, еліне қалтқысыз қызмет жасаған, өмір жолы өнеге болған алдыңғы ұрпақ өкілдерін еске алып, құрмет тұту үшін ұйымдастырылған «Сырдың ұлы перзенті» (Исатай Әбдікәрімов 90 жаста) атты шараға қош келдіңіздер!
Әбділдә Тәжібаев «Исатай ініме» өлеңі оқылады.
Жақсы едің-ау бауырым, өзім едің,
Жасың толған жайдары кезің еді.
Артым шуақ алдым жаз деп жүргенде,
Не бір нәрсе күтпеген кезігеді.
Мейірімді едің еліңе сүйікті едің,
Еркек шығар әр кезде-ақ биікте едің.
Үлкеніңе іні едің, кішіге аға,
Жамандыққа біреуін қиып па едің.
Сүюші едің жидеңді, шеңгелді де,
Сүюші едің ағаңды, жеңгеңді де.
Сырдың бойын жағалай жайлаған жұрт,
Сені өзінің ұлынан кем көрді ме?…
Көгертем деп аңызақ ақ топырақты,
Фархатым боп жасыңда кетпен шаптың.
Арман қылып суретін көруші едің,
Сыр бойында орнайтын – Иран бақтың.
Жүйрік еді хиялың, биік еді,
Жүрегіне жұртыңның ұйып едің.
Жақсылардың көзінде алтын сақа,
Жамандардың көзіне күйік едің.
Өсер ұрпақ – көк шыбық ырза, саған,
Құрбың да ырза Сыр суын бірге кешкен,
Ағаң да ырза шаршамай жыр қашаған.
Жүргізуші:
Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды. Мемлекет бар жерде, ел бар жерде оны басқарған, бар жауапкершілікті мойнына алып, оның дамуын қамтамасыз еткен көпшілік үшін өзінің қарым-қабілетін, білімін, тіпті өзінің мүддесі мен денсаулығын да ұмыта отырып, адал қызмет еткен ел ағалары, білікті басшылар, атпал азаматтар, ер тұлғалар да болды.
Шын мағынасында ел басқарған ел ағасы болу мен ел басқару өнері – екеуі екі нәрсе. Олардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігі ақиқат. Ел басқарған ер тұлғалар халық арасынан шығады. Ел басқару, елдің сенімінен шығу, алғыс иелену кез келгеннің қолынан келе бермейді. Өнегелі өмір кешті, кейінгі ұрпақ айта жерер ісін қалдырды.
Қызылорда жерінде білімді, қабілетті басшы болған, халықты ұйымдастыра білген, бүкіл елдің құрметі мен алғысына бөленген, абыройлы еңбек еткен аудан, облыс басшылары аз емес. Олардың ішінен ерекше азаматтық, парасатты қасиеттерімен ел есіне сақталған, қадір-құрмет тұтып дәріптеуге тұратын аға ұрпақтың бірі – Исатай Әбдікәрімов.
Қасиетті Сыр өңірінде туып-өскен, Қызылорда облысының бірнеше ауданын, облысын және еліміздің Жоғарғы Кеңесін басқарған, көп адамның маңдайына біте бермейтін асыл қасиет – тектілік пен жан тазалығын өмір бойы серік еткен, сүрінгенді сүйеп, демеу берген, көптің алғысын арқалаған үлкен жүректің иесі – Исатай Әбдікәрімов.
Текті тұлға, артына өшпес із қалдырған ел азаматы қасиетті Өзгент жерінде 1923 жылы дүниеге келді. Өзгент жері тарихи да, киелі топырақта дүниеге келген Исатай жастайынан тірлік талқысын көп көріп, өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңды, еңбек пен бейнеттіде, қуғын-сүргінді де, қиянатты да, нардың белін қайыстыратын қайғы-қасіретті де көрді.
Оқушылар өмірдеректен сыр шертеді. (баяндама, реферат т.б).
Заманының тұлғасы болған Исатай Әбдікәрімовтің бейнесі күн өткен сайын биіктеп барады. Өз ісімен артына өшпес елеулі із қалдырды. Ұлы перзентінің еліне сіңірген ерен еңбегін ел жадында мәңгі сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі шараны қорытындылау үшін мектеп кітапханашысы Бисен Дәуренбекова беріледі.
Бүкіл саналы ғұмырында адал да таза, абыройлы еңбегімен қоғамның да, халықтың алдында сүрінбей, сыртынан да соңынан да қолайсыз сөз ерпей, кейінгіге үлгі боларлықтай із алдырған ағамыздың өмірі бізге өнеге болмақ.
«Қызылорда» әні орындалады.
Сау-саламатта болыңыздар!
[bws_related_posts]
Ілмек(Исатай Әбдікәрімов 90 жаста) Сырдың ұлы перзенті